Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
М. Әуезовтің қазақ даласын, оның табиғатын сипаттаудағы шеберлігіне
талдау жасайды.
|
Автор қолданған көркемдік құралдар мен айшықтау
амалдарға талдау жасап, автор стилін анықтаңдар.
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
-Романды оқиды
- Көркемдік құралдар мен айшықтау
амалдарға талдау жасайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма:
«Абайдың шыққан биігі, Құнанбайдың иығы" деген сөздің мәнін ашады.
|
Берілген тақырыптың мінін ашу арқылы Абай мен Құнанбайдың ұстанымдарына баға береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Берілген тақырыптың мінін ашады.
- Абай мен Құнанбайдың ұстанымдарына баға береді.
|
ДК, Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
3-тапсырма.
Кері байланыс: «Білім пирамидасы» тапсырмасын орындайды.
|
Оқушылар есте сақтайтын ең қажет ақпаратты, көбірек білгісі келетін екі мәліметті, қызықтырған үш ақпаратты, білген төрт мәліметті жазады.
|
|