1 сауда мекемесі үшін ақпараттық ЖҮйе қҰрудың Қазіргі деңгейі 5


“Клиент-сервер” технологиясы



бет7/18
Дата26.06.2024
өлшемі2.72 Mb.
#502794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
jihaz mekemesinin saityn kuru

1.4.2 “Клиент-сервер” технологиясы


Бұл дипломдық жобадағы программалық жабдықтау клиент-серверлік технологияларға негізделген.
Мұнда интернет желісінің сервері деп клиент машинасының сұранысы бойынша web-парағын бейнелейтін, сондай-ақ көптеген басқа пайдалы функ­цияларды орындайтын, арнайы программа орнатылған компьютер аталады (ол сервер, web-сервер немесе http-сервер деп те аталады.) Жергілікті желідегі компью­­терлердің өзара қарым-қатынас сипаты олардың функционалдық мін­деттерімен байланыстырылған. Тікелей қосылуы жағдайындағы тәрізді, жер­гілікті желі шегінде клиент және сервер түсініктері пайдаланылады. Яғни, сіздің үйдегі компьютеріңіз сервермен байланысып, одан қажетті мәліметтерді, мысалы, web-парағының кодын алған кезде, ол «клиенттің» рөлін орындайды, ал бұл жағдайда барлық жүйе «клиент-сервер» байланысы деп аталады [6].
“Клиент-сервер” жүйесі деп қолданушының қарамағына өз қорларын беретін алыстағы компьютер мен осы қорларды пайдаланатын қолданушының компьютері арасындағы ақпаратты беру механизмін атайды. Мұнда өзінің қорларына қосылуды ашатын компьютер - “сервер”, ал бұл қосылуды алушы “клиент” деп аталады.
“Клиент-сервер” технологиясын қысқаша келесідей түрде көрсетуге болады:

  • клиент сұранысты жасайды және серверге, басқаша айтқанда сұранысты өңдейтін программаға жібереді;

  • бұл программа сұранысқа сәйкес қорытынды жасайды және оны клиентке жібереді;

  • клиент қорытындысын алады, оны дисплейде бейнелейді және қол­дан­у­­шының әрі қарайғы әрекетін күтеді. Қоданушы сервердегі жұмысын аяқ­та­ғанша, цикл қайталана береді.

Клиент-сервер технологиясы – бұл компьютерлердің бірінен (сервер) екінші компьютерге (клиентке) өз қорларын ұсынатын, жергілікті желідегі ком­пьютерлердің өзара қарым-қатынасының ерекше тәсілі.
Жоғарыда ескертілгендей, Интернет қорларын тарату принциптеріне қолданылатын негізгі түсініктердің бірі, “клиент-сервер” тәсіліне сәйкес мәлі­мет беруді ұйымдастыру болып табылады. Бұл технологияның қалай жұ­мыс іс­те­йтінін талдап көрелік [13].
Клиент браузеріне web-парақты жүктеу үшін сервер, серверлік ком­пью­тер­де орнатылған http-сервер деп аталатын арнайы программаға сұраныс жібереді және одан алынған мәліметті өңдейді. Мұнда браузердің міндеттеріне сер­вер­ден белгілі бір параққа сұраныс жасау, оны алып және қолданушының экран­ы­на бейнелеу жатады. Әрі қарайғы әркетті сервер өзіне алады. Ол сұра­ныс­ты қабылдайды, сұралған құжатты іздейді және клиентке табылған файл­дың маз­мұнын немесе мұндай файлдың табылмағанын не оған қосылуға қан­дай да бір тыйым салынған қателіктер туралы хабар береді. Бұл үдерісті түсіну үшін маңызды сәт, http-серверінің берілген құжатының мазмұнын тал­дама­й­тын­дығы болып табылады. Ерсі айтқанда, сұралған файлдың ішінде не бар ек­е­ні http-серверге бәрібір, ол тек оны броузерге жеткізеді, алынған ақпараттың бей­не­ленуі мен құрылымы жөніндегі барлық жұмысты браузер өзіне алады. Бі­рақ, бұл ережеде де өзгешеліктер болады.
Сондай-ақ, сұрастырылған парақты іздеу, серверлік компьютердегі осы сайт­қа бөлінген белгілі бір директорияда жүзеге асырылатынын атап өту керек. Бұл директорияға сілтеме қолданушының енгізген адресінде болады. Егер сұраныс нақты бір құжатқа емес, тұтастай сайтқа арналаған болса, онда http-сервері берілетін файл атауының орнына автоматты түрде «бастапқы парақ» деп аталатын файлды береді. «Бастапқы парақ» index.html атымен аталады (кейбір жағдайларда – default.html). Бұл құжат міндетті түрде, сіздің сайт­ың­ызды орналастыру үшін бөлінген түпкі каталогта немесе егер бұл ал­дын ала айтылған болса, WWW деп аталатын директорияда орна­лас­тыр­ыл­уы қажет. Қалған басқа файлдардың барлығын осы каталогта немесе салынған ди­рек­торияда орналастыруға болады. Әсіресе бұл, бірнеше тақырыптық тарау­лар­дан немесе айдарлардан тұратын сайттарда өте қолайлы [14].
Сондай-ақ, серверлік директория құрамында сіз жасап салған бума­лар­дан басқа, тағы да бірнеше каталогтар болады. Біріншіден, бұл CGI-BIN папка­сы. Мұнда CGI-скриптері мен сіздің сайтыңызда қосылатын басқа да интер­ак­тивті қосымшалар, сондай-ақ сервердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті бір­не­ше қызметтік директориялар орналастырылады. Бастапқы кезде оған көңіл ау­дарудың қажеті жоқ. Кейде index.html сақталған каталогта бірнеше қосымша файлдар болады. Олар: not_found.html – егер http-сервер қолданушы сұраған файл­­ды таба алмаған жағдайда бейнеленетін құжат, forbidden.html – сұра­тыл­ған құжатқа қосылуға тыйым салынған қателіктер туралы хабарлау ретінде бей­неленеді, robots.txt – іздестіру машинасымен сіздің сайтыңыздың индекс­аци­я­лау тәртібін арнайы түрде сипаттайтын файл.
Барлық айтылғандарға қарай отырып, клиент броузері, ақпаратты сер­вер­ден тек ала алады және оны өңдей алады. Ал оны орналастыру мен өзгерту, егер файлдарды серверге жүктеу серверлік web-интерфейсіне қосылған арнайы CGI-скриптерінің көмегімен НТТР хаттамасының негізінде жүзеге асырылған жағ­дайда ғана болады. Барлық басқа жағдайларда, арнайы программалық құралы арқылы қажетті файлдарды автоматты түрде оларды сізге бөлінген сайт­­тағы директорияға бере алатын, ftp-серверін пайдалана аласыз. Бұл екі жағ­дайда да жүйеге қосылу үшін сізге тіркеліп, атыңыз бен пароліңізді (құпия код) білу қажет болады [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет