1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Медициналық сұхбат құрылымы



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

25. Медициналық сұхбат құрылымы 
1. Пациентпен сəлемдесу. Сəлемдесу түрі науқастың жасы мен əлеуметтік 
тəжірибесіне сай болуы тиіс. Вербалды сəлемдесу вербалды емес түрмен 
бірге жүруі керек: күлімдеу, бас изеу, қол алысу. 
·Танысу. Егер кездесу бірінші рет болса, дəрігер өзін таныстыруы тиіс. Бұл 
дəрігердің есімі кабинеттің есігінде жазулы тұрса да, психологиялық 
тұрғыдан маңызды болып келеді. Егер дəрігер кездесуге ертерек дайындалған 
болса, науқастың атын білген жөн, науқаспен аты-жөні бойынша сөйлесу 
сенімге негізделген қарым-қатынастың орнауына мүмкіндік жасайды.
·Кіріспе комментарийлер. Дəрігер кездесу барысында шешілуі керек негізгі 
сұрақтарды, кездесу мақсатын қысқаша сипаттайды. 
·Пациенттің мəселелерін еркін қалыптастыру. Дəрігер мен пациент мəселені 
бірдей түсіне білулері керек. 
2) Пациентпен сұхбат. 
·Сұхбат кезінде ашық жəне жабық сұрақтардың балансы. Сұхбат басында тек 
ашық сұрақтарды қою керек. Сұхбат ортасында сұрақтардың екі түрін, ал 
соңында тек жабық сұрақтарды қою қажет, себебі интервью созылып кетуі 
мүмкін.


·Пациенттің айтқанын нақтылау. Бұл сұхбаттың сапасы мен ақпараттылығын 
қамтамасыз етеді. 
·Белсенді тыңдау. Пациентке мұқият тыңдап отырғанды вербалды жəне 
вербалды емес түрде көрсетіп отыру керек. 
·Сұхбат кезінде дұрыс үзілістер жасау. Пациенттің ішкі күйзелістерін 
анықтауда өте маңызды. 
·Пациенттің мəселелерін жəне не күтетінін анықтау. 
·Жиналған ақпаратты қорытындылау жəне гипотезаны ұсыну. 
3) Сұхбатты басқару. 
·Пациент өз мəселелерін нақты сипаттап бергендегі позитивті қолдау. 
·Пациентті керек кезде тоқтатып, қажет арнаға бұру. 
4) Ақпарат беру дағдысы. 
·Дəрігердің алынған нəтижелерді қорытындылау қабілетін көрсетеді. 
5) Сұхбат соңы. 
·Бұл сəтті дəрігер анықтауы тиіс. Сұхбатты дұрыс аяқтау үшін дəрігер 
науқасқа вербалды емес белгілер беруі қажет (жазбаларды жабу, белсенді 
тыңдауды тоқтату). Кейін вербалды белгілер арқылы жеткізу керек 
(«сонымен», «қорытындылай келе» т.б.). Науқастың тағайындалған еммен 
келісетіндігін байқау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет