1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»



бет27/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

Социал-демократия идеологиясы жұмысшылар, еңбекшілер мүдделерін білдіреді. Басты құндылықтары – еркіндік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық. Реформалар арқылы еңбекші таптың жағдайын жақсартуды көздейді.
Коммунистік идеология жұмысшы табының идеологиясы. Социалистік революция арқылы билікке жұмысшы табы келуі тиіс. Бұл идеология жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатуды жақтайды. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды.
Фашизм идеологиясы басты ерекшеліктері – еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу тәсілдерін толық бақылау, соғысқа дайындалу, көсемшілдік т.б. идеялары кеңінен тарайды.


26. Қазақстан Республикасы мемлекеттік идеологиясының негізгі элементтері.
Мемлекеттік идеология - болашаққа бағдар беріп, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін, коммунизм идеологиясы жойылды, ел жаңа мемлекеттік идеологияны анықтау мәселесіне кезікті. Мемлекеттің келешекті даму принциптері мен мақсаттары тұжырымдалған «Қазақстан-2030» стратегиясы (1997), Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы сияқты құжаттар қазақстандық қоғамның ұлттық идеясын қалыптастыруға негіз болды. Қазақстандық мемлекеттік идеологияның негізгі құндылықтары ретінде демократиялық құндылықтар алынды, олар: адам құқығы мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, көппартиялық, плюрализм, нарықтық экономикамен үлестірілген икемді әлеуметтік саясат, патриотизм (отаншылдық).
Оны ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптастқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «…жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпкон­фессиялы қоғамымыздың табысының негізі болып табылады және мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты» – деп атап өтуімен байланыстыруға болады. Сондықтан, мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын көтеру үшін қабылданған ұлттық бағдарламаларды сәтті іске асыру үшін халқымыздың барлық күш-жігерін осы арнаға жұмылдыратын, біріктіретін мемлекеттік идеология қажет. 
Қазіргі таңда еліміздегі тұңғыш мемлекеттік ресми идеология – «Мәңгілік ел» идеясы, ҚР Президентінің 2014 ж. 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында бұл ұлттық идеяның басты принциптері алғаш рет ресми түрде жарияланды. Солардың негізінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, ол 2016 ж. сәуірде тәуелсіздіктің 25 жылдығында қабылданды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі 7 мемлекеттік-ұлттық құндылықтар болып табылады: 1) Тәуелсіз Қазақстан және Астана; 2) Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім; 3) Зайырлы қоғам және жоғары рухтандырушылық; 4) Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу; 5) Жалпыға бірдей еңбек қоғамы; 6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы; 7) Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет