Web-сервер — бұл бүкіл әлемдік ғаламтордың бір немесе бірнеше сайтына түскен сұрауларға қызмет ететін сервер.
Әдетте Web-браузер болып табылатын клиент, Web-серверден қор алу үшін URL – адресі болып белгіленген сұраныс жасайды. Қор – бұл клиентке қажет HTML – парақтар, суреттер, файлдар, медиа-ағындар немесе басқа ақпараттар. Web-сервер жауап ретінде клиентке сұралған ақпараттарды береді. Бұл айырбас HTTP протоколы бойынша жүзеге асады.
Web-сервер деп осы функцияларды орындайтын программалық жабдықтаманы және осы программалық жабдықтама жұмыс істейтін компьютерді де атайды.
Интернетте 20-ға жуық сервер жұмыс істейді. Олардың негізгілері - Apache және MS IIS (Microsoft Information Server) және тағы басқалар. Сонымен қатар, интернеттегі сайттың көпшілігі (60–70 %) Apache басқармасында жұмыс істейді.
Apache Web-сервері Windows және Unix сияқты (Linux, FreeBSD, Solaris т.б) операционды жүйелермен жұмыс істейді. Apache Web-сервері ашық шығу коды бар тегін өнім болып табылады. Көбінесе Unix (Linux, FreeBSD)-PHP байланысында қолданылады. Apache сервер бастауын NCSA httpd – серверінен алады. Ол интернеттегі Web-серверлер ішіндегі бірінші не екінші орында тұр. Бұл Apache сервер тез жұмыс істелетініне және тегін таралуына байланысты [6]. Сонымен қатар ол HTTP1.1, SSI протоколдарын, модульді архитектураны, ұқсас NSAPI/ISAPI қолдайтын және көптеген түрлі функцияларды, мысалы Peri – сценарилерді немесе HTML-конструкцияларды интерпретациялауды орындайтын тегін модульдері бар өте қуатты сервер. Дегенмен, Apache бәріне сәйкес келе бермейді. Біріншіден, бұл коммерциялық емес пакет. Интернетте бұл өнімді өте кең қолдау барына қарамастан, көптеген компаниялар маңызды жүйені қолдауын тұтынушылардың өздері жүргізетін өнімге салуға сенімсіздік танытады. Соған қарамастан, Linux операционды жүйесіндегідей, түрлі компаниялар Apache серверге коммерциялық негізде қолдау көрсетеді. Apache сервердің таралуына кедергілердің бірі - оның көбіне UNIX – жүйесіне арналғаны. Бірақ шығарылуға дайындық кезінде Windows 95 / Windows NT-ге арналған версиялары да табылады. Осылайша, Apache серверін қолдану орта сыртқы және коммерциялық емес Web-серверлермен шектеледі, бірақ интражелілерге сәйкес келмейді. Және соңғысы, орнатқан кезде кейде орнату файлдарын қолдан ауыстыру керек немесе кейде тіптен программаның өзін қайтадан құрастыруға тура келеді. Web-сервер қолданушылардан іздеуге сұраныс қабылдайды, қайта құрады және арнайы программаға іздеу машинасына өткізеді. Іздеу машинасы индекстің ақпаратты базасын қарастырады, сұраныстың шарттарын қамтамасыз ететін парақ тізімін жасайды (осы парақтарға сілтемелер тізімін) сосын Web -серверге қайтарады. Web-сервер орындалған сұраныстың нәтижелерін тұтынушыға қолайлы түрде жөндеп, клиенттің машинасына өткізеді.
Графикалық ақпаратты іздеу (оның ішінде видео ақпараттар) – компьютер технологиясында, әзірше, принципиалды шешілмей отырған мәселе.
Мамандандырылған анықтамалық қызметтер – бұл белгілі бір тақырып бойынша серверлердің адресі жиналған тақырыптық каталогтар (subject catalogs). Индекстің әмбебап базаларына қарағанда, тақырыптық каталогтарды мамандар құрастырады және клиентті желі туралы тура және жүйеленген ақпаратпен қамтамасыз етеді [26].
Netscape компаниясы өзінің Web-сервер ассортиментін әрдайым толықтырып отырады. Оған FastTrack-тан бастап Enterprise Server-ге дейінгі программалар кіреді. Netscape-тің Web-сервері UNIX (Solaris, SunOS, AIX, HP-UX, Digital UNIX және IRIX)-тің көптеген нұсқаларында жұмыс істейді, сонымен қатар Windows 95 / Windows NT- ге арналған түрлері бар. Бұл жүйе жеткілікті деңгейде дамыған, мәліметтер базасына қосылу, парақ құрамын басқару, HTTP I.I протоколымен жұмыс істеу мүмкіндігі және басқа да көп функциялар қарастырылған. Netscape программалық пакеттің орнату үдерісі мен сервер администрациясын жақсарту арқылы коммерциялық табысын жоғарылатуға тырысты. Тұтынушылар шағымданатын Netscape-тің жалғыз кемшілігі олардың кейде жұмыс істегендегі бәсеңділігі.
Microsoft компаниясының ақпараттық интернет сервисі (IIS) Windows NT платформасына арналған. Windows 95 үшін ұқсас бірақ әлсіздеу түрі бар. Web-сервер MS IIS тек Windows астында ғана жұмыс істейтін коммерциялық өнім болып табылады. Көбіне Windows-ASP немесе Windows-Java байланысында қолданылады.XAMPP – Web-сервердің кроссплатформалық жинағы. Құрамына Apache, MySQL, РНР скриптерінің түсініктемесі және Perl программасының тілі және көптеген толық Web-сервер қосуға мүмкіндік беретін қосымша кітапханалар кіреді [21]. XAMPP Microsoft-тың барлық 32-разрядында және сонымен қатар Linux, Mac OS X және Solari-мен жұмыс істейді. Программа GNU General Public License лицензиясына сәйкес тегін таратылады және Web-сервермен жұмыс істегенде тегін, ыңғайлы, динамикалық парақтарға қызмет етуге мүмкіншілігі бар. Бүгінгі күнде XAMPP Web-сервердің ең жақсы жиындарының бірі. Осы жиын көмегімен тұтынушы өз компьютерінде кішкентай динамикалық парақтардан бастап үлкен корпоративті сайтқа дейін жасай алатын толық және тез Web-сервер орната алады.
Linux-ке арналған XAMPP. Linux-ке арналған пакет Ubuntu, SuSE, RedHat, Mandriva, Debian-де тестілеуден өткен және құрамына Apache, MySQL, PHP 5 + PHP 4 & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg, libpng, gdbm, zlib, expat, Sablotron, libxml, Ming, Webalizer, pdf class, ncurses, mod_perl, FreeTDS, gettext, mcrypt, mhash, eAccelerator, SQLite и IMAP C-Client, FPDF кіреді. Бастапқыда әр жүйені қосқанда қосылмайды, оны қолдан қосу керек, дегенмен, жүйені әр қосқанда автоматты түрде іске қосылатындай етіп орнатуға болады.
Mac OS X-ке арналған XAMPP.
Mac OS X-ке арналған пакетке Apache, MySQL, PHP & PEAR, SQLite, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, Ming, Webalizer, mod_perl, eAccelerator, phpSQLiteAdmin кіреді.
Solaris-ке арналған XAMPP.
Solaris-ке арналған пакетті жасап, тестілеуден өткізген Solaris 8, Solaris 9, құрамына Apache, MySQL, PHP & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, expat, Ming, Webalizer, pdf class кіреді.
Denwer - дистрибутив жинағы (Apache+SSL, модуль түріндегі PHP5, MySQL5, Perl, phpMyAdmin т.б) және Web-өңдеушілері ( программалаушы және дизайнерлер) сайтты үйдегі Windows-машинада интернетке кірмей-ақ жөндеу үшін қолданатын программалық қабық. Denwer-дің базалық пакетінің құрамына Apache 2.2.4 + PHP 5.3.1 + MySQL 5.1.40 + PhpMyAdmin 3.2.3, көпжобалылық, Flash-жинақтаушымен жұмыс істеу кіреді. Denwer-дің ең басты айырмашылығы – алыстатылған жұмыс барысында бірден бірнеше белгісіз жобалармен жұмыс істеу қолайлылығы және Flash-жинақтауышқа орналастыру мүмкіндігі [13].
Denwer-дің маңызды ерекшелігі – әрқайсысы жеке виртуалды хостта орналасқан бірнеше жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі. Жобаларға арналған виртуалды хосттар автоматты түрде орнатылады, мысалы, бізге жоба файлдарын home/ИмяПроекта/www-ға көшірсек болды, ол бірден http://ИмяПроекта адресінде көрінеді (DOCUMENT_ROOT де дұрыс болады). Бұл әсіресе бір уақытта бірнеше сайттармен жұмыс істейтін Web-студияларына, сонымен қатар CVS немесе Subversion версиялы бақылау жүйелерінің байланысында қолайлы. Директорияға ат беру сұлбасы біздің виртуалды хост шаблонындағы хостингте жеке түрде орнатыла алады.
Жинақтың аналогтарынан негізгі айырмашылығы:
модулділік, кеңдік, компактілік. Жеке компоненттердің көпмегабайттық дистрибутивтерін алудың қажеті жоқ. Денвердің негізгі түрі Apache+SSL+PHP5+MySQL5+phpMyAdmin-дің көлемі бар болғаны шамамен 6,1МБ және толық функционалды;
әрқайсысы жеке виртуалды хостта орналасқан бірнеше жобаларды бірден қолдану және автоматты конфигурация;
қосылудың орталықтанған жүйесі және Денвердің барлық компоненттерінің тоқталуы. Өзінің автономдылықтығының арқасында Денверді тоқтатқаннан кейін толығымен жүйеден жоғалады және басқа директорияға көшірілуі немесе өшірілуі мүмкін;
sendmail эмуляторы: поштаны жіберетін скрипті жөндеу мүмкіндігі. PHP-скрипте жасалған хаттардың барлығы сыртқа жіберілмей, арнайы /tmp/!sendmail директориясында жиналады;
кеңейту пакеттері. Денверге арналған кейінірек орнатуға болатын көптеген компоненттер (PostgreSQL, Python, FireBird, Parser, ескі версия PHP4 және PHP4, MySQL4 т.б) бар. Олардың барлығын Денвердің ресми сайтынан алып орнатуға болады. Сонымен қатар кез келген сервисті қолмен орнатып алуға болады және Денвердің компоненттерін ешқандай қиындықсыз ресми дистрибутивтерінен жаңартуға болады;
жинақтың құрамына кіретін программаларды түрлі өңдеушілер жазған. Олардың ерекшелігі кейде бірігіп жұмыс жасауды қиындатуы мүмкін. Сонымен бірге бір программаның түрлі версияларының принципиалды айырмашылықтары болады, бұл көбінесе орнату мен күйге келтіруді қиындатады. Денвердің компоненттері кешен құрамында толыққанды жұмысты қамтамасыз ету үшін конфигурация мен тестілеуден өтеді.
Комплекстің құрамы: (SSL, SSI, mod_rewrite и mod_php қолдауымен)
PHP5 орындалатын файлдар, Apache Web-серверіне арналған модуль, дистрибутивті және бейімделген конфигурациялық файл, GD кітапхана, MySQL және sqLite қолдау модульдері;
innoDB қолдауымен MySQL5, транзакция және орыс кодировкасы;
phpMyAdmin – MySQL мәліметтер базасы бар басқару панелі және Web-интерфейс арқылы жаңа MySQL тұтынушысын қосылуды оңайлататын скрипт;
инсталлятор (InstallShield-ге ұқсас);
стандартты кітапханасыз Perl ядросы (бөлек қойылады);
хатты жазбай оларды eml форматта tmp/!sendmail директориясына жазатын sendmail (/usr/sbin/sendmail) және SMTP-сервердің жөндейтің эмуляторы;
виртуалды хост пен hosts жүйелік файлды және Apache кескін үйлесімін автоматты түрде іздейтін жүйе. Оның көмегімен жаңа виртуалды хостты (немесе үшінші дәрежелі доменді) қосу үшін тек home-де қарапайым каталог құрып (бар хостқа ұқсас етіп), комплексті қайта қоса салу керек. Барлық өзгертулер конфигурациялық және жүйелік файлдарға автоматты түрде енгізіледі, бірақ хост шаблонының механизмі арқылы бұл процесті басқара алмайды;
инсталлятор (flash – жинақтауыштың инсталляторы да жұмыс істейді);
жүйе flash – жинақтауыштан ешқандай кедергісіз жұмыс істеуі мүмкін;
perl ядросы стандартты кітапханасыз (олар жеке қойылады);
денвердің барлық компоненттерін қосу мен өшіру жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |