Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Тапсырма:
1. Қазақстанда қандай экологиялық мәселелер анықталған?
2. Қытайда шешімін таппаған қандай экологиялық мәселелер бар?
|
Тапсырмада берілген ашық сұрақты зерттеу жұмысын толық орындайды. Бірінші және екінші ашық сұрақтарға жауап береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 5 балл.
-Бірінші ашық сұраққа жауап береді.
-Екінші ашық сұраққа жауап береді.
-Зерттеу қорытындысын талқылайды.
|
10-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырма:
1. Қазақстан мен Қытай мемлекеттеріндегі экологиялық мәселелерді шешу үшін қандай бағыттағы жұмыстар жүргізу қажет деп ойлайсың?
2. Дүниежүзілік мұхиттың ластануына әсер ететін факторларды анықтаңдар.
|
Ашық сұрақтарға зерттеу жүргізіп, мәселелерді шешу жолдарын анықтайды. Сонымен қатар Дүниежүзілік мұхиттың ластануына әсер ететін факторларды достарымен талқылау барасында анықтайды.
|
|