1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО)



бет59/91
Дата13.09.2023
өлшемі343.11 Kb.
#477421
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91
1. Саясат – о амды мірді саласы. С ну – саяси былыстар, са

59. Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО). Қазақстан, Ресей, Белоруссия арасында 2014 ж.  29 мамырда Астанада қол қойылған келісім негізінде құрылған аймақтық экономикалық халықаралық ұйым. Одақ 2015 ж. 1 қаңтарына бастап күшіне енді. Ұйым құрылғаннан кейін сол 2015 ж. оған Армения мен Қырғызстан мүше болды. Еуропалық Одақ интеграциясына сүйенген идея Ресейдің сол кездегі премьер-министрі В.Путин тарапынан 2011 жылдың қазан айында көпшіліктің назарына ұсынылған, бірақ тұжырымдама ретінде Қазақстан президенті Н.Назарбаев тарапынан 1994 ж. Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тұңғыш таныстырылған болатын. Кедендік Одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Еуразиялық экономикалық қауымдастық – ЕАЭО-тың алғы шарттары болды.
Еуразиялық экономикалық одақ саяси блок емес, тек экономикалық одақ ретінде құрылады деп жоспарланған. ЕАЭО-та тауарлардың, қызмет көрсетудің, капитал, жұмыс күшінің еркін қозғалуы қамтамасыз етіледі, экономика саласында келісілген немесе бірыңғай саясат жүргізіледі. ЕАЭО ұлттық экономикалардың жан-жақты жаңғыруы, бірігуі және бәсекеге қабілеттілігін арттыру және одаққа мүше-елдер тұрғындарының өмір сүру деңгейлерін арттыру мақсатында құрылған.
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері: 1) Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуі алып келеді. 2) Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады. 3) Үлкен халқы бар нарықтың кұрылуы.
Қазақстан 2016 ж. ұйымға төрағалық етті. 2017 ж. – Қырғызстан, 2018 ж. – Ресей төрағалық етуде.


60. Қазақстан және Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ). Мақсаты, құрылуы, құрамы. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы 1969 ж. құрылған Ислам конференциясы ұйымының негізінде 2011 ж. құрылды. Ол  - ислам елдерінің халықаралық ұйымы. (2011 ж. Астанада өткен мүше-елдердің СІМ-рі Кеңесінің 38-сессиясының шешімімен Ислам ынтымақтастық ұйымы деп аталды). Бүгінгі таңда бұл ұйымға 57 ел мүше: Исламды ұстанатын Азия, Африка елдері және Оңт. Американың Суринам мемлекеті, Еуропадан Албания елі кіреді. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін органдары мен құрылымдары бар: Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры т.б. Ұйымның мақсаты: мұсылман елдерінің арасындағы ынтымақтастық, халықаралық аренадағы біріккен әрекет, ұйымға қатысушы елдердің тұрақты дамуына қол жеткізу. Өзінің атауына қарамастан, бұл ұйым діни ұйым болып табылмайды, өзінің қызметінің негізіне зайырлылық принциптерін алады.
Қазақстан 1995 ж. Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастырады.
ИКҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИКҰ-ның барлық ірі шараларына, 1996-1997, 2000, 2003, 2006 жылдардағы Саммиттеріне қатысты.
Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған жаһандық процесті толығымен жақтайды. ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
2009 ж. соңында ҚР Президенті Н.Назарбаев ИКҰ-ның СІМ-рінің Кеңесінің кезекті отырысын Қазақстанда өткізу туралы ұсыныс жасады. Ұсыныс қолдау тауып, 2011 ж. 28-30 маусымда Астанада СІМ-рі Кеңесінің 38-сессиясы өткізілді. Кеңес мәжілісінің Астанада өткізілуі фактісінің, Қазақстанның 2011 ж. маусымынан – 2012 маусым аралығында төрағалық етуінің өзі ел Президентінің жоғары беделі мен мұсылман елдерінің Қазақстанға сенімін көрсетті. Осы сессия барысында Ислам конференциясы ұйымының Ислам ынтымақтастық ұйымы деп аталатындығы туралы шешім қабылданды. Адам құқықтары жөніндегі Тұрақты комиссия құрылды. ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық әрекеттерінің 5 жылға арналған жоспары қабылданды, ол Орта Азия елдерінің ислам мемлекеттерімен тұрақты байланыстарын нығайтуға ықпал етуге тиіс. ИКҰ-ның СІМ-рінің Кеңесі 100-ден аса қарар қабылдады, олардың ішінде Қазақстан жағы ұсынған қарарлар да бар: Ауғаныстан келетін есірткілердің заңсыз өндірілуі мен айналымен күрес, Семей ядролық полигоны мен Арал теңізі аймақтарын оңалту мәселелері бойынша. Қазақстан төрағалық еткен жылы 2011 ж. қыркүйектегі ұйым мемлекеттерінің СІМ-нің кездесуінде Таяу Шығыс пен Солт. Африкадағы жағдай да қарастырылды. Ливияға гуманитарлық көмек беру туралы қарар қабылданды. Сомалидегі гуманитарлық апатқа (құрғақшылық, азамат соғысы) байланысты 500 млн доллар қаржы бөлінген. 2011 ж. қазанда Тунистегі революциядан кейін өткен парламент сайлауына Қазақстан жағы ұйымның миссиясы құрамында байқаушылар ретінде қатысты. 2011 ж. қарашада Қазақстан делегациясы Джиддада өткен ұйымның атқарушы комитетінің Сирия бойынша өткен мәжілісіне қатысты.
Төрағалық еткен кезде Қазақстан тарапынан мынадай бастамалар ұсынылды: ИЫҰ кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру, орта және шағын бизнесті қолдау механизмін құру, алдыңғы қатарлы экономикалы ислам елдерінің сұхбат алаңын құру, энергетикалық салада инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты реттеу, ИЫҰ өкілдерінің «G-20» жұмысына қатысуын қамтамасыз ету.
Қазақстан экономикаының дамуы сыртқы инвестицияны қажет етеді. Қазақстанның ИЫҰ-мен өзара әрекеттесудің маңызды аспектісі ИЫҰ-ның қаржы институттарымен, әсіресе, мұсылман әлеміндегі ірі инвестор – Ислам даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастығын дамыту болып табылады. ИДБ-нің Қазақстандағы жалпы инвестициялық портфелі 700 млн. доллар. Қазақстан экспортының біраз бөлігі де осы ИЫҰ кеңістігі елдеріне шығарылады. Түркия, Иран, Біріккен Араб әмірлігі, Малайзия, Орта Азиядағы көршілерімізбен тығыз сауда-экономикалық қатынастарымыз дамуда.
2016 ж. сәуірде Стамбулда өткен ұйым саммитінде ҚР Президенті Н.Назарбаев 2017 ж. ИЫҰ-ның ғылым мен технология бойынша саммитін Астанада өткізу туралы ұсыныс жасады, оның ұсынысы қабылданды. 2017 ж. 10-11 қыркүйекте ЭКСПО – 2017 көрмесінің аяқталу кезеңінде өткізілді. Саммит бағдарламасы ғылымға, технологиялар мен инновацияларға, сонымен бірге өркениеттің дамуына исламның қосқан үлесіне арналды. Саммит қорытындысы бойынша ислам әлемін модернизациялауға (жаңғыртуға) арналған Қорытынды коммюнике (халықаралық сипаттағы оқиға бойынша ресми хабарлама) және Астана декларациясы (мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның негізгі принциптерін қамтитын ресми мемлекеттік құжат) қабылданды. Елбасы өз сөзінде ғылыми-технологиялық саланы дамытуда бізге бірлік керек деді. Және ол ислам әлемінің ғылым мен технологияны дамытуға үлкен үлес қосқан ғалымдарын Қазақстанның арнайы премиясымен марапаттады.
Ислам банкімен бірге Н.Назарбаев исламдық инфрақұрылымдық интеграция туралы бастама көтерді. Ол барлық мұсылман мемлекеттерінің транспорттық дәліздерін біріктіруді көздейді, ол Қазақстанды алыстағы африкалық мемлекетпен байланыстыру, Қазақстаннан Джибуттиға (Солт-Шығыс африк. шағын мемлекет) немесе Сенегалдан (Бат. Африк. мемлекет) Ауғаныстанға тауар қалай жеткізуге болады деген сұрақтарға жауап беретін үлкен жоба.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет