əдістеме бойынша өткізіп, жəне де тəжірибені өткізу үшін зерттелушінің
тиісті құжаттарын дайындау қажет.
Зерттеуші - зерттеу объектісін өзі таңдап, оны жан-жақты зерттейді.
Зерттеуші:
•
Эксперименттің нəтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу;
•
Эксперимент нəтижелері сандық жəне сапалық өңдеуге, математикалық
есептеулерге ерекше мəн беруі қажет;
Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент -
табиғи эксперимент əдісі деп аталады. Табиғи эксперименттің негізін салған
орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің
эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.
Эксперимент - психологияға əсер ету, оны өзгерту құралы ретінде
пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп
аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тəсілі, сонымен
қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру əдісі қызметін атқарады.
Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге
зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін
салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-
моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын
зерттеуді қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент
шəкірттерді тəрбиелеу мен оқытуды дамытушы əдіс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: