1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан Республикасы атқарушы билігінің сипаттамасы



бет18/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

15. Қазақстан Республикасы атқарушы билігінің сипаттамасы. Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiкті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады, ол мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі болып табылады, ҚР Үкіметі атқарушы органдар жүйесін басқарады, олардың қызметіне басшылық жасайды. Оны Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
Республика Үкіметі Конституцияда белгіленген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамуға басшылық жасап, ұйымдастыруға жауапты. Үкімет мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаты мен экономиканы жүргізеді.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты.
Үкіметтің негізгі функциялары (өкілеттіліктері):
- ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің негiзгi бағыттарын талдап жасайды және оны жүзеге асырады, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді;
- Парламенттің (Мәжілістің) қарауына республикалық бюджетті ұсынады және оның атқарылуы туралы есеп береді, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етеді;
- Парламенттің (Мәжілістің) қарауына заң жобаларын ұсынады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді;
- ҚР-ның сыртқы саясатын жүргізеді;
- Министрліктің, мемлекеттік комитеттердің, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
- Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2017 ж. 25 қаңтарда ҚР Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуінде көрсетілгендей, конституциялық реформа бойынша, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу өкілеттіктерінің бір бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға берілді. Аталған салаға толық көлемінде Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер жауап беруі тиіс. Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Кабинетінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттыру. Осыған байланысты Үкімет өз өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ.
Атқарушы биліктің аймақтық органы әкімдіктер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет