анықталған. Сыртқы дүниенің заттары бір ғана анализатормен түйсінілмейді.
Бір сезім мүшесіне түскен əсер қалған сезім мүшелеріне де əсер етеді.
Түйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің құбылыстарын
толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дəм түйсігі (қышқыл
нəрсе) көру сезгіштігін арттырады, тұз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың
өзі тəтті болып көрінеді. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс
түйсіктерінде де көп байқалады.
Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа түйсікті қоздыруы.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына
сол сəтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мəселен,
кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дəмдер мен түстерді
де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен - жылылықты,
екіншілері көгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша
қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипап сезу, иіс, дəм
түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе
бермейді. Синестезия - түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс
дамыған бір көрінісі.
Адаптация. Сезім мүшелерінің сезгіштігі əсер ететін тітіркендіргіштерге
біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің
бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Өмірде адаптация
кұбылысы əр адамға жақсы таныс. Мысалы, адам суға түскен алғашқы
минуттарда оған су суық болып көрінеді. Суықты түйсінуден арылған соң, су
жылынғандай болып, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде
тез төселіп, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады. Сол сияқты көру
талдағышы қараңғылыққа жəне жарыққа адаптациялануды ажыратады.
Жарық жерден қараңғы үйге кіргенде көз қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл
қарашықтан өтетін жарық мөлшері де 17 есе көбейеді деген сөз. Қараңғыда
көздің көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалар күшті
əсер етеді. Адаптация иіс түйсіктерінде түрлі деңгейде көрінеді. Мəселен,
камфараның исі 1-2 минуттан кейін сезілмейтін болса, ал қыша мен нашатр
спиртінің иісіне бейімделу тезірек болады. Ауырсыну түйсіктеріндегі
адаптация өте əлсіз, ауырсыну ағзаның қалыпты жұмысының ауытқуын,
оның биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация - үнемі өзгеріп отыратын
сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе
алатындығын байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: