1 салық органдарының Қызметін


САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ



бет3/7
Дата14.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#136137
1   2   3   4   5   6   7

2 САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1. Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсумдерді талдау

Мемлекеттік бюджетке 2005 жылда 1022,3 млрд. теңге түсті. Ал салықтық түсімдер 965,801 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер - 565,5 млрд. теңгені қүрады.

2005 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 2063 млрд. теңгені қүрады, бүл 2003 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. тенге) деңгейінен 27,7 % артық. 2003 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. тенге) салыстырғанда кредиттерді есепке алғандағы шығыстар 42%-га өсті жөне 2004 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. тенге деңгейінде анықталды.

Есепті кезеңде Республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар (соның ішінде салықтар 93%) қүрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі 8%. Шығындардың негізгі бөлігі 35,2 % әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік қызметтер - 21,5% үлесінде.

Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 1047,78 млрд. теңгені, кредитті есепке алғандағы шығыстар 479,1 млрд. теңгені қүрады, бүл

2004 жылдың осы кезеңіне карағанда тиісінше 26% және 21,4% артық (түскені


386 млрд.тенге, кредитті есепке алғандағы шығыстар 394,5 млрд. тенге).
Бюджет профециті 7,2 млрд. тенге деңгейінде анықталды. 2005 жылдың 1
қаңтарына жергілікті бюджетке түскен түсімдердің қүрылымындағы табыстар
73,1% (соның ішінде 96,7% салық түсімдері) ресми трансферттер 25,3 %
қүрайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қарамағында жататын табыстар бойынша 2004 жылы 44,7 млрд. теңгеге артуымен 106,6%-ға орындалды. 642,7 млрд. теңге болжамымында мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес төлемдер 687,3 млрд. теңге түсім түсті, яғни жалпы табыс көлемінің 93,7%-ын қүрады.

Республикалық бюджетке болжам бойынша 20637006 мың. теңгеден аса 21166042,Змың. түсті. Болжам 102,6%-ға орындалды. Жергілікті бюджетке болжам бойынша 10477865 мың. жоспарланған болса, 11315963 мың. түсті. Болжам 108%-ға орындалды.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарамағына жататын

2005 жылы табыстардың жалпы түсімдері 3215405 мың. теңгені қүрады. Осы
себептен 2004 жылмен салыстырғанда түсімдер артығымен 110,0%-ды құрады.
Өйткені берілген көрсеткіштер 2004 жылға қарағанда негізгі экспорттық
позицияға экспорттық бағалық коньюктура мейлінше жағымсыз әрекеттердің
арқасында қол жеткізілді. Бұл әкімшіліктендірудің артуы және салықтардың
жинатуының үлғаюуы бойынша қабылдаған шаралардың тиімділігін көрсетіп
отыр. Болжамның артық орындалуы мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің,
барлық негізгі бөлімдерімен қамтамасыз етіледі.

Кесте 1


Мемлекеттік және Республикалық бюджеттің орындалуын салыстырмалы

талдау


млн.теңге

Бюджет

Статьясының

Аталуы


Мемлекеттік бюджет

Республикалық бюджет

бір

жылға


бекітіл

ген


бюджет

2005

жылда


ғы

орын


далуы

Бюд

жеттің


орын

далу


%

2005ж

2004ж


%

қаты


насы

Бір

жылға


бекі

Тілген


Бюд

Жет


2005

жыл


дағы

орын


далуы

Бюд

жеттің


орын

далу


%

2005ж

2004ж


%

қаты


насьт

Түсімдер

774204

821153

106,1

110,0

525404

565275

107,6

115,9

Табыстар

757616

807845

106,6

110,1

465613

505702

108,6

129,3

Салықтық

700091

750777

107,2

118,1

415011

456219

109,9

145,6

түсімдер

























Ескерту: ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы корпорациялық табыс салығы бойынша болжам артығымен орындалып 103,3 % құрап отыр. Ал 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 122,7% көтерілген. Бұл өндіріс көлемінің өсуімен түсіндіріледі.

Кесте 2

1999-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасының бюджеті






1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Жалпы табыс

219395

242961

398592

598746

746612

821160

1022300

Салықтық түсімдер

159836

178124

330267

524058

635792

752785

965194

Ескерту: ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі

Жоғарыдағы кесте көрсеткіштердің соңғы жылдағы өсуінің негізгі себептеріне келесілері атап айтсақ болады: 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 2794,4 млрд. тенге болды, бұл 2004 жылғы қаңтар-желтоқсандағыдан 8,8%-ға артық, Өндірістің көлемі 2003 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде 8,8% , өңдеу өнеркәсібінде 8,9% , электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде 7,1% өсті. 2004 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы әнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 606,7 млрд тенге болып, 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1,4% артты. Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 928,4 млрд. тенге болып 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанымен

салыстырғанда 10% артты.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдары бюджет жүйесінің

барлық құрылымы өзгеріске ұшырады. Прогрессивті салық жүйесі құрылады,

ол инфляциялық процессті үстап түру мемлекеттік бюджеттің дефицитін табу

үшін өндіріс пен экономиканы көтеруге бағытталған.

1992 жылы бағаларды либерализациялау 1993 жылы айналымға ұлттық валюта теңгені енгізу, жеке меншік құқығын беру. Инфляциялық процестер мұнын бәрі мемлекеттік бюджеттің әр-жылда өзгеру сипатын көрсетті.

2005 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік

бюджетіне түскен түсім көлемі 1022,3 млрд. теңге (27,4%) болды.

Есеп берген кәсіпорындар мен үйымдардың деректері бойынша 2004 жылы қаржылық нәтиже табыс есебінде 52,1 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бүл 2002 жылғыдан 11,1% көп. Пайдалылық деңгейі - 13,5%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 38,6% болды.

2005 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 978,1 млрд. теңгені құрады (2004 жылдың 1 қаңтарында-672,4 млрд. теңге). Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде орта және үзақ мерзімді кредиттер үлес - 62,2%, шет ел валютасындағы кредиттердің үлесі -55,5%. 2004 жылдың 1 қаңтарында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 731,2 млрд. теңгені құрады, бүл 2004 жылдың 1 қаңтарындағыдан 21,2% көп, соның ішінде халықтың депозиттері (салымдары) тиісінше - 335,4 млрд. теңге болды, бүл 2003 жылдың тиісті кезеңдегісінен 33,8% көп.

2005 жылдың 1 қаңтарына кірістер бір жылға бекітілген бюджетке қатысты 102,6%-ға орындалған оның ішінде салықтық түсімдер 104,2%- ды құрайды. Салықтық түсімдердің құрылымындағы негізгі үлес корпорациялық табыс салығына тиеді 28,8%. Корпорациялық табыс салыры бойынша салықтық түсім 2003 жылы өткен жылмен салыстырғанда 30,4%-ға көбейген. Бүл өндірістің өсуімен, кәсіпорынның қаржылық қатынастарының жоғарылауымен байланысты, мүның барлығы кәсіпорынның бюджетпен уақытылы есеп айрысуын қамтамасыз етеді.

Негізгі салықтар мен төлемдер бөлімінде табыстарды қарастыру кезінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының үлесі елеулі түрде артып отырғанын төмендегі кестеден көруге болады. Бұл өз кезегінде салықтың әкімшіліктендіру деңгейімен өндірістің, сауда операцияларының көлемінің артуымен түсіндіріледі.


Кесте 3


Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің жалпы ішкі өнімнің

пайыздық көрінісі




2001

2002

2003

2004

2005 жыл

Жалпы табыс

19,8

23,0

23,0

21,7

25,7

Салықтық түсімдер

16,4

20,2

19,6

19,9

24,0

Ескерту: ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлімінің 80 пайыз шамасы салықтардан түсетін түсімдерден қүралады.

Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мәліметі бойынша бюджетке салық түсімдері құрылымында 2004 жылда түсімдердің негізгі бөлігі корпоративтік табыс салығынан (31,2%) жэне қосылған қүн салығынан (17,3%) түскен. Ал 2005 жылда бұл көрсеткіштер яғни, корпоративтік табыс салығы 32,5%-ды жэне қосылған қүн салығы 17,6%-ды қүраған. 2005 жылда корпоративтік табыс салығы 2003 жылға қарағанда 3,4%-ға кебейген, қосылған қүн салығы 3,9%-ға азайған, элеуметтік салық 2005 жылда бюджетке салық түсімдерінің 14,2% -ын қүрастырған, бүл 2004 жыл мен салыстырғанда 2,4%-ға азайған.

Мемлекеттік табыс кестесі 2000-2004 жж.

Сурет 1.


Мемлекеттік бюджеттің 2004 жылмен 2005 жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімнің 13,1 пайызға артқанын көруімізге болады. Оның ішінде бюджеттің табыс бөлігіне келетін болсақ, 2004 жылы салықтың түсімдер 1186137 млн теңгені құрды, яғни 13,2 пайызға кебейді, оның ішінде: заңды тұлғалардан алынатынкорпорациялық табыс салығы 382814млн теңгеге, жеке табыс салығы-98535 млн. теңгеге, әлеуметтік салық 167995 млн. теңгеге тең болды (кесте 4).

Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС, мемлекеттік төлем, консулдық жинақтар, су жэне орманды пайдалану төлемдері және жэне т.б. салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспары орындалмады.

Кесте 4

2004-2005 жж. Мемлекеттік салықтар мен төлемдердщ респуолика



бойынша түсімдері

млн. теңге



Төлемдердің аталуы .

2004ж. нақты

2005ж. нақты

Ауытқу лары

өсу қарқыиы %

1

2

3

4

5

Корпорациялық табыс салығы

351 703

487 175

135472

138,5

Жеке табыс салықғы

93281

98535

5254

105,6

Әлеуметтік салық

157676

167995

10319

106,5

Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

25835

30008

4 173

116,2

Жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық

1353

1 571

217

Г16,1

Жер салығы

5874

6294

419

107,1

Көлік қүралдар салығы

5098

5994

896

117,6

Ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС

80516

57782

-22 734

71,8

Ішкі өндіріс тауарларына акциздер, барлығы

21 760

21 894

134

100,6

Соның ішінде: - ішімдік өнімдеріне акциз

6007

5430

-577

90,4

- жанар май акцизы

10356

И071

716

106.9

Кедендік төлемдері жэне салық

198539

243 533

44993

122,7

Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері

100610

152393

51783

151,5

Мемлекеттік тәлем, консулдық жинақтар

7924

7818

-106

98,7

Жер елімін пайдалану төлемдері

5 159

5505

346

106,7

қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер

10582

13802

3220

130,4

Су жэне орманды пайдалану төлемдері

701

522

-179

74,5

Әр түрлі салық түсімдері

4255

6110

1 856

143,6

Салық түсімдерінің БАРЛЫҒЫ:

1 070 866

1 306 930

236 064

122,0

Ескерту: Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі «Статистикалық Бюллетень», 2005 ж.

Корпорациялық табыс салығының көбеюі, біріншіден, салық төлеуи заңды тұлғалар табысының көбейгенін, екіншіден, салық төлеуші тұлғала санының көбейгенін көрсетеді. 2005 жылда қосылған құн салығының және әлеуметтік салықтың азаюына салық саясатында 2005 жылдың қаңтарынан бастап, жекеленген салықтардың азаюы себеп болған, яғни, қосылған құнға салынатын салық ставкасы 16-дан кемітіліп, 15% болы бекітілді; әлеуметтік салық жұмыс берушілердің еңбекке ақы төлеу шығыстарыны деңгейіне қарай есептелетін болды.

1995-2005 жылдары арасында салық ауыртпашылығының деңгейі келес кестеде көрсетілген. Оның мөлшері бюджет кірістерінің жалпы ішкі өнімге ЖІӨқатынасы арқылы анықталады.
Кесте5

Қазақстан Республикасында салық ауыртпашылығының деңгейі



жылдар

ЖІӨ-нің өсуі, алдағы жылі а қарағанда, %

бюджет түсімдері, ЖІӨ-ге|

%


1996 г.

90,8

28,1

1997 г.

87,4

24,8

1998г.

91,8

21,8

1999 г.

100,6

17,5

2000 г.

101,7

24,2

2001 г.

98,1

21,9

2002 г.

102,7

19,5

2003 г.

109,8

22,6

2004 г.

113,5

25,1

2005 г.

.109,5

22,6

Ескерту: Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі «Статистикалық Бюллетень», 2005ж.
Кестеде көрсетілгендей, бюджет түсімдері ЖЮ-нің құрайды. Бұл Қазақстан Республикасында салық ауыртпашылығының деңгейі онша жоғары еместігін көрсетеді.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Қазақстан Республикасының 2005 жылға арналған республикалық «Бюджет туралы» заңына сәйкес бюджет кірісінің көлемі 1128444762 мың теңгені құрайтын болса, соның ішіндегі салық түсімдері 984195003 мың теңгені, яғни пайыздық көрсеткіште 87,2 %-ды қурайды.

Бүгінде республикамызда шаруашылық жүргізуші (шағын және орта бизнес) субъектілеріне салық салу қалай жүргізілуде деген сүрақ көппіілікті қызықтырады қазіргі кезеңде елімізде шағын кәсіпкерлік субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, ауылшаруашылық өнімдерін ендіруші заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін салық салудың арнайы салық тәртібі орнатылған. Кәсіпкер бұл арада өзінің қызметінің меншігіне, алатын табысының мелшеріне байланысты аталмыш немесе басқа түрін қолдануға құқы бар.

Салық жүйесі өзінің қүрамына мемлекеттік салық қызметі - қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық қызметінің қүрылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің қаржы полициясы органы жұмыс істейді, ал қазір ол қаржы полициясы деп аталады. Салық қызметін Қазақстан Республикасьг сальтқ комитетінің төрағасын Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлары жэне салық полициясы басқармасының бастығын қазақстан үкіметі тағайындайды. Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жәніндегі, сондай-ақ салық телеушілердің салықтық міндеттемелерін орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асырады /24/.

Жалпы алғанда, қазақстан Республикасының жаңа салық жүйесі біршама болсада, нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейілінше жақындатылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет