1 сауда мекемесі үшін ақпараттық ЖҮйе қҰрудың Қазіргі деңгейі 5


Қолданушының навигациялық сұлбасын құру



бет12/18
Дата26.06.2024
өлшемі2.72 Mb.
#502794
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
jihaz mekemesinin saityn kuru

2.4 Қолданушының навигациялық сұлбасын құру


Навигация жүйесі – бұл қандай да бір тәртіппен орналасқан бөлімдерге не­месе сайттарға сілтейтін сілтемелерден тұратын Web-парақтың көрнісі.
Навигациялық жүйе жалпы екі бөлімнен тұрады. Клиенттік бөлімнің нави­гация­лық сұлбасы және басқару бөлімінің навигациялық сұлбасынан тұрады. Төменде клиенттік бөлімнің навигациялық сұлбасы 2.4-суретте басқару бөлімнің навигациялық сұлбасы 2.5-суретте бейнеленген.

2.4-сурет. Клиенттік бөлімнің навигациялық схемасы

2.5 - сурет. Басқару бөлімінің навигациялық схемасы

2.5 Программалық құралдар сипаттамалары


Программалық өнімді жасау кезінде, программалық жабдықтаудың 2 түрі ес­ке­ріледі: жүйелік және қолданбалы.
Жүйелік программалық жабдықтау – бұл программалық өнім жұмыс істейт­ін операциялық орта.
Қолданбалы программалық жабдықтау – программалық өнімді жүзеге асыр­а­тын программалау тілі.
Жүйелік программалық жабдықтау ретінде Microsoft компаниясының – Win­dows операциялық жүйесі алынған.
Web-парақтарын жасау үшін, HTML белгілеу тілі мен PHP және мә­лі­мет­тер базасын басқару үшін MySQL тілі қолданылады.
Әр есепке құралдар таңдағанда шебер ең ыңғайлыларын таңдауға ты­ры­са­ды, солардың ең танымалдарын қарастырайық.
Интернеттің басты программалау тілдері мыналар: JavaScript, PHP, VB­Sc­ript, ASP, Perl, Java, XML және ColdFusion.
Интернеттің программалау тілдері клиент жағында (client side scripting language) қолданылатын және сервер жағында (server side scripting language) қолданылатын болып бөлінеді.
Клиент (сайтқа кіруші) жағында жұмыс істейтін программаның коды сайтқа кірушінің компьютерінде, қолданушының компьютерінде іске қосылған брау­зер­де орындалады (Internet Explorer, Opera, Netscape, Firefox және басқа). Бұл код JavaScript және VBScript тілдерінде жазылады.
Сервер жағында қолданылатын программа өзі жасаған HTML конс­тру­к­ци­я­сын қояды және клиентке берілмейді, яғни, қолданушы беттің код­ын көрсе де, HTML фрагменттерін құрастырған кодты көре алмайды. Мұндай про­граммалар келесі тілдерде жазылады: PHP, ASP, Perl, Java.
Интернетке арналған бұл тілдерді білетін программист динамикалық сайт­тарды жасай алады және сайт жасау үшін ең соңғы технологияларды қолдануға мүмкіндігі бар.
Интерактивті ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі үшін ол Web–серверде орналасуы қажет. Осы дипломдық жобада ұсынылған жиһаз мекемесінің автоматтандырылған ақ­па­рат­­тық жүйесін жасау кезінде Windows-қа арналған Web-сервер Denwer3 (Бұл па­кеттің құрамына Apache 2.2.4, SSL, PHP 5.3.1,MySQL, php­My­Admin­3.2.­3­)­ қол­да­н­ады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет