33. Алкоголизм(анықтамасы, клиникалық кезеңдері, диагноздың негізгі критерийлері) Алдың алу және терапия әдістері.
Алкоголизм - медициналық тілмен айтқанда созылмалы ауру, спирттік ішімдіктерді жиі және көп мөлшерде қолдану және оларға деген дертті әуестік нәтижесінде дамиды. Алкоголизмнің әлеуметтік анықтамасы –денсаулыққа, тұрмысқа, еңбекке және қоғам сәттілігіне зиянды әсер тигізумен жүретін спирттік ішімдіктерді шектен тыс пайдалану.
Алкоголизм үдемелі ағыммен және алкогольге патологиялық әуестік, абстенентті синдром, мастану көрінісінің және толеранттылықтың өзгеруі, өзіне тән тұлғалық өзгерістердің дамуы, токсикалық энцофалопатия тәрізді психикалық және соматикалық бұзылыстардың жиынтығымен сипатталады. Аурудың белгілі бip кезеңінен бастап психопатологиялық көріністер невриттермен және iшкі мүшелердің ауруларымен (жүрек-қантамыр жүйесі, асқазан-ішек жолының ауруларымен) қоса жүреді.
Алкогольді шектен тыс қолдануды суреттеу ежелгі заманнан бар және сақталып қалған ескерткіш жазбалардан көруге болады. Аристотельдің еңбектерінде маскүнемдік – дерт екендігі көрсетілген.
ХІХ ғ. ортасында К.М. Бриль-Крамер алғаш алкоголизм көріністерін жүйелі түрде суреттеген. Сол кезеңде алкоголизмнің әртүрлі формаларын бөліп, ажыратуға талпыныстар жасалған. Сонымен маскүнемдік, «ойномания», «салынып ішу» аурудың біріншілік белгісі деп қарастырылды. Салынып ішумен жүретін қандай-да бір психикалық ауру (шизофрения, эпилепсия және т.б.) фонында пайда болатын ерекше формасы - дипсомания – екіншілік маскүнемдік деп қарастырылды.
Сонымен өткен ғасырдың ортасынан-ақ созылмалы алкоголизм өзіне тән симптомдары бар жеке нозологиялық форма ретінде қарастырылды.
XIX және XX ғғ. арасында алкоголизм алкоголді шектен тыс пайдалану нәтижесінде дамитын психикалық және физикалық бұзылыстардың жиынтығы деп қарастырды. Психикалық бұзылыстарына тітіркенгіштік, тұлғаның этикалық және интеллектуальды деңгейінің төмендеуін, патологиялық қызғанышты, өз жаман әдетін тастауға қабілетсіздікпен көрінетін ерік әлсіздігін жатқызды.
Шетелдік авторлар алкоголизм мәселесінің әлеуметтік-этикалық тарапына көп көңіл бөліп, алкоголизммен науқастарды ішкіліктің нәтижесінде өзіне, жанұясына және жалпы коғамға зиян келтіретін тұлғалар деп санады.
Алкоголизм – еңбекте тиімділіктің жоғалуына, жанұялық қарым-қатынастың және қоғамдық өмірдің бұзылуына, физикалық және психикалық денсаулық бұзылыстарына алып келетін мөлшерде және жиілікте алкогольді шектен тыс қолдану нәтижесінде дамитын ауру. Алкоголизм тұрмыстық маскүнемдіктен анық көріністерімен және биологиялық негізделген белгілерімен ерекшеленеді. Алкоголизм әрқашан тұрмыстық маскүнемдіктен басталады. Тұрмыстық маскүнемдік, алкогольді әдеттегі шектен тыс қолдану - бұл әрқашан әлеуметтік-этикалық ережені бұзу болып табылады. Сондықтан маскүнемдік профилактикасы административті-құқықтық және тәрбиелік сипаттағы шаралардан тұруы керек. Маскүнемдікпен салыстырғанда алкоголизм ауру болып табылады, ол әрқашан медициналық сипаттағы белсенді іс-шараларды, емдік-реабилитациялық шаралар комплексін қажет етеді.
ДДҰ-ның, отандық және шетелдік авторлардың мәліметтері бойынша алкоголизмнің таралу көрсеткіші жоғары дамыған елдерде 1000 адамға шаққанда 10-нан 100-ге дейін науқас санына сәйкес келеді.
15 экономикасы дамыған елдер арасындағы таңдамалы зертеулер (Англия, Дания, Канада, АҚШ, ФРГ және т.б.) алкоголизмнің орташа жылдық таралу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 1900-1929 ж.ж. 0,3-тен 1930-1940ж.ж 3,3-ке дейін және 1956-1975 ж.ж. 12,3-ке дейін өскенін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |