1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Экстремизм: түсінігі және түрлері



бет31/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

30. Экстремизм: түсінігі және түрлері. Экстремизм (латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы деген) – шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару, мәселелерді, алға қойған мақсаттарға ең радикалды әдістер арқылы, оның ішінде күштеу, зорлық-зомбылық жасау, террорды қолдану арқылы да қол жеткізуді білдіреді. Мұндай әрекеттер ретінде жаппай тәртіпсіздіктерге арандату, азаматтық бағынбау, террорлық актілер жасау, партизан соғысының әдістері.

Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. Экстремизмнің негізінде адамдардың табиғи мүдделерінің қақтығыстары экономикалық, әлеуметтік, этникалық және конфессиялық қарама-қайшылықтары жатқанын көруге болады.
Қазіргі кезеңде экстремизмнің пайда болуының негізгі факторлары: әлеуметтік экономикалық тоқырау; жергілікті тұрғындардың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің кұрт түсуі; мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси институттардың деформациясы; олардың қоғамдық дамудың пісіп тұрған мәселелерін шешуге қабілеті жетпеу; саяси режимнің тоталитарлық сипат алуы; биліктегілердің оппозицияны басып тастауы; еркін, жаңаша ойлауды қуғындау; ұлттық қанау; жеке топтардың өз міндеттерін шешуін жеделдетуі; көшбасшылардың саяси амбициялары және т.б.

Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.



2005 ж. 18 ақпанда ҚР «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заңы қабылдандаы. Онда экстремизмнің негізгі 3 түрі көрсетілді: саяси, ұлттық, діни.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет