1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Әлеуметтік қақтығыстар: түсінігі, міндеттері, түрлері



бет36/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

34. Әлеуметтік қақтығыстар: түсінігі, міндеттері, түрлері. Қақтығыс (жанжал) – латынның «конфликтус» деген сөзінен шыққан. Әлеуметтік қақтығыс деп түрлі бағыттағы екі немесе одан да көп күштердің қарама-қарсы іс-әрекеттері жағдайында өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы жанжалын айтады. Әлеуметтік қақтығыстар адамзат тарихының барлық кезеңіне тән болып келеді. Бір қақтығыстар тұтас құрлықтар мен елдерді, халықтарды қамтыды, ал екіншілеріне үлкен және кіші әлеуметтік қауымдастықтар тартылды, ал үшіншілері жеке адамдар (субъектілері) арасында жүрді. Қақтығыстардың қоғам үшін салдарлары әртүрлі (жағымды және жағымсыз). Қазіргі заманғы демократиялық қоғам көптеген қақтығыстардың болуына мүмкіндік береді және оларды шешу арқылы дамиды.
Әлеуметтік қақтығыс – адамдар, әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардағы, жалпы қоғамдағы қайшылықтардың дамуының ең жоғарғы сатысы. Әлеуметтік қақтығыстың мәні ресурстар, статус, билік және т.б. құндылықтар үшін күрестен көрініп, материалдық ресурстарды иелену (әлеуметтік-экономикалық қақтығыс), статусқа, билікке қол жеткізу (саяси-құқықтық қақтығыс), құндылықтарды таңуға (рухани-идеологиялық қақтығыс) бағытталған қарама-қарсы жақтардың мақсаттарымен, ұмтылыстарымен анықталады. Әлеуметтік қақтығыс, бұл құндылықтар, белгілі бір статус (мәртебе) үшін, билік және ресурстар (қаржы-қаражат т.б.) үшін күрес, бұл күрестегі қарсыластардың мақсаты – бір-бірін бейтараптандыру, нұқсан келтіру және жою болып табылады.

Әлеуметтік қақтығыстардың алуан түрлі болуы қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделілігімен байланысты, қоғамда мүлігі, этникалық, діни және басқа да өлшемдері бойынша бөлінетін түрлі топтар мен қауымдастықтар өмір сүреді. Бұл топтардың әрқайсысының қоғамдағы өз жағдайын, алатын орнын сезінуіне байланысты қалыптасатын өз мүдделері бар. Бір топтың екінші топқа үстемдігі мен бағыныштылығы жағдайында әр топ өз жағдайын қанағаттанарлықсыз және әділетсіз деп бағалауы мүмкін, бұл қоғамдық қайшылықтардың пайда болуына әкеледі. Қоғам сан қырлы болып, оның әлеуметтік құрылымы күрделі болған сайын, онда әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуына түрткілер көбейеді.



Әлеуметтік қақтығыстардың міндеттерін (функциялары) жағымды және жағымсыз деп бөлуге болады. Жағымды функциялары: коммуникациялық (байланыстық, әлеуметтік байланыстарды, қарым-қатынастарды қарқынды етеді, қоғамды қозғалмалы етеді); шешілмей жатқан мәселелер жөнінде белгі беруі; біріктіруші (қақтығысушы тараптар мүшелерін тарап ретінде біріктіреді, мәселелерді шешу үшін адамдар бірігеді); психологиялық шиеленісті бәсеңдету (қайшылықтар шешіледі); қақтығыстың әлеуметтік өзгерістердің (жаңа институттар пайда болады, кәсіпорын қайта құрылады, қоғамның прогрессивті түрде дамуына ықпал етуі т.б.) қозғаушы күші ретінде болуы. Жағымсыз функциялары: әлеуметтік жүйедегі қатынастарды тұрақсыздандырады; әлеуметтік қауымдастықты, қоғамның бірлігін бұзады, қақтығысушы жақтардың өз мүдделерін және қарама-қарсы жақтың мүдделерін түсінуі, ұғынуы, оларды бір-біріне қарсы қояды; күш, ресурстардың жұмсалуы (материалдық, адам шығындары).
Әлеуметтік жанжалдар сан алуан болып келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен басшылар, ері мен әйелі, тұлғалар және т.с.с. арасында болады. Әлеуметтік жанжалдардың түрлері: 1) қатысатын субъектілеріне байланысты: тұлғалар арасындағы, топтар арасындағы, мемлекеттер, этникалық топтар (ұлттар), таптар, діндер, нәсілдер, әлеуметтік топтар арасындағы жанжалдар; 2) қоғамдық өмірдің қай саласында көрініс беруіне қарай: саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени, еңбек т.б. 3) қамтыған ауқымына қарай: халықаралық, аймақтық, жергілікті; 4) маңызына байланысты: негізгі (субъектінің өмір сүруінің бүкіл даму барысын анықтайтын жанжалдар: билік-халық, қылмыс әлемі-азаматтар, бай-кедей арасындағы) және негізгі емес (субъектінің өмір сүруінің белгілі бір кезеңіндегі дамуын анықтайтын жанжалдар: қызылдар-ақтар, демократтар-коммунистер); 5) қайшылықтардың сипатына қарай: антагонистік (түпкі мүдделері бойынша келісімге келе алмайтын субъектілер арасындағы жанжалдар: жау таптар – құл иеленушілер-құлдар, буржуазия-пролетариат; ұйымдасқан қылмыс-құқық қорғау органдары, фашистік Германия - КСРО арасындағы) және антагонистік емес (түпкі мүдделері бойынша келісімге келуге қабілетті субъектілер арасындағы ХХ ғ. бас. батысеуропалық жұмысшы табы мен буржуазия арасындағы жанжалдар); 6) уақытына байланысты: ұзақ уақыттық (бірнеше ұрпақтарға созылатын) және қысқа мерзімді; 7) өмір сүруінің жариялылығына қарай: ашық және жабық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет