жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау
абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау дегеніміз - бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін
оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба
білу керек. Мəселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. Ұқсас белгілері жиналып
келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау арқылы
шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша
орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді.
Жүйелеудің жоғары түрі - классификация. Жүйелеуде заттар мен
құбылыстарды топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай
жүргізілмейді. Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші топтар мен
бөліктерді саралайды. Мəселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бəрі
жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр
тағы жануарларға жатады. Сол сияқты жануарлар - типке, типтен - класқа,
кластан - отрядқа, отрядтан - отбасыға, отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б.
жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді
белгілі классификацияға келтіруге болады. Жүйелеу ой тəсілі қазақтарда
ерекше дамыған. Мəселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), тұщы
(қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың
жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ,
шағыр, изен т. б. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқыға - боз, қияқ,
беде, ебелек, бидайық т.б. бөлген.
Достарыңызбен бөлісу: