1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Сырлы да сиқырлы аспан әлемі. Сан есім



бет65/71
Дата01.04.2024
өлшемі0.85 Mb.
#497224
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Қазақ тілі 4-тоқсан 5-сынып

Қысқамерзімді жоспар
12-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа саяхат

Бөлім:

10-бөлім. Саяхат және демалыс

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғарышқа саяхат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Кейбір оқушылар үшін:
Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.


Топтастыру.



Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Саяхатшы-ғарышкер деген кім?
2.Қандай саяхатшы-ғарышкерлерді білесіңдер?
3.Олар туралы мәлімет білесіңдер ме?

Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет