1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Саяси қақтығыстар: түсінігі және түрлері



бет34/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

32. Саяси қақтығыстар: түсінігі және түрлері. Саяси қақтығыс әлеуметтік қақтығыстың ерекше формасы болып табылады, ол – билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжал. Саяси қақтығыс – қарама-қарсы мүдделердің, құндылықтардың, көзқарастардың негізінде туған саяси субъектілердің қақтығысы, күресі.

Саяси жанжалдардың себептері мыналар болуы мүмкін:
- саясат субъектілерінің қоғамның басты құндылықтары мен идеалдары туралы, қалыптасқан жағдайды бағалаудағы және қоғамның даму перспективалары туралы көзқарастарындағы келіспеушіліктер. Мұндай жанжалдар билік пен оппозиция арасында, кейде биліктің өз ішінде де орын алуы мүмкін;
- тиімсіз, нәтижесіз саясат жүргізіп, билік қате шешімдер қабылданған кезде билеуші элита мен қоғам арасындағы қайшылықтар;
- саясат субъектілерінің ұлтаралық және дінаралық жауласуды саналы түрде, әдейі тұтандыруы;
- әлеуметтік топтардың (адамдардың өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни қауымдастықтың мүшесі ретінде сезініп) өз саяси статусын көтеруге деген ұмтылысы.
Саяси қақтығыстардың түрлері: Қатысушыларына, субъектілеріне қарай: мемлекетаралық (мемлекеттер және олардың одақтастары); мемлекеттік (субъектілері – билік тармақтары, саяси партиялар т.б.); аймақтық (субъектілері – аймақтық саяси күштер); жергілікті.
Бір мемлекет аумағындағы, қоғамдағы саяси қақтығыстардың негізгі 2 түрін көрсетуге болады: горизонтальды және вертикал саяси қақтығыстар. Горизонталды қақтығыстар – түрлі саяси-мемлекеттік институттар арасындағы, билеуші элита арасындағы билік өкілеттілігін бөлу мәселесі, саяси институттардың өз ішіндегі қайшылықтар, олардың түрлі позицияда болуы (билік тармақтарының арасындағы, билік институттарының өз ішіндегі, түрлі идеологияны ұстанатын партиялар арасындағы) жанжалдар. Вертикалды саяси қақтығыстар «билік-қоғам» бағытында дамиды. Олардың статустық-рөлдік және режимдік деген түрлерін көрсетуге болады. Барлық вертикалдық жанжалдар әлеуметтік салыстыру негізінде пайда болады. Топ өзінің жағдайын өткен кезеңдегі бұдан да жақсырақ позициямен немесе жоғары статустық топтың дәрежесімен салыстырып болашақта бұдан да жоғары жағдайға жетуге үміттенеді (статустық-рөлдік жанжалдар). Топ үшін мұндай ұнамсыз салыстырулар наразылық сезімін және фрустрацияны (қанағаттанбау) туғызады. Режимдік саяси жанжал өмір сүріп тұрған саяси құрылысты құлату немесе саяси бағытты радикалды түрде өзгертумен байланысты болады.

Саяси қақтығыстардың бірі – этносаяси, ұлтаралық қақтығыстар. Ұлтаралық қақтығыстар – әлеуметтік қақтығыстың қауіпті түрі, түрлі этнос, ұлт өкілдерінің арасындағы мүдделердің қақтығысы. Бұл қақтығыстар бір мемлекеттің шеңберіндегі, бір құқықтық алаңда өмір сүретін түрлі ұлттар арасында туындайды. Этникалық жанжал қашанда саяси құбылыс, себебі ұлттық мақсаттардың мәдени-тіл, әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларындағы мәселелерді шешкенде саяси әдістерді, құралдарды қолдану қажет болады, сондықтан да ол этностың, ұлттық өмір сүруінің маңызды екі саласы – саяси саланы да, ұлттық саланы қамтиды, оның ішінде саяси сала (билік, ресурс үшін күрес, ұлттың өзін-өзі билеуі) алдыңғы орынға шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет