1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың логикалық амалдары: салыстыру



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

6. Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың логикалық амалдары: салыстыру, 
талдау, синтез, абстракция, жалпылау, нақтылау. 
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатынастарының миымызда жалпылай жəне жанама түрде сөз арқылы 
бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер 
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек 
ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің 
заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ 


қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі 
құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере 
алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға көшу қажет. 
Адамның ой-əрекеті, əсіресе, түрлі мəселелерді бір-біріне жанастыра отырып 
шешуде өте жақсы көрінеді.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. 
Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан 
тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған 
мəліметтерді өңдейді.Адамның ойы əрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу 
екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой 
толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дəйектелініп, дəлелдене 
түседі.Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына 
төмендегі жағдайлармен байланысты: 
1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша өздігінен пайда 
болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мəселені шешу; 
2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті əдіс жолдар қарастыру. 
3) Мəселені шешу үшін ой əрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын 
(гипотезасын) белгілеу; 
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тəжірибеде сынап көру. 
Адам ойдың дұрыс немесе бұрыс екенін білу үшін оны əр түрлі жолмен 
шешіп, тəжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы 
айналасындағы дүниемен, адамның тəжірибесімен байланыссыз болса, 
олармен үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Адам 
ойлаған уақытта оны жеті рет өлшеп, бір рет кескені абзал. Егер, адам мəселе 
шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе, 
онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды.Адам 
сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да 
жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық əрекетпен байланысқан сан-
салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни 
шындығы мен қүдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде 
дəлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды 
орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауыны 
зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нəтижесі. Ойлау заңдылықтары мен 
ережелері сансыз қайталаудың жəне тəжірибеде тексерілудің нəтижесінде 
адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау адамның сыртқы 
дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам 
ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат 
қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында 
жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан 
əлеуметтік болады. Адам кез келген мəселелерді шешерде, тəжірибеде 
ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. Ғылым, техника, 


өндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның 
ғана емес, көптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше 
ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нəтижесі. Ойлау процесі 
бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бір нəрселерді түсіндіру, 
тану керектігінен басталады. Бұл ойлау əрекетінің бірінші кезеңі. Ол 
адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. 
Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау 
процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет: 
1) Жаңа нəрсені белгілі нəрседен айыра білу; 
2) Бұл жаңа жəне бейтаныс нəрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу. 
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші жəне екінші 
сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі.Ойлау – ми 
қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нəтижесі, 
мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль 
аткарады. Екінші сигнал жүйесінде нерв жүйесі қызмеіінін өз алдына дербес 
заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары 
бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал 
жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші 
сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. Ғылыми-техникалық прогресс 
"ойлайтын" машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар 
(оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нəтижесін 
бағалай алады, программаланған нəрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға 
да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сəйкес мəтінді бір тілден 
екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне, яғни кодқа 
айналдырады. Мəселен, осындай машина дойбы да "ойнайды". Ол адамды 
ұтып кетуі де мүмкін, Бірақ оқып үйрену қабілеті жөнінен машина адамнан 
аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі əлдекайда жеңіл. 
Адам өзін машинаға ұтқызбас үшін, өз өнерін жетілдіріп отыруы тиіс. 
Машинаға тəңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бəрін машина 
істейді, ал адамдар қолын қусырып, əзір асқа ие болып қарап отырады 
дегенді айтады, Бұл - сөз енжар, əрекетсіз адамның сөзі. Машинаның алдына 
тиісті міндет қойып, оған программа беретін - адам. Осы міндетті қоя білу 
үшіг адамға мол білім қажет. Машинадан "ақыл" үйренуге болмайды, онда 
"ақыл" жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы - адамның оны дұрыс 
пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға өз ойлауын үнемі жетілдіріп 
отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами 
түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Əркашанда 
идеяның иесі болумен бірге, машинаға тəуелді болып қалмау жағын да 
қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет