Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
Жазушының әдебиеттану ғылымына қатысты ғылыми еңбектерін атайды.
|
Жазушының көркем шығармалары жайлы оқиды. Арасынан әдебиеттану ғылымына қатысты ғылыми еңбектерін тауып атайды.
|
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
- Жазушының көркем шығармалары жайлы оқиды.
- Әдебиеттану ғылымына қатысты ғылыми еңбектерін тауып атайды.
|
11-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
2-тапсырма:
Роман мен роман-эпопеяға қатысты теорияны әдебиеттану сөздігінен қарас-
тырып, ерекшеліктерін ажыратады.
|
Тапсырманы орындау үшін әдебиеттану сөздігін қолданады. Іздеген сөздерін тауып, оларға түсініктеме береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Әдебиеттану сөздігінде ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
- Роман және роман эпопея сөздерін түсіндіретін салыстырмалы кесте жасайды.
|
11-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
3-тапсырма.
Шығарманың «Абай жолы» деп аталу себебін түсіндіреді.
Роман-эпопеяның бөлімдерінің атауына мән береді. Бөлімдерді
атаудағы жазушының философиялық мақсат-мұраты
қандай болғанына болжам жасап көреді.
|
Айтылым.
Жазушының көркем шығармалары жайлы оқып, шығарманың аталу себебін түсіндіреді. Бөлімдерді
атаудағы философиялық мақсат-мұратының қандай болғанына болжам жасап көреді. Тапсырманы орындау барысында, өз ойын жеткізу арқылы өзінің айтылым қабілетін жеткізіп үйренеді.
|
|