1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Медициналық сұхбатқа кіріспе: пациентті сұрастыруға дайындық



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

26. Медициналық сұхбатқа кіріспе: пациентті сұрастыруға дайындық, 
өзара түсіністікті қалыптастыру, науқастың дəрігерге келу себебін 
анықтау. Пациенттен сұрастыруды жүргізу. 
Дəрігердің науқаспен жақсы əңгіме-сұхбат құруы, дұрыс диагноз қоюдың, 
науқастың қанағаттануынын алғы шартты болып табылады. Одан əрі 
науқастың қобалжуы төмендеп, ол дəрігердің барлық ұсынысын орындайды. 
Əңгіме барысында медициналық терминдерді қолданбау,науқастың дəрігерді 
толық түсінуіне көмектеседі. Дəрігер нұсқауы нақты, əрі қарапайым болуы 
тиіс. 
Науқаспен амандасу жəне өзіңізді таныстыру. 
«Қайырлы таң А.Қ....Кіріңіз отырыңыз. Менің аты-жөнім...» 
1. Науқасқа өзінің шағымдарын айтуды ұсыну. 
«Сонымен, менің сізге қандай көмегім қажет?» Немесе 


«Сізді қинап, мазалайтын не жағдай екенін айта беруіңізге болады». 
Бұл науқасты əңгімеге тартып, оның өз қиындығын сізге қалай дұрыс 
жеткізсем болады деген қиналасын сейілтеді. 
Мысалы: 
*Дəрігер ілтипатты екен, яғни менің қиындығымды тыңдауға, маған көмек 
беруге дайын екен. 
Пациенттің сізге келу себебін анықтау. Ол мына нəрселерден тұрады: 
▪ Проблеманың табиғаты мен тарихынан; 
▪ Олардың этиологиясынан (себебінен); 
▪ «Пациенттің ойларынан», проблемасынан жəне не күтетінінен; 
▪ Проблеманың ықпалынан; 
1. Басқа проблемаларды қарастыру үшін: 
Жалғасып келе жатқан проблема; 
Қауіп факторы. 
2. Əр проблемаға қолданылатын тиісті шараларды пациентпен бірлесе 
отырып таңдау. 
3. Пациентпен бірге проблеманы жалпы түсінуге тырысу. 
4. Пациентті емделуге шақыру жəне тиісті жауапкершілік танытуын талап 
ету. 
5. Уақытты пайдалану: 
Кеңес беру кезінде; 
Ұзақ уақыт бойы 
7. Пациентпен қарым-қатынасты үзбеу, бұл басқа да мəселелерді шешуге 
көмектеседі. 
Мысалдарды пайдалану. 
Дəрігердің тəжірибелік іс-əрекетіне өмірден алынған мысалдар мен өзінің 
басынан өткен жағдайлар көп көмегін тигізеді. Олардың көмегімен науқаспен 
тез тіл табысып кетуге болады. Мысалдар қарапайым əрі медициналық 
терминдер қолданылмау баяндалуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет