Бұл технология World Wide Web (қысқартылғаны – WWW немесе жай Web) – «Әлемдік өрмек» жүйесін қолдануға негізделеді. Бұл жүйе құралдық ортаның әртүрлілігін және гипермәтінді түсініктеме негізіндегі ақпараттың форматын біріктіру әрекеті болып табылады. Гипермәтін ұғымы белгіленген сөздерді, сөйлемді немесе тіптен пиктограммаларды сәйкес ақпаратқа осы немесе басқа құжатқа сілтеме жасауда қолдану деген мағына береді. WWW-навигаторлар деп аталатын және қолданушыға WWW жүйесінде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программалар гипермәтінің түсініктемесін желінің түрлі түйіндерінде орналасқан құжаттар арасында байланыс жасай отырып кеңейтеді [8].
WWW жүйесінде құжаттар әдетте толық полиграфиялық форматта көрсетіледі және құрамында графикалық ақпараттар мен фотосуреттер, аудио, видео файлдарға сілтемелер бар. Осылайша, WWW жүйесі – «гипертекст+мультимедиа+ақпаратты навигация» бөлімдерден тұрады. WWW – навигаторларға Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer сияқты кең танымал программалар жатады. Өздерінің интеграциялау тапсырмаларын орындай отырып, WWW – навигаторлар тек қана WWW-серверлерінің ақпаратына ғана емес, басқа да жүйелердің ақпаратына (телеконференция, FTP, Gopher т.б) рұқсат алуды іске асырады.
WWW технологиясы қолданушылардың мойындауына тез қол жеткізді және бүгінгі күні заманға сай Интернетті қалыптастыратын ең әйгілі құралдардың қатарына кіреді. 1995 жылы интернетке WWW-серверлердің саны әр бірнеше айда екі еселеніп отырды, ал оларға арналған жалпы трафик тұрақты түрде бірінші орынға шықты. Интернетте индексті іздеуді WWW-сервердің және басқа бірнеше жүйелердің (FTP, Gopher) 90%-ына жуық орындауға мүмкіндік беретін жүйелер (Yahoo, Lycos т.б) қарқынды дамуда [9].
WWW-серверді өңдеушілерінің энтузиазмын түсіну оңай. Ақпараттық мәселе қандай болмасын анықтамалық жүйелер, әр түрлі бағыттағы құжаттарға архив (мысалы, жарнама материалдарын), мәліметтер базасына, оқыту жүйесіне әдемі интерфейс құру – осының бәрі WWW-технологиясының негізіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |