15. Дəрігердің эмоционалды күйреуі туралы түсінік.
Эмоционалды күйреу синдромы психикалық қажудан пайда болады. Жəне де
кəсіби қатынасты тиімді орындау деңгейі төмендейді: дəрігер бұрынғыдай өз
жұмысын толық беріле алмайды, оның өзіндік бағалауы төмендейді, яғни
дəрігер өз істерін сəтсіз деп қабылдайды. Дəрігер, науқастың мазасыздығы
мен депрессивті ойларына мəн бермеуі мүмкін. Науқас жөнінде салқын
немесе немқұрайлы, тіпті өшпенділікпен айтуы мүмкін. Дəрігердің мұндай
дағдарысы уақыт өте келе қайталанып тұруы мүмкін. Сондықтан да,
науқастар мұндай дəрігерге барудан қашып, тіпті тəжірибесі аз, бірақ
ілтипатты дəрігерге баруды жөн санайды. Осындай дағдарыс кезінде
дəрігердің біршама демалып, кəсіби тренингтерге қатысып, психотерапевт
маманның көмегіне сүйенгені дұрыс. Дəрігер əйел адамдарда, ер адамдарға
қарағанда эмоционалды күйреу жиірек кездеседі. Эмоционалды күйреуге
түскен адамдарды əділетті, сезімтал немесе жұмсақ деп сипаттайды.
Сонымен қатар, олар эмоционалды тұрақсыз, көңіл күйі толқымалы жəне
тұйық болып келеді.
16. Психологиядағы белсенді тыңдау. Тыңдау стильдері: рефлексивті
емес, рефлексивті жəне эмпатикалық тыңдау.
"Белсенді тыңдау" дағдысы - əңгімелесушінің психологиялық жай-күйін,
сезімдерін, ойларын əңгімеге қатысудың арнайы əдістерінің көмегімен
дəлірек түсінуге мүмкіндік беретін, өз тəжірибелері мен ой-пікірлерін
белсенді білдіруді білдіретін əдіс. Белсенді тыңдау кезінде əр пациентке
дəрігер,пациенттің темпі жəне мінезіне қарай,əртүрлі стильдер қолданады.
Тыңдау стильдеріне: рефлексивті,рефлексивті емес жəне эмпатикалық тыңдау
болып бөлінеді. Рефлексивті емес тыңдау-пациенттің сөзін бөлмей,мұқият
тыңдау. Бұл тыңдау кезінде вербальді емес жесттер жəне қысқаша:
«Түсінемін», «Жалғастырыңыз,өтінемін», «Аха» деген сыңды сөздер
қолданысқа түседі. Рефлексивті тыңдау-дəрігер тыңдаған сөздерді дұрыс
түсінгенін нақтылау үшін көптеп сөйлеуі мүмкін. Бұл тыңдау кезінде
дəрігер:қайталайды,нақтылайды,сөздерді синонимдеріменен алмастырады
жəне қорытындылайды. Эмпатикалық тыңдау-пациенттің жай-күйін
түсінуге,оның ішкі сезімін,халін,жағдайын сезініп,пациентке оны
шыныменен түсінетінін тыңдау арқылы көрсету.
|