1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет29/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

5) Ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі.

6) Экологиялық қауiпсiздiкқоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерлерден адамның және азаматтың өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі болып табылады.
28. Ұлттық мүдде: ұғымы және мазмұны. Мүдде – ұғынылып, түсінілген объективті қажеттілік, яғни мүдде қажеттіліктен туындайды. Ұлттық мүдде деп өз халқының, ұлтының-мемлекетінің мақсат-мүддесін қажеттіліктерін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Ал ұлт дегеніміз, кең тараған түсінік бойынша – тұрақты экономикалық біртұтас өмір, тілі, мәдениеті мен дәстүр ерекшеліктері, жеке және топтық сана, дербес сана-сезім арқасында өзін басқалардан ажыратып, белгілі бір ұлттық қауымдастыққа санайтын белгілі бір мемлекеттің азаматтары немесе тарихи қалыптасқан адамдар қауымдастығы.

Ұлттық мүдде – ұлттың өзін-өзі сақтау, дамыту және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген қажеттілігін ұғынып-сезінуі. Ұлттық мүддені мемлекет көшбасшыларының мемлекеттің қажеттіліктерін түсініп-сезінуі және осының олардың қызметінде көрінуі деп те анықтауға болады.

Кез келген мемлекет үшін ұлттық мүдде – мемлекеттің өмір сүру қажеттіліктерінен туындайтын объективті фактор. Ұлттық мүдденің мазмұны әр елде әртүрлі болады. Ол мемлекеттің тұтастығы мен игілігінің сенімді қамтамасыз етілуі мен қорғалуы, оның азаматтары барлық мемлекеттер тарапынан құрметтелетін мемлекетте тұру үшін мемлекеттің қандай саясат ұстанатындығын, ал елдің басшылығы мен сыртқы саяси қайраткерлерінің елдің мүдделерін әлемнің барлық бөліктерінде білдіріп, қорғауын көрсетеді.

Мемлекеттің көптеген қажеттіліктері болуы мүмкін, алайда олар ұлттық қауіпсздік саласындағы саясатқа жауап беретін субъектінің оларды сезініп, сауатты түрде қалыптастырып, талдап ұсынған жағдайында ғана ұлттық мүддеге айналады. Бұл субъект ұлттық мүдделерді маңыздылығы мен қанағаттандырылу мүмкіндіктеріне қарай бағалап, анықтауы тиіс.

Ұлттық мүдделер ұзақ уақытта жүзеге асырылуға бағытталады, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының басты мақсаттарын, стратегиялық және ағымдағы міндеттерін анықтайды. Ұлттық мүдделер мемлекеттік билік институттары арқылы қамтамасыз етіледі.

«Ұлттық мүдде» ұғымы басқа ұлттармен немесе мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар жағдайында ғана өз мағынасына ие болады. Халықаралық аренада мемлекет ұлттың атынан әрекет жасайды. Сондықтан халықаралық саясатта ұлттық мүдде мемлекеттік мүдде деп те түсініледі.

Мемлекеттің достары мен жаулары болмайды, оның тек қана мүдделері болады. Ол сол мүдделеріне қарай өзінің достары мен жауларын анықтайды. Ұлттық мүдде – кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының басты өзегі.



Ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздік бір-бірімен байланысты ұғымдар. Қоғамдық қауіпсіздік ішкі саясатпен байланысты болса, ал ұлттық мүдде, ұлттық қауіпсіздік сыртқы саясатпен байланысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiіске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстан қоғамының құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет