1 салық органдарының Қызметін


Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық комитеті



бет2/7
Дата14.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#136137
1   2   3   4   5   6   7

1.2 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық комитеті

Қазақстан Республикасының Салық комитетінің ең басты қызметі-салықтар, алдымен, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайту, экономикалық қылмыскерлікпен күресудің дамуын көтерудің өз бағытында алып отыру.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады, ол мемлекеттік кейбір аясындағы мемлекеттік басқарумен салааралық координацияны жүзеге асырады. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Президент актілері, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары және басқа нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады. Қаржы министрлігінің салық комитеті құзіретінен тысқары жерлердегі олардың аумақтық органдарының шешімі барлық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының басқа да ұйымдары жеке тұлғалардың орындалуына міндетті түрде жүктеледі. Министрлік оған берілген мүліктерге қатысты оперативтік басқару құқығын жүзеге асырады. Қаржы министрлігінің Салық комитетінің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайды.

Қаржы министрлігінің Салық комитеті заңды тұлға болып табылатын, олардың банкте өз шоттары бар, мөрі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ел таңбасының суреті және мемлекеттік тілдегі өз атауы мен бланкілері болады. Қаржы министрлінің салық комитеті олардың аумақтық органдарын қаржыландыру мемлекеттік органдарды қаржыландыруға қарастырылған тағайындаулар есебінен жүзеге асады.

Өз қызметін жүзеге асыру барысында мынадай басымдықтарды басшылыққа алады:


  • салықтық және кедендік заңдылықтардың, мемлекеттік бюджетке түсетін
    қаражаттарды қарастыратын өзге де заң актілері, сондай-ақ мемлекет
    алдындағы қаржылық міндеттемелері анықтайтын актілердің орындалуын қамтамасыз ету;

  • салық салынатын базаны кеңейту жолымен мемлекеттік кірістердің өсуін қамту;

- бюджетке салықтық кедендік төлемдер сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелер жиналуының әкімшілік тіркеуін жетілдіру.

Қаржы министрлігінің салық комитетінің алдына қойған мынадай мақсаттары бар:

Қазақстан Республикасының фискальды және кедендік саясатының жасақталуына қатысу және кедендік саясаттың жасақталуына қатысу және осы саясатты жүзеге асыру;

- кеден ісін ұйымдастыру мен жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдддесін өз қүзіреті шегінде
қамтамасыз ету;

- бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет


алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуіне қамтамасыз
ету;

  • мемлекеттің жүрзігуші субъектінің экспорт-импорттық операцияларына мемлекеттік бақылауға қатысу;

  • алкогольдық өнімдердің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылау
    жасау;

  • мемлекетке шығын әкелген экономикалық қылмыстар мен заң бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізу;

- экономикалық қылмысты күрес жасау аясында халықаралық келісім-
шарттарға келу.

Комитет өзіне жүктелген мақсаттарды орындау үшін заңда бекітілген тәртіппен негізгі қызметтерін жүзеге асырады. Ол бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдердің түсуін қарастыратын, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді анықтайтын заңдылықтардың орындалуын бақылау жасайды. Мемлекеттік бюджетке кірістің түсуі аясында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысады және мемлекеттік кірістер аясында экономикалық қылмыстар, заң бұзушылықтармен күресті ұйымдастырады. Осындай бірқатар қызметтерге қоса мынадай қызметтерді де атқарады:

-салық салу және кеден ісінде заңдылықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

- халықаралық келісім-шарттар жобасын әзірлеуге қатысады;

-бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар мен бірлесе қатысу экономикалық қылмыстар, сондай-ақ өндіріс және алкогольды өнімдер айналымы аясындағы заң бұзушылықтар мен күрес жүргізу;

-тауарлардың кедендік құнын анықтау дұрыстығына бақылау жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ кеден тәртібін бұзушылардың жолын кесумен байланысты жұмыстарды жүзеге асырады;

Қазақстан Респуликасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты экономикалық саясаттың шараларын өндеуге қатысу;

- кедендік бақылау аумағының тәртібін сақтауға бақылау жасау, кедендік инфрақұрылым объектілерін қорғау жүйесін ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын қорғау бойынша да шараларды жүзеге асыру;



  • алкоголь өңімдерінің өндірінің мен айналымын бақылау;

  • оның қүзіретіне жатқызылатын қызмет түрлерін лицензиялау;

  • алкоголь өнімдерінің өндірісімен айналымына бақылау мен басқа да
    мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;

  • этиль спирті мен алкоголь өнімін өндіретін ұйымдардағы акциздік
    тұрақтардың қызмет етуіне бақылау ұйымдастыру;

  • этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндіріс көлемін есепке алуды ұйымдастыру;

  • салықтар, алымдар, кедендік төлемдер мен басқа да мемлекет алдындағы қаржылық міндеттеменің бюджетке алдағы қарызын еріксіз өндіріп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді бюджетке төлеушілерді есепке алужың жалпы мемлекеттік жүйесін жасау;

  • экономикалық қылмыскерлік пен күрес мәселерері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін өз қүзіреті шегінде орындау;

  • мемлекеттік кірістер бойынша мемлекеттік қаржылық есептің нысандары мен тәсілдерін жетілдіру.

Комитеттің өзінің мақсаттары мен міндеттемелерін орындау кезінде мынадай құқықтары бар:

-министрлік қызметінің аясына қатысты ақпараттарды заңдылықта бекітілген тәртіппен талап етуге және алуға;



  • өз қүзіреті шегінде орыңдауға міндетті нормативті-құқықтық актілерді шығару;

  • Қазақстан Республикасының фискальды және кеден саясатын жасақтауға қатысу;

  • заңды және жеке тұлғалардың қаржылық тәртібін сақтауына бақылау
    мен бағдарлауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды заңда бекітілген
    тәртіпте жауапкершілікке таратуға;

  • заңда бекітілген жағдайлар мен тәртіпте лицензиялауды жүзеге асыру;

  • өз қүзіретінің мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас пен бірлесіп әрекет етуде жүзеге асыру;

  • заңдылыққа сәйкес заңды тұлғаларды лицензиялау және қайта ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

- өз қүзіреті шегінде кеден тәртіптерінің құқықты реттеу ерекшеліктерін
анықтауға;

-еркін кеден аймақтарына және еркін қоймаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелу және әкету тәртібін белгілеуге немесе кеден қоймаларына ауыстыруға;

- заңды және жеке тұлғаларға салықтар мен бюджетке төленетін басқа
да мінедетті төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді төлеуді заңға сәйкес мерзімін қысқартуға не ұзартуға қүқығы бар.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің міндеті Қазақстан Республикасы заңдылығының бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдердің түсуі, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Оған, қоса заңды және не тұлғаларды сондай-ақ мемлекет мүддесін сақтау және құқықтарын қорғау, бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің есептеуінің дұрыстығына, толық әрі уақытылы төленуіне бақылауды жүзеге асырады.

Заңдылықпен бекітілген тәртібінде комитет басшылығы және қызметкерлер салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және басқа да мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелердің толық әрі уақытылы бюджетке түсуін қамтамасыз етуге жауап береді. Сонымен қатар мынадай жағдайларға жауапкершілікті көтереді:

- мемлекеттік кірістер жүйесінің жағдайы туралы ақпараттың дұрыстығына; бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдердің түсуі мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуына қатысты нормативтік құқықтық актілерді сақтауға;

- алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына бақылауды, бюджетке салықтар, алымдар, кедендік төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелер бойынша қарызды еріксіз өндіріп алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық комитетінің Министрлігінің құрылымы төмендегідей:



  1. Басқарма

  2. Координациялық - инспекторлық жұмыстар департаменті

  3. Мемлекеттік кірістердің есебі мен талдау Департаменті

  4. Фискальды жұмыстар әдістемесінің Басқармасы

  5. Заң қызметі мен департаменті

  6. Ақпарат және техникалық қамту басқармасы

  7. Кадр және қызметкерлермен жұмыс істеу Департаменті

  8. Әкімшілік-шаруашылық жұмыстар Басқармасы

  9. Қоғамдастыру және ақпарат таратумен байланысты Басқарма

  1. Салық комитеті (заңды тұлға құқығында)

  2. Қаржы полиция агенттігі (заңды тұлға құқығынада)

  3. Кеден комитеті (заңды тұлға құқығында)

13) Алкоголь өнімдерінің өндірісімен айналымына мемлекеттік бақылау
жөніндегі комитеті (заңды түлға қүқығында).

1.3 Жергілікті салық органдарының қызметі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық органдарының жергілікті өкілеттігі бар. Олар облыстық, қалалық, аудандық салық органдарынан тұрады. Біздің тұратын жеріміз Оңтүстік Қазақстан облысындағы салық органдары да өзіндік бекітілген ережелер бойынша қызмет атқарады.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті - мемлекеттік орган болып табылады. Ол бюджетке қаржының түсуін қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа да заң актілері негізінде бюджетке түсімдердің және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелердің толық әрі уақытылы түсуіне жауапты болып табылады.

Облыстық салық комитетінің негізгі мақсаттары мыналар:



  • сәйкес жылға республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген көлем мен сомалар негізінде бюджетке салықтар, төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндетемелердің толық және уақытылы түсуіне қамтамасыз ету;

  • бюджетке түсімдер және басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа да заң актілірінің
    орындалу қарқындылығын талдау;

  • салық төлеушілірге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық төлеушілердің және төменгі тұрған салық комиттерін бюджетке төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа да заң актілеріндегі өзгерістерді уақытылы хабарлап тұру;

  • бюджетке салықтар және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлемеуге байланысты немесе табыстар жабу не төмендетіп көрсету, заңды және жеке тұлғалардың салық салу объектілерін жасырып қалу, салықтар және өзге де төлемдерді төлеуден жалтарудың басқа да тәсілдері мен байланысты фактілерді ашу. Бұл фактілер бюджетке төлемдердің толық түспеуіне және мемлекеттік шығындарға әкеледі.

Алдына қойған мақсаттарға сәйкес салық комитеті мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  • бюджетке салықтар мен төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржы міндеттемелерінің түсуін қарастыратын салық заңдылықтары және басқа да заң актілерін орындауына облыс аумағында бақылау жүргізу;

  • салықтық есепте тұрған неғұрлым ірі салық төлеушілерге салықтық аудит және мониторинг жүргізу;

  • бюджетке салықтар мен төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін қарастыратын салық заңдары мен басқа да заң актілерін бұзу жөнінде арыздар, хабарламалар және басқа да ақпараттарды тексеруді жүзеге асыру;

  • салық төлеушілер арасында салық заңдары мен өзге де заң актілерін қолдану бойыніиа түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • аудандар, қалалар бойынша салық комитетінің өрекеттеріне салық төлеушілердің келіспеушіліктері мен арыздарының актілерін қарастырады және олар бойынша есепке алады;

  • заңдылықтарды бұзуға талдау және бақылау жасайды, салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмысқа себепкер жағдайларды жою жөніндегі сәйкес ұсыныстарды енгізеді;

  • бюджетке салықтар, төлемдер және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді жинау бойынша төменгі тұрған салық комитеттердің есебін жалпылайды және талдайды;

  • бюджетке салықтар, төлемдер және мемлекет алдындағы басқада қаржылық міндеттемелерді жинау бойынша төменгі тұрған салық
    комитеттердің жұмыстарын ұйымдастыруына тексерісте жүргізеді және салық төлеушілермен жұмыс істеу дәрежесін тексереді;

  • тіркелмеген заңды тұлғалар бойынша заң органдарымен, оларды салықтық есепке тұрғызу мақсатында салыстырулар жүргізеді және тоқсан сайын есептемелер құрастырады;

  • декларация тапсырмайтын заңды тұлғалар бойынша есептер қарастырады;

  • салықтар және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді еріксіз өндіріп алу бойынша жүргізілетін жұмыстарды талдайды және тоқсан сайын есептерді құрастырады

  • әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге салықтар мен төлемдерді жинау бойынша жұмыстардың нәтижелері туралы тоқсан сайын есептемелер қүрастырады;

- жұмыстарды ұйымдастыру бойынша төменгі түрған салық органдарына
әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетіледі;

- кадрлар біліктілігін көтеру бойынша іс-шаралар жүргізеді;

салықтар мен төлемдердің түсуін қарастыратын салық заңдылықтары мен басқа да заң актілерінің тәжірибе жүзінде орындалуын талдау негізінде салық есебінің әдістемесін жетілдіру салықтық әкімшілдеу және сәйкес заң актілерінің өзгерісі бойынша ұсыныстар енгізеді;

Заң актілеріне сәйкес облыстық салық комитетінің мынадай құқықтары бар:

Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес төртіпте және жағдайларға бюджетке салық және басқа төлемдер және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық міндеттемелерді төлеу мен аударуға байланысты үсынысты үсьшылған барлық қаржылық қүжаттары, бухгалтерлік кітаптар, есептер, сметалар, қолда - бар ақшалар, бағалы қағаздар мен басқа да қүндылықтар, есеп айрысулар, декларациялар мен басқа қүжаттар негізінде заңды және жеке түлғалар тексерулер жүргізуге, қызметкерлерден және үйымдардың басшыларынан, азаматтардан ауызша және жазбаша түрде тексерулер кезінде пайда болатын сүрақтарға түсініктемелер алуға;

- заңдылыққа сәйкес өз қүзіретін жүзеге асыру кезінде шегерілуге жататын


табыстар немесе орналасқан жеріне тәуелсіз өндірістік, қоймалық және өзге де
ғимараттың салық салынатын объектілерімен байланысты мәселелерді
зерделеуге;

бюджетке төлемдердің түсуін және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын қарастыратын салық заңдылықтары және басқа да заң актілерінің заң бүзушылықтарын жою жөнінде азаматтарға, үйымның басшыларына және қызметкерлеріне орындауға міндетті нүсқаулықтар беруге

және орындалуын бақылауға; табылған салық заңын бүзушылықты жою туралы талаптарды орындамаған жағдайда үйымдар мен азаматтардың. есеп айрылысу операцияларын олардың банктер және банктік операцияларының жекелеген түрлері мен айналысатын өзге үйымдардағы шоттарын кідіртуге, тексерістер мен талдауға жіберуге қүқылы;

- табыстарды шегеру салық салынатын объектілерді үстау, бюджетке салық өзге төлемдерді аударумен байланысты қүжаттарды және дек-ларацияларды салық органдарына тапсырмау, табылған заң бүзушылықтарды жойғанға дейінгі салық органдарының талаптары бойынша қаржылық есептердің үсынбағаны үшін есеп айрысу операцияларын кідіртуге;



  • салық органдары салық заңдарын бүзу фактілері табылған жағдайда
    қүжаттарды, қаржы және материалдық қүралдарды тәркілеп, салық төлеушіге
    осыны куәландыратын тәркіленгендердің тізімінің актісін табыс етуге;

  • салық заңдылығында қарастырылған санкциялар мен айыппүлдарды
    заң бүзған үйымдарға, қызметкер түлғаларға және азаматтарға
    қолдануға;

  • салықтар мен өзге де қаржылық міндеттемелерді айыппүл мен өсімақы
    белгіленген мерзімінде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы
    заңдылығының заңдылығына сөйкес салық төлеушінің мүлкін пайдалану
    қүқығын шектеу туралы шешім қабылдауға;

  • сауда мен басқа да үйымдарда, жеке қызметкерлерде тауарлар
    (өнімдер) үсынылған қызметтер мен жүмыстарды бақылап отыруға;

  • заңдылыққа сәйкес жазбаша талаптар негізінде мәліметтерді,
    анықтамаларды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметі туралы қүжаттарды,
    тексерілетін үйымдар мен түлғалардың банктік шоттарындағы
    ақшаларының жағдай мен жүргізілетін операциялары, қызметтік
    бағыттардағы өзге де мәліметтерін алуға;

  • салық опгандарының қаражаттары есебінен төлемдер мен
    үйымдардың тәжірибелі мамандарын, басқа да бақылаушы органдарының
    қызметкерлерін тексерістер мен талдау жүргізуге;

-белгіленген тәртіп бойынша ұйымдар мен азаматтарға бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер, сондай-ақ жергілікті бюджеттер бойынша мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелердің төлеуінің мерзімін қысқартуға не үзартуға;

- салық заңдылығына сай келмеген жағдайда төменгі түрған салық органдарының шешімін тоқтауға немесе кідіртуге құқығы бар.

Облыс салық комитетіне өз қызметін жүзеге асыруы барысында міндеттеледі:

- салық төлеушінің қүқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға жөне ұстауға, салықтар мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің дұрыс әрі уақытылы, толық мөлшерде аудары-луына бақылауды жүзеге асыруға;

- салық төлеушінің іжәне салық салынатын объектілердің нақтылы есебін қамтамасыз етуге, бюджетке салық пен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің аударылғандығы және төлегені туралы есеп жүргізуге;

- салық заңдылығына сәйкес салық төлеушіге салық пен қаржылық міндеттемелерінің аударылған сомаларымен салыстырғандағы артық енгізілген сомаларды қайтарып беруге;

- Қазақстан Республикасының салық заңын бүзу туралы арыздарын,
хабарламалар және өзге де ақпараттық тексерісін жүргізуге;

- салық төлеушілер туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;

- салық заңдарын бүзушылық фактілерін жинау, талдау, бағалауын
жүргізуге, салық қүқық бүзушылықтарына себепкер жағдайларды жою
бойынша сәйкес ұсыныстар енгізуге;

- сөйкес салық комитетінің басшылары қол қойған жазылулары


бойынша ғана салық төлеушілердің тексерісін жүргізуге;

- бекітілген нысандар мен мерзімдерге қаржылық органдарға бюджет


алдындағы салықтар мен басқа да қаржылық міндеттемелердің түсу
сомалары туралы есептерді үсынуға;

салық салу мәселесі бойынша нормативтік актілерді қатаң түрде басшылыққа алуға;

- салықтар, төлемдер және мемлекет алдьшдағы басқа да қаржылық
міндеттемелер бойынша салық төлеушіге хабарлау талаптарын сақтауға
міндетті.

Шымкент салық комитетінің негізгі мынадай жағдайларға жауап-кершілік таратады:



  • салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке төленетін, сондай-ақ
    мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің орындалуының
    толық және уақытылы жүргізілмеуі;

  • бюджетке салықтар, алымдар және мемлекет алдындағы басқа да
    қаржылық міндеттемелерінің түсуіне туралы есептердің ақиқаттылығына;

Оңтүстік Қазақстан облыстық салық комитеті өз қызметінде атқарушы, қүқық қорғаушы және өзге Де мемлекеттік бақылаушы органдарымен бірлесіп жүмыс істейді, бақылаудың бірлескен шараларын жүргізеді, ақпараттардың өзара алмасуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ қаржы бақылау агенттігінің аумақтық органдармен келесі мәселерді шешу бойынша бірлеседі:

  • салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуден жалта
    ратын салық төлеушілердің мекен-жайы табылмаған жағдайда;

  • тәркілеуге жататын акциздік тауарларды заңсыз әкелу, өндіру және
    сатудың алдын-алу, бетін ашу және кесу бойынша;

- салықтар мен төлемдерді еріксіз өндіріп алу шаралары бойынша;
Ал кеден органдарымен мынадай мәселелер бойынша бірігеді:

- салық органдарының хабарлауы бойынша қарыз салық төлеушінің


экспорттық операцияларын кідірту жөнінде;

- Қазақстан Респубикасының кеден шекарасын кесіп өтетін тауарлардың


экспорты мен импорты бойынша салық органдарына мәліметтерді үсыну
женінде;

Салық органы заң министрлігі органдарымен заң органдарында тіркелген жөне қайта тіркеуден өткен заңды түлғалар туралы мәліметтерді салыстыру

мәселелері бойынша бірлесіп жүмыс істейді.

Нотариалды мекемелер мен заңды және жеке тұлғалардың ірі келісім-шарттар жасау мәселелері бойынша бірлесіп әрекет етеді.

Облыстық салық комитеті аталған органдармен өзара келісімдер негізінде бірлесіп жүмыс істейді. Салық комитеті тікелей Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне бағынады және жергілікті атқарушы органдарға кірмейді.

Облыс, аудан, қала бойынша салық комитеттерінің төрағаларын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Министрі қызметке тағайындайды. Облыс, аудан, қала бойынша салық комитетерінің қьізметкерлерін жүмыс орына облыстық салық комитетінің төрағасы тағайындайды. Оңтүстік Қазақстан облыстық салық комитетінде 24 бөлім жүмыс жасайды. Осы бөлімдердің бірнешеуінің қызметтеріне толығырақ тоқталып кетейік.

Жеке тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі

Бүл бөлімнің негізгі мінДеттеріне мыналар жатады:

- бекітілген салықтардың толық жиналуын және басқа да мемлекет ал-
дындағы қаржылық міндеттемелерді толық орындау;

- берешектерді жою;

- салықтандыру жөніндегі ақпараттарды жандандыру және оны орындау, жоғарғы орындарға мәліметтеу.

Бөлімнің негізгі атқаратын жүмыстары:



  1. Жоғарғы салық органдарының тапсырмасын орындау

  1. Жергілікті өкілді органдарға шешімдер мен өкімдердің негізгі жоспарын, басшыға жалпы баяндама мен есептерді дайындауды үйымдастыру

  2. Әкімшілік ықпалымен шара қолдануға хаттама дайындап, жоспар мен
    қаулы әзірлеу

4.Сәулет және қүрылыс басқармасын, жер қатынастары комитетінен
түрғын үй салу үшін жер учаскілері бөлінген азаматтардың аты, мекен-жайы
көрсетілген тізімді алу

  1. 1-ші және 2-ші мүгедек, бөлек түратын зейнеткерлер туралы мәліметтер
    алу

  2. Мүлік, жер, көлік салығын төлейтін төлемгерлердің есебін алудағы
    жүмыстарды үйымдастыру

  3. Жеке тұлғадарды дүрыс және мерзімінде салықтандыру мақсатында
    салық төлемгерлерін аралап, салық есебін алу

  1. Жергілікті салықтарды уақытылы, дұрыс және толық есептеу

  2. Тұрғындардан жергілікті салықтарды жинау

10.Ағымдағы тапсырмалардың дүрыс және мерзімінде орындауын
қамтамасыз ету.

Еріксіз өндіріп алу бөлімінің атқаратын басты міндеттері:



  • барлық жұмыс істеп түрған субъектілердің жұмыстарын қадағалып,
    тексеру жүргізу;

  • берешегі көп мекемелердің банктік шоттардағы қаражаттардың

қозғалысын бақылау;

-банкрот туралы істерді қарағанда, сотқа қаиысу;

-банкрот алдында түрған мекемелердің қарыздарын жабуға бақылау жасау;

-жергілікті орган басшыларына есеп беріп отыру.


Еріксіз өндіріп алу бөлімі:

-кез-келген уақытта заң және жеке тұлғалардың бухгалтерлік кітаптарына, есептемелеріне, нақты ақшаларына тексеру жүргізуге;

заңды және жеке тұлғалардың салық заңдылығын бүзған жағдайда банк шоттарындағы операцияларын тоқтатуға;

-салық заңдылықтарын бүзған жеке және заңды түлғаларға айыппүл есептеуге:

Қазақстан Респубикасының заңдылығына сәйкес уақытында төлебеген айыппүлдар орына қолдағы ақшалары мен мүліктерін алуға қүқылы.

Төлемдерді есепке алу және болжау бөлімінің басты атқаратын кызметтері:

-салық органдарына түскен салықтар мен төлемдерді қазынашылық
басқармасының құжаттарымен тексеру;

-салық заңдылығының орындалуын қамтамасыз ету және салық


төлеушілердің қүқықтарын қорғау;

  • салық төлеушілерге жеке есеп шоттарын ашу;

  • бюджетке түсетін салықтар мен төлемдерді есепке алып отыру;

  • салық төлеушілердің шоттарына жэне банктің қүжаттарына тексеру

  • салықтың дұрыс есепке алынуына бақылауды жүзеге асыру;

  • «1-Н» нысанасында есеп беруді қүру;

-есепті кездегі берешектер туралы есепке беруді қүру болып табылады.
Салық комиттетіндегі барлық бөлімдерді облыстық салық комитетінің

төрағасының ұсынысымен бекітілетін және босатылатын бөлім бастықтары басқарады.

Салық - бюджеттің басты кірісі екені белгілі. Осы бюджетті толықтырудың қисынын тауып, қиюын келтіру оңай шару емес. Сондықтан қазіргі таңда жергілікті салық органдарындағы барлық күш кірістерді бюджетке шоғырландыру ісіне жүмылдырылып отыр.

Қалалық салық комитетінің алдында тұрған міндеттерге тоқталсақ, ол мемлекет мүддесін, салық төлеушілердің құқықтарын қатаң сақтай отырып, бюджетке түсуге тиісті табысты қамтамасыз ету болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет