1.3 Сауда мекемесіне электрондық ақпараттық жүйе жасау
Электрондық сауда – бұл әлемдік интернет желісі арқылы виртуалды дүкендер, жиһаз салоны және тағы басқа жаңа сапамен түрлі қызмет көрсететін бизнестің жаңа түрі. Ол тауар өңдіруші компаниядан немесе жаңа қызмет ұсынушыдан еш делдалдың көмегінсіз, тікелей байланысқа кіреді, сонымен бірге, сол қызмет туралы әдеттегіден көбірек ақпарат біліп, алдын-ала шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Тағы да, атап айта кететін жайт, тікелей жеткізу және ақша төлеу жүйесінің икемділігі. Осы аталған барлық циклды еш қиындықсыз, кез-келген адам үйден шықпай іске асыра алады. Интернет жүйесінде сауда жасау екі жақ, яғни, алушы мен сатушыға да өте қолайлы [10]. Сатушы үшін қолайлы, себебі, тауар туралы және компания туралы ақпаратты тек орналасқан аймақ емес, жалпы Қазақстан немесе одан да басқа мемлекеттер көлемінде бизнесті дамытып, өсуге үлкен мүмкіншіліктері бар. Тіпті, кішкентай компаниялар да әлемдік масштабта бизнеспен айналысуына болады. Сонымен бірге, тапсырыс берушінің ойын, талабын тікелей біліп отыра алады. Қорыта келгенде, электронды бизнес қызмет көрсетудің ең тиімді, қаржыны үнемдейтін және өсуге икемді заманға сай бизнестің жаңа түрі.
Ал, клиенттер үшін де бұл жүйенің тиімділігі баршылық. Оларға, тауарды басқа да ұсынушылардың ұсынысымен салыстырып, ұтымды, ыңғайлы таңдау жасауға мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, берген сұраныстарына тез жауап, ақпарат ала алады.
Интернет арқылы бизнес жасаудың тиімділігінің негізгі үш факторы бар: баға, уақыт және тікелей қарым-қатынас [11].
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
«Көпфункционалды интернет – қосымшалары» термині қолданысқа бірнеше жыл бұрын енді, дегенмен оның түсініктемесі:
- сценарийдің алыстатылған тілі;
- хInternet;
- көпфункционалды Web-клиент;
- көпфункционалды Web-қосымша ретінде белгілі болған.
Интернет өте үлкен көлемді ақпарат көзі, көптеген технологиялар осы ақпаратты жеткізу жолдарын жақсарту мен Web-те жетілдірілген және қолайлы әдіспен сақтауға арналады. Web-қосымшалардың көбінде өңдеудің көп бөлігі серверде жүзеге асады. Бұл үлкен көлемді ақпарат пен оны өңдеу серверге үлкен күш түсіреді, сонымен қатар желілік трафикке тәуелділікті жоғарылатады.
Ескі клиент-сервелі архитектура үлкен ыңғайлы және функционалды болған, бірақ Web-дәуірінде жоғалды. Бұның бір себебі біркелкіліктің жоқтығы немесе клиенттік қосымшалардың стандартталуы. Енді ешқандай күмәнсіз, жалпылама қабылданған Web-құрал болып браузер табылады. Дегенмен, оған интеллектуалды өңдеулердің мүмкіншіліктері жеткіліксіз. Осының есебіне клиенттің қосымшаларға қолданушылардың ақпаратын жеткізу мен қарапайым өңдеу жұмыстарын жүргізу міндеті артылған. Көпфункционалды интернет-қосымшалар браузердің негізінде ең жақсы, тез, назар аударарлық және функционалды қолданбалы қосымшаларды өңдеуге мүмкіндік береді [5].
Қолданушы интерфейсімен Web және Интернет деңгейінде байланысатын өңдеушілер қолданушы интерфейсі деңгейінде жиі тәжірибелер жүргізеді және ең аз сыртқы қолдаусыз нәтижелі жұмыс жасауға қабілетті әр түрлі RIA-құралдарды байқайды. Көбінесе браузер қалыпты жұмыс істеу үшін модульге, кеңейтуге және жүктелетін файлға қатысты біршама қолдаулар қажет [12].
Достарыңызбен бөлісу: |