5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Биыл 1917 ж. Қазан төңкерісіне 100 жыл толады. ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң, зұлмат ғасыр болды: 1) ұлттымызға қоғамдық құрылымның жат үлгісі еріксіз таңылды; 2) ұлтымызға қатты демографиялық соққы жасалды; 3) қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады; 4) еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Сонымен бірге ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерді де берді: индустрияландыру, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуы, жаңа интеллигенцияның қалыптасуы. Алайда бұл жаңғыру – ұлттың емес, аумақтың жаңғыруы еді. Революциялар бүгінде жалғасып жатыр. Оның формасы, мазмұны өзгерді. Революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Олар қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталады. Біздің өткен тарихымыз эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретіндігіне көзімізді жеткізді.
6. Сананың ашықтығы.Ағылшын тілін жаппай, жедел үйренуіміз керек. Бұл жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді: 1) Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді; 2) жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз, 3) бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
ІІ-бөлімде Президент қоғамдық сана жаңғырудың нақты жобаларына тоқталады: 1) латын әліпбиіне көшіру; 2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім; 3) «Туған жер» бағдарламасы, патриотизм; 4) халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы; 5) мәдениеттің де бәсекелік қабілетігі; 6) бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихы. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.