1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет11/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

- Бір партиялық жүйе өзінен басқа билік үшін күресетін бәсекелес партияларды болдырмайды, басқа партиялардың құрылуына заң жүзінде тыйым салынған, мұндай жүйеде партиялық және мемлекеттік басшылықтың ұласуы жүзеге асады. Бір партиялық жүйе тоталитарлық, кейде авторитарлық режимдерге тән. Ондай партия бұрын КСРО-да, нацистік Германияда болды, қазір Солт. Корея (КХДР), Кубада бар.
- Бір жарым партиялық жүйе (бір партиялық жүйенің түрі ретінде де қарастырылады), мұнда нақты билік бір партияда болады және басқа партиялардың қызметіне формальды түрде болса да рұқсат етіледі. Мыс., Қытайда коммунистік партиядан басқа да партиялар бар, алайда олардың барлығы ҚКП-ның басшы ролін мойындайды.
- Екі партиялық жүйе (Ұлыбритания, АҚШ). Бұл жүйеде кішігірім партиялар болады, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партия арасында жүреді. Сайлауда (АҚШ-та президенттік сайлауда, Ұлыбританияда парламенттік сайлауда) жеңген партия министрлер кабинетін құруға құқық алады.
- «Екі жарым партиялар» жүйесі (2+1) (екі партиялық жүйенің түрі ретінде де қарастырылады), екі партиялық жүйеден айырмашылығы, сайлауда жеңген партия абсолютті көпшілік дауыс ала алмаса, онда үкіметті үшінші партиямен бірігіп құрады. Мұндай жағдай Германияда, Канада, Австралияда бар. Германияда сайлаудағы негізгі бәсекелестер Христиан-демократиялық одағы (ХДС) және Социал-демократиялық партия (СДПГ). Ұзақ жылдар бойы үшінші партия ретінде Еркін демократтар партиясы (СвДП), ал кейін Жасылдар партиясы болды.
- Көппартиялық жүйе деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікірлерін пайдалана отырып басқару түрін айтады. Билікке төрт және одан да көп партиялар қатысады. Көппартиялық жүйе Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыда, Франция, Италия т.б. қалыптасқан.


10. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Қазақстанда КСРО кезінде бірпартиялық жүйе болды. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 2002 ж. жаңа заңға дейін елімізде 19 партия болған. 2016 ж. 20 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Орталық сайлау комиссиясында ресми түрде тіркелген 6 партия қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша «НұрОтан» - 82,15% (98 депутаттан 84 адам), «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,18% (7 адам), Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы – 7,14% (7 адам); осы 3 партия қажетті 7%-дық межеге жетіп, парлемаентке өтті, ал келесі 3 партия: Халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл» партиясы – 2%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 1,18%, «Бірлік» партиясы 0,29% дауыс алды, олар 7%-дық межеге жетпей, парламентке өте алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет