1 сауда мекемесі үшін ақпараттық ЖҮйе қҰрудың Қазіргі деңгейі 5


Мәліметтер базасын құру жолдары



бет9/18
Дата26.06.2024
өлшемі2.72 Mb.
#502794
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
jihaz mekemesinin saityn kuru

1.6 Мәліметтер базасын құру жолдары


Мәліметтер базасы (database) – бұл белгілі бір құрылымды ретпен орна­лас­­қан ақпарат жинақталған файл немесе файлдар жиыны. Осы ақпараттарды, яғни мәліметтерді басқару үшін мәліметтерді басқару программалары қол­да-
н­ы­л­ады. Қазіргі таңда олардың сан алуан түрлерін кездестіруге болады. Мысалға кеңінен қолданылып келе жатқан мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын Microsoft Access программасын атап айтуға болады. Мәліметтер базасы жинақ­талған ақпаратты құру құрылымына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішін­де өте кең таралғаны реляционды мәліметтер базасы [13].
Реляционды мәліметтер базасы – ол бір-бірімен байланысқан кестелер тү­р­індегі құрылымы бар мәліметтер жиынтығы. Бұл әр түрлі тізімдер, журналдар, каталогтар, бухгалтерлік кітаптар, анықтамалықтар және де т.б. кестелер болуы мүмкін. Реляционды мәліметтер базасы ақпараттың дұрыстығы мен бүтіндігін қатаң тәртіппен қадағалайды. Сонымен қатар, бұл МБ келісілген программада тез өңделеді. Реляционды МБ-на мысалы: Microsoft Access, Corel Paradox, Borland dBase, Microsoft FoxPro жатады. Осы аталғандардың барлығы қара­пай­ым қолданушыларға арналған. Олар өздері қолданушының компьютерінің қатты дискісіне немесе файл сервердің дискісіне өздері сақтап, тікелей қолдана береді.
Ал, енді үлкен көлемдегі ақпараттармен жұмыс жасау үшін осы ақпаратқа көптеген қолданушылар қосыла алатын күшті программаларды атап айтсақ: BorlandInterBase, MySQL, FireBird, Microsoft SQL Server, Informix, Sybase, Oracle.
Осы аталған МБ-да жұмыс жасайтын программалардың әрқайсысының өзіне тән форматы бар. Әр МББЖ (мәліметтер базасын басқару жүйесі) ақ­пар­ат­­ты тек өзінің форматында сақтайды. Осылардан өзімізге керегін, осы дип­лом­дық жобада қолданылып отырған SQL (Structured Query Language, сұраныс жасауға арналған құрамды тіл) тілін қарастырайық. Бұл сұраныс тілі барлық программалармен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар МБ-ғы ақпараттармен сенімді, тез, қарапайым жұмыс жасайды. Осы тіл арқылы клиент серверге сұра­ныс жіберіп өзіне жауабын ала алады. SQL тілінде сұраныс жасау арқылы ақ­парат қосуға, жоюға және өзгертуге болады [15].
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) – мәліметтер базасын ұйым­дастырумен жүргізуге арналған арнайы программа (көбіне программалар комплексі). Программаны алгоритмдік тілде жасау үшін транслятор қалай керек болса, ақпараттық жүйені жасау және басқару үшін МББЖ да сондай маңызды болып табылады.
Көптеген мекемелер өздерінің жұмыс үдерістерін қолдау үшін электронды мәліметтер базасын қолданады. Көбіне бұл 1-2 қолданушыға арналған dbf-бағытталған дамыту қолданбаларының көмегімен жасалған жүйелер: MySQL, Clipper, Dbase, Oracle, FoxPro, Paradox, Access. Әдетте осындай өзара тәуелсіз база­лар қатары қолданылады. Егер мәліметтер базасындағы ақпарат тек қол­дану­шыға емес, басқа да тұлғаларға қызықты болса, онда ақпараттың ары қарай тарал­уына мәліметтер базасы жасаған қағаз есептер мен анықтамалар қол­данылады.
Локальды желілердің пайда болуының, сондай торлардың Интернетке қос­ы­л­уының, корпоративті аралық желілердің жасалуының арқасында кез келген жұмыс орнынан желінің ақпараттық қорына қол жеткізу мүмкін болып отыр. Бірақ, жұмыс атқаратын мәліметтер базасын қолданар кезде жұмыс орнының бір­тектілігін талап ететін («туған» интерфейсті қосу кезінде), желідегі үлкен трафикпен байланысты, файлдық серверді жүктеу мен аралықтан жұмыс істеу­дің мүмкін еместігі сияқты проблемалар туындауы мүмкін (мысалы, коман­дир­ов­кадағы жұмысшылар). Бұл қолайсыздықтардың шешімі ретінде бір жүйеге келтірілген WWW интерфейсін мекеме ресурстарына қол жеткізуде қолдануды айтуға болады [9].
МББЖ-ның негізгі функциялары:

  1. сыртқы жадыдағы (дискілерде);

  2. оперативті жадыдағы мәліметтерді дискілік кэшті қолдану арқылы басқару;

  3. өзгерістерді тіркеу, резервті көшіру және қате жұмыстан кейін мәліметтер базасын қайта қалпына келтіру;

  4. МБ тілдерін қолдану (мәліметтерді табу тілі, мәліметтерді басқару тілі).

МБ-на қол жеткізу әдісі бойынша: файл-серверлік.
Файл-серверлік МББЖ мәліметтер файлы ор­талық­тан­дыр­ылып файл-серверде орналасады. МББЖ әр клиенттік компьютерде ор­на­ласады. МББЖ-ның мәліметтерге қол жеткізуі локальді желі арқылы жүз­е­ге асады. Оқылу және жаңарту синхронизациясы файлдық блоктандыру арқылы жүзеге асады. Бұл архитектураның артықшылығы деп сервердің орталық пор­тына түсетін аз жүктемені айтамыз.
Кемшіліктері: локальді желінің потенциалды жоғары жүктемесі; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқты маңызды сипаттардың ор­ын­далуының қиындығы. Көбіне мәліметтер базасын басқару функциялары қол­данылатын локальді қосымшаларда пайдаға асады. Қазіргі кезде файл-серверлік МББЖ ескірген болып есептеледі. Мысалы: Microsoft Access, Para­dox, dBase, FoxPro, Visual FoxPro.
Клиент-серверлік. Клиент-серверлік МББЖ серверде мәліметтер база­сы­мен бірге орналасады және МБ-на монопольді режимде қол жеткізіледі. Барлық мәліметтерді өңдеуге байланысты клиенттік сұраныстар клиент-сер­вер­лік МББЖ-да орталықтандырылып өңделеді. Клиент-серверлік МББЖ-ның кем­шілігі серверге деген жоғары талап болып табылады. Артықшылықтары: потен­циальді локальді желінің біршама төмен жүктемесі; орталықтандырылған бас­қар­­удың ыңғайлылығы; жоғары сенімділік, қол жетімділік және қауіпсіздік сияқ­ты маңызды сипаттардың орындалуының ыңғайлылығы. Мысалдар: Oracle, Firebird, Interbase, IBM DB2, MS SQL Server, Sybase, PostgreSQL, MySQL, ЛИНТЕР, Caché, MDBS.
Орнатылатын. Орнатылатын МББЖ – локальді машинада бір жүйеге келтірілген түрде мәліметтердің үлкен қорын сақтауға мүмкіндік беретін кітап­хана. Мәліметтерге SQL арқылы немесе МББЖ-ның кез-келген айрықша функ­циясы арқылы қол жеткізуге болады. Орнатылатын МББЖ қарапайым клиент-серверліктен жылдамырақ және сервердің орнатылуын талап етпейді, сондықтан үлкен мәліметтер қорымен айналысатын локальді программалық жабдықтамада сұранысқа ие (мысалы, геоинформациялық жүйелер). Мысалдар: OpenEdge, SQLite, BerkeleyDB, Firebird-тің бір түрлері, MySQL, Sav Zigzag, Microsoft SQL Server Compact, ЛИНТЕР.
Функционалды-ақпараттық сайт негізіндегі web-портал бизнестің дамуына айрықша әсер етеді. Интерактивті web-қосымшаның көмегімен компанияға өзі­нің функцияларын іске асыруына мүмкіндік беретін маркетинг­тің мәселелері ше­шіледі. Функционалды қосымшалар маңызды сұрақтарды қамти­ды, мысалы клиенттермен жұмыс жасауға және компанияның өзін басқаруға көп көмегін тигізеді. Қазіргі кезде әр фирма ережеге сәйкес, интернет әлемінде өзінің өкіл­дігін жариялайды. Егер осыған дейін сайтта тек статисти­калық, ақпараттық кон­тент көрініс тапса, онда қазір web-қосымша потенциалды клиенттермен кез-кел­ген сұрақтары бойынша байланыса алады. Қарастырып отырған қосымшаға сәйкес, мысалға алып қарайтын болсақ, потенциалды клиент ретінде интернет арқылы турларға, билеттерге, қонақ үйлерге және т.с.с. тапсырыс беру мүм­кін­дігі жатады.
Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келсек, мұндай web-қосымшалар дамыған серверлік бөлімді қолдану арқылы клиент-сервер технологиясымен жасалынған. Берілген қосымша web-программалаудың әртүрлі тілдерінде іске асырылған және мұнда жеке бөлінген сервер – Мәліметтер Базасы қолда­нылған. Программалық жабдықтаманың жинағы едәуір көп [15]. Сол себепті қосымшаның көмегімен үлкен мақсаттарға жету үшін web-жоба іске асатын сервердің програм­масын таңдау қажет. Алдыңғы тарауларда айтылған­дарға сәйкес, жобаның мақсаты – жиһаз мекемесінің web-қосымшасын даяр­лау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет