1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет88/92
Дата21.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483897
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsaba.org

70. Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы 2017 ж. 12 сәуірде жарияланды. Ол 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлім «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», ал 2-бөлім «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталады.

Президент өз сөзін елімізде үшінші жаңғырудың басталғандығынан, екі: саяси және эко­номи­калық реформалардың жүріп жатқандығынан, мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу, енді санамызды да жаңғыртудың қажеттігінен бастады. Бұл мақалада Елбасы еліміздің Біртұтас Ұлт болу үшін бұқаралық сана­­ны қалай өзгертуіміздің қажеттігі туралы өз көзқарасымен бөліседі.



І-бөлімде ол қазіргі кезде әлем өзгеріп, бағыты бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды, санамызға сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­ып, дамыған елдермен қатар болу үшін заманның жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, өзгеруіміздің қажеттігін айтты. Әр қоғамның өзінің тамырын тереңнен алатын рухани коды болады. Жаңғырудың басты шарты – сол ұлттық кодты сақтай білу. Президент бүкіл қоғамның, әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың 6 бағы­тына тоқталады, олар: 1) бәсекелік қабілет, 2) прагматизм; 3) ұлттық бірегейлікті сақтау; 4) білімнің салтанат құруы; 5) Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6) сананың ашықтығы.

1.Бәсекелік қабілет. Қазіргі кезде және болашақта жеке адам, тұтас халық­ бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жете алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, не болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­нуы. Бұл материалдық, білім, қызмет, зияткерлік өнім, сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Әрбір қазақ­стандық, тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты: ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс. «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» т.б.бағдарламалар–қазақстандықтарды ХХІ ғасырға даярлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет