1. Психиатрияның мәні мен міндеттері. Клиникалық психиатрияны дамытудың негізгі кезеңдері


Алкоголизммен науқастар емінің схемасы( терапия әдістері)



бет37/44
Дата12.12.2023
өлшемі229.11 Kb.
#486212
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Психиатрия жауаптары (копия)

Алкоголизммен науқастар емінің схемасы( терапия әдістері)
І. Психотерапиялық әдістер және микросоциальды ортаны өзгертуге бағытталған әдістер.
ІІ. Медикаментозды терапия:
1. Дезинтоксикациялық терапия.
2. Седативті терапия.
3. Ішкі ағзалардың қызыметін қалыпқа келтіретін терапия.
4. Сенсибилизациялаушы терапия.
5. Шарттырефлекторлы терапия.
Алкоголизммен науқас емі науқастың өз дертін саналы түсінуіне, оның бұрынғы қоршаған ортасына қарым-қатынасын қайта құруға, ал кейде алкоголь қолдануды толықтай болдырмайтын тұлға өмірінің бүкіл мәнін өзгертуге бағытталуы керек. Бұл психотерапияның әртүрлі әдістерімен және микросоциальды ортаны өзгертумен іске асырылады.
Дәрілік терапия алкогольге әуестікті демеп тұратын патогенетикалық механизмдерді қайта құруға бағытталған. Оған кальций тұздарын, әсіресе кальций хлоридін, глицерофосфатты, магний сульфатын қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұлар тек тұз алмасуын қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар эмоциональды кернелісті басып, седативті эффект көрсетеді. Инсулинің аз мөлшерін тағайындау алкогольдың толық жанбау өнімдерінің тотығуын жылдамдатуға ықпал етеді.
Сонымен бірге психикалық үрдістерді реттеу қажет, ол үшін психотерапиямен қатар жеңіл транвилизаторларды тағайындау керек: кернеліс күйін, жабырқауды, үрейді жоятын седуксен, тазепам, грандаксин.
Ішкі мүшелердің бұзылған қызметін қалыпқа келтіруге және ағзадағы витаминдік құрамды, әсіресе В тобының витаминдерін қалпына келтіруге ықпал ететін ем тағайындалады.
Нақ алкогольге қарсы дәрілік терапия, оған жиіркеніш сезімін тудыруға, ағзаның оған сеңсибилизациялануына бағытталған. Алкогольге жиіркеніш сезімін шартты рефлекс туындату тәсілімен шақырады. Жиі апоморфинотерапия әдісімен алкогольге деген жүрек айну - құсу реакциясын туғызады. Науқастың тері астына құсу шақырғанға дейін 0,2 ден 1,5 мл-ге дейін 1 %-дық апоморфин ерітіндісін енгізеді (мөлшерін күн сайын 0,1 мл-ге көбейтіп отырады). Құсуға жақындағанда науқасқа 50 мл алкогольді ішімдік береді. Ем алкогольге шарттырефлекторлы құсу реакциясы берік қалыптасқанға дейін созылады.
Алкогольге ағзаның сенсибилизациялануына антабус (антэтил, тетурам және т.б.), кальций карбамиді цитраты, метронидазол, фуразолидон және басқа препараттарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Тетурам - алкогольге сенсибилизациялайтын аса кең тараған препарат. Оның әсері тетурамның (антабус) адам ағзасында алкоголь метаболизмінің қалыпты (тотығуын) үрдісін ацетальдегид сатысында үзуіне негізделген. Организмде жиналған ацетальдегидтің токсикалық әсері тетурамалкогольдік реакция пайда болуына алып келеді: тері жабындысының қызаруы, тыныс пен жүрек соғысының жиілеуі, артериалдық қан қысымының төмендеуі, үрей және қорқыныш сезімдерінің пайда болуы және т.б.
Антабуспен емдеуге төмендегідей қарсы көрсеткіштер бар: полиневриттер, ІІ-ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру, ауыр қантамыр аурулары, бауыр циррозы, жаңа пайда болған және тіндердің ыдырауы сатысындағы туберкулез, процессуальды психикалық аурулар.
Эфект ұзаққа созылуы үшін антабуспен курсты ем жүргізіледі, ем күніне 0,25-0,5 г дозадан басталып, емнің 3-5 күндерінде антабусты-алкогольдік сынамалар (30-50мл арақ беріледі) жасалады. Емнің бір курсы 3-5 ретке дейін сынамадан тұрады. Кейін науқасты күніне 0,5-0,25 г антабус мөлгерімен сүйемелдеуші терапияға ауыстырады.
Алкогольге қарсы емнен кейінгі ремиссия ұзақтығы туралы авторлардың арасында ортақ пікір жоқ. Ол әртүрлі факторларға тәуелді. Дұрыс ұйымдастырылған ем және медико-әлеуметтік бақылау алкоголизм кезіндегі терапиялық ремиссиялардың мерзімін едәуір ұзартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет