Есіңізде болсын!
Жылулық пен жайлылық сыйлайтын байсалды да зейінді, мейірімді ана және тұрақтылық пен қауіпсіздік нұрын шашады.
4.Педагогтерге: оқушыларды мазасызданудан арылту бойынша психологиялық кеңес беру.
1.Жоғары мазасыз балалар тобына ерекше назар аудару керек. Олармен қарым-қатынаста психологиялық жарақат әкелетін сыни пікірден, ескертуден, олардың тұлғасын жағымсыз бағалаудан аулақ болыңыз. Олармен оқу мен өзара әрекетте жеке даралық ұстанымы тұрғысынан қарым-қатынасқа түсу қажет.
2.Сабақтан тыс шараларда эмоционалдық қысымды азайтуға және балалар ұжымын нығайтуға, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастырған жөн.
3.Шаршауды болдырмау үшін жағдай жасау: қимыл және эмоционалдық босаңсуға бағытталған жаттығу элементтерін сабақта қолдану, оқу жүктемесі мен үй тапсырмасының көлемін бөліктерге бөлу іс-әрекеттің жиі ауысуына әкеледі.
4.Мазасызданудеңгейі жоғары балалар тыныш, әрі қалыпты ахуалда табысты жұмыс істейді, керісінше жағымсыз ахуалда: уақыт тапшылығында, жедел жауап беруді талап ететін сұрау кезінде сәтсіздікке жиі ұшырайды. Сондықтан балалармен жұмыста қолайлы психологиялық ахуалды орнату қажет.
5. Ата-анаға баланың зейін ерекшеліктерін дамыту жайлы кеңес беру
Бастауыш сынып оқушысының оқудағы жетістігі мен табыстылығы тікелей баланың зейін қасиетімен байланысты. Балалардың зейінін жаттықтыруда келесі ережелерді ескеру керек:
Бірінші ереже: Баланың ақыл-ой жұмысының әр сағатында 5-10 минут дене жаттығуын, кішігірім массаж, көзге гимнастика жасатып отырған жөн.
Екінші ереже: кейбір балалар кез-келген жағдайда жұмыс істей береді, бірақ балалардың басым көпшілігіне сыртқы ықпалдар да өте маңызды: тыныштық, жұмыс столының үстіндегі заттардың жинақы тұруы, жарықтың дұрыс түсуі, жұмыс істеу қалпының дұрыс болуы.
Үшінші ереже: ақыл-ой жұмысына қолайлы уақыт мезгіліне бағдарлану. Көптеген зерттеулерге сүйенсек адамның жұмыс белсенділігі 5,11,16,20 және 24 сағатқа келеді екен. Осы кезеңдерде зейін тұрақтылығы жоғары дәрежеге көтеріледі.
Төртінші ереже: 6-7 жастағы балалардың зейіні тұрақсыз болып келеді, бала ұзақ уақыт бойы бір затқа немесе іс-әрекетке назар салып тұра алмайды. Бала зейінін тез аударады, себебі қозу тежелуден басым болады. Сондықтан баланың зейінін аудару үшін ашық, қызықты заттар, ғажайып құбылыстар пайдалану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |