1-сабақ. Бөлім: 3-бөлім: Ғасырлық туынды


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет3/74
Дата03.10.2023
өлшемі0.66 Mb.
#479628
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Қазақ әдебиеті 3-тоқсан 11-сынып ЖМБ

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

1-тапсырма:
М. Әуезовтің өмірбаянын айтып береді.

Оқылым және айтылым.
Оқулықта берілген Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтерді оқиды. Түсінгенің мазмұндайды. Тапсырманы орындау барысында оқушының оқылым және айтылым қабілеті дамиды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Өмірбаянды оқиды.
- Ондағы басты оқиғалар мен негізгі ойды анықтайды.
-Түсінгенің қорытындылайды және мазмұндайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері




2-тапсырма:
Жазушының тырнақалды туындыларын атайды.

Жазушының өмірі мен шығармашылы жайлы оқып, оның басты туындылары жайлы айтады.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-Өмәрбаянды оқиды.
- Оқылым мәтіні бойынша керек мәліметтерді анықтайды.
- Жазушының тырнақалды туындыларын атайды.

Оқулық, жұмыс дәптерлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет