1. Психикалық үрдістер туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

Ой операциялары (тəсілдері). Ой тəсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, 
нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру. 
Анализ деп - бүтінді бөлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. 
Адам өзінің күнделікті əрекетінде заттар мен нəрселерді алдымен бөлшектеп, 
талдап отырады, Адам нəрсені бөлшектеумен ғана тынбайды, кейін 
бөлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып 
отырады. Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге 
айналдыруды айтады. Анализ бен синтез қатар жүріп отырады табылады. 
Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі 
ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мəселен, 
мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, 
кейіннен осы бөліктерді белгілі тəртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) 
болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да 
осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген.Адам 
ойлауына анализ бен синтездің дəрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, 
білім, тəжірибе т. б.) əр қилы көрініп отырады. Мəселен, бөбектің қағазды 
екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. 
Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды 
екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің 
салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тəсілі ретінде көрінеді. 
Салыстыру. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой 
операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын айқындау. Əдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар 
салыстырылады. Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын 
көреміз. Əйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді. Мəселен, мұғалім 
балаларды жазуға үйреткенде əр бір əріптерді жеке жəне ұқсас əріптерді П 
мен Н, Ш мен Щ-ны салыстырып көрсетеді. Топтау салыстырудан барып 
шығатын күрделірек операция. Басты жəне қосалқы ұқсас белгілері негізінде 
заттар топтастырылады. Мəселен, кілтпен бұрап жүргізетін ұшақты бірде 
металл бұйымдарға енді бірде ойыншықтарға, енді бірде модельдер тобына 
жатқызуға бролады. Ойлау операциясының келесі түрі абстракция. 
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі 
қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. 
Мəселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді "төрт бұрыш" 
деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, 
қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде "ақшыл" деген сөзді алсақ, бұл 
да абстракциялық ұғымға жатады. 
Абстракцияға қарама-қарсы процесті - нақтылау деп атайды. Нақтылау - 
абстракциялық ұғымды соған сəйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, 
яғни жеке заттар мен нəрселер туралы ой. Мəселен, жылқы деген жалпы 
ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп бөлетін болсақ, мұндағы 


жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау 
абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. 
Жалпылау дегеніміз - бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін 
оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба 
білу керек. Мəселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. Ұқсас белгілері жиналып 
келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау арқылы 
шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша 
орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. 
Жүйелеудің жоғары түрі - классификация. Жүйелеуде заттар мен 
құбылыстарды топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай 
жүргізілмейді. Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші топтар мен 
бөліктерді саралайды. Мəселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бəрі 
жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр 
тағы жануарларға жатады. Сол сияқты жануарлар - типке, типтен - класқа, 
кластан - отрядқа, отрядтан - отбасыға, отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б. 
жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді 
белгілі классификацияға келтіруге болады. Жүйелеу ой тəсілі қазақтарда 
ерекше дамыған. Мəселен олар шөпті ащы (көкпек, изен, жусан т. б.), тұщы 
(қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бөледі. Шөптерді қай малдың 
жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, 
шағыр, изен т. б. қой жейтіндері: жоңышқа, қына десек, жылқыға - боз, қияқ, 
беде, ебелек, бидайық т.б. бөлген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет