1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org
2-басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.
Елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету. Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.
Шағын несие беру аясын кеңейту, бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастыру. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуы тиіс.
Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – Үкімет, әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемінің бірі болмақ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімін, тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек. Елімізде бизнес жүргізуді жеңілдету жөнінен өңірлер мен қалалар рейтингін енгізу қажет. Үздіктер үшін арнаулы сыйлық тағайындалып, ол Индустрияландыру күнінде табыс етіледі.
Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін төмендету, бұл экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс. 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды жекешелендіруді тездетіп, 2018 жылдың соңына дейін аяқтау. Мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар, ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою. Мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру: «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялау, ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Табиғи монополияларды және стратегиялық маңызы бар, соның ішінде Трансұлттық компаниялар қатысатын жобаларды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін де қайта құру қажет. Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуы тиіс, олардың функцияларын оңтайландыру. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсенің барлығы бизнеске беру.
Кәсіпкерлікті дамытуда мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту, бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру ісінде жақсы нәтижелер бар. Жекеменшік балабақшалардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды. Аса маңызды жалпыұлттық міндеттердің бірі – 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай 100 % қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту үшін бұдан әрі жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру.