Иллюстрациялы материал. Экология-құқықтық жауапкершіліктің шарттары кестесі.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
-
ҚР Экологиялық кодексі.
Бақылау сұрақтары.
1. Экология дегеніміз не?
2. Экологиялық құқыққа түсініктеме беріңіз.
3.Қоршаған орта мен табиғатты қорғаудың негізгі қағидалары қандай?
4. Экология құқығының объектілеріне не жатады?
5. Экологиялық құқықтық қатынастары жағына кім кіреді?
6. Экологиялық құқық жүйесі дегеніміз не?
7. Экологиялық құқық бұзушылықтырға жауапкершіліктің қандай түрлері заңмен белгіленеді?
8. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмі қандай?
14 -ші тақырып. ҚР қылмыстық құқық негіздері.
Мақсаты. Студенттерді қылмыстық құқық пәнімен, оның міндеттерімен, қылмыстық жауаптылық қолдану шарттарымен, қылмыстық жаза түрлерімен таныстыру.
Дәріс тезистері.
ҚР Қылмыстық құқық негіздері. Қылмыстық құқық материалдық құқықтың іргелі саласы ретінде. Оның ұлттық құқық жүйесіндегі орны, маңызы, құқықтық мемлекетті нығайтудағы ролі. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаттары. Қылмыстың түсінігі мен белгілері. Қылмысты саралау. Қылмыстық жауаптылық. Қылмыс құрамы. Қылмыстық жаза. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Басқа құқық салаларынан қылмыстық құқық пәнімен, яғни, реттейтін қоғамдық қатынастар шеңберімен, арнайы әдістерімен және міндеттерімен ерекшеленеді.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.
Қорғау қылмыстық құқықтық қатынастары қылмыс жасалуымен байланысты пайда болады. Бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған тұлға мен тергеуші, прокурор, сот, анықтау органдары түріндегі мемлекет арасындағы қатынас. Бұл қатынастың әр қатысушысы белгілі құқықтарға ие және сәйкесінше міндеттілікте болады. Қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыстық іс- қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады. Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Иллюстрациялық материалдар. " Қылмыстық жаза түрлері " таблицасы.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.
4. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000
5. ҚР Қылмыстық Кодексі. 1997 ж.
Бақылау сұрақтары.
1. Қылмыстық құқық қандай қатынастарды реттейді ?
2. Қылмыстық құқықтың міндеттерін атаңыз.
3. Қылмыстық құқық қағидаттарын атаңыз.
4. Қылмыстық құқықтың құқықтық мемлекетті нығайтудағы ролі мен маңызы
қандай ?
5. Қылмыс дегеніміз не ?
6. Қылмыс белгілерін атаңыз.
7. Қылмыстар қалай сараланады?
8. Қылмыстық жауаптылық дегеніміз не ?
9. Аса қажеттілік дегеніміз не?
10. Қылмыстық жауаптылық деген не ?
11. Қылмыстық жазаның қандай түрлері бар ?
12. Жаза деген не ?
15-ші тақырып. Іс жүргізу құқығының негіздері. Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Мақсаты. Студенттерді іс жүргізу құқығы негіздерімен таныстыру. Студенттерді сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша заңдар негіздерімен таныстыру. Студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Дәріс тезистері.
Іс жүргізу құқығының қайнар көздері. Ұлттық құқық жүйесіндегі іс жүргізу құқығының орны, рөлі мен маңызы. Сот билігін жүзеге асыру: процессуалдық нысаны, қағидаттары. Іс жүргізу құқығы салалары. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасы ұғымы. Азаматтық істерді соттық талқылау. Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары. Қылмыстық іс жүргізу сатылары мен кезеңдері. Қылмыстық қудалау. Қылмыстық істерді соттық талқылау.
Іс жүргізу құқығы - бұл қылмысты тергеу, қылмыстық және азаматтық істерді талқылау және шешу барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлімі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тікелей байланысты. Материалдық құқық нормалары материалды-құқықтық нормаларды құқық бұзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Сот процессінің екі негізгі нысаны бар: азаматтық және қылмыстық.
Азаматтық іс жүргізу құқығы - бұл өзінің жеке реттеу пәні және әдіс- тәсілі бар жеке құқық саласы. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні соттардың өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау және шешу барысында, сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттеуі болып табылады.
Өзіне тән белгілері: 1. іс жүргізу бастамасы мүдделі тұлғаларға тиесілі; 2. Субьектілік құрам спецификасы- міндетті түрде құқық қорғау органы- сот қатысады, ал ол биліктік өкілеттікке ие; 3. Азаматтық іс жүргізу құқығы санкциясының өзіндікерекшелігі, ең көп таралған пайдасыз іс жүргізу салдары; 4. Заңдық фактілер сипаттамасы - азаматтық іс жүргізу құқығында заңдық фактілер алдын ала заңмен айқындалған іс жүргізу әрекеттерін білдіреді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы - бұл қылмыстық істі қозғау, шешу, тергеу бойынша анықтау, тергеу, прокуратура, сот органдарының қызметін реттейтін құқық саласы. Қылмыстық сот өндірісі мазмұнын және тәртібін қалыптастырады, сот өндірісіне байланысты туындаған құқықтық қатынастарды, қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы органдардың, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейді және т.б.
Қазақстанда сыбайлас жемқолықпен күрестің заңдық негіздері. Сыбайлас жемқолық қылмыстарымен күресу саласындағы мемлекеттік саясат. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қағидаттары. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субьектілері. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауаптылық.
Сыбайлас жемқолықпен күрес заңдары бойынша белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан әрекеттер құқық бұзушылықтар болып табылады.
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай ақ оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың атынан игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Заңның талабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Заң мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер адамдарға қойылатын талап, лауазымды қызметкер үшін қаржы бақылау шараларын және т.б шектеулерді қарастырады. Сыбайлас жемқорлық саласында құқық бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыреті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы полициясы мен әскери полиция жүзеге асырады.
Иллюстрациялық материалдар. " Қылмыстық жаза түрлері " таблицасы.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі.
3. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
4. Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы ҚР Заңы.
5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000
6. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.
Бақылау сұрақтары.
1. Іс жүргізу құқығы дегеніміз не?
2. Іс жүргізу құқығының қайнар көздерін атаңыз.
3. Іс жүргізудің негізгі қағидалары қандай?
4. Іс жүргізу құқығының салаларын атаңыз.
5. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні не болып табылады?
6. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасы деген не ?
7. Азаматтық істерде сот талқылауы қалай жүреді ?
8. Азаматтық істерде қандай іс жүргізіледі?
9. Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні не болып табылады?
10. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары?
11. Қылмыстық іс жүргізу құқығы сатылары мен кезеңдерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
12. Қылмыстық қудалауды қандай орган жүзеге асырады?
13. Қылмыстық іс жүргізудегі сот талқылауының ерекшелігі жайлы айтыңыз.
14. Кәмелетке толмағандарға қатысты әділсот төрелігінің ерекшелігі жайлы айтыңыз.
15. Қылмыстық қудалаудан иммунитетке және артықшылықтарға ие тұлғаларға қатысты қылмыстық сот өндірісі ерекшеліктері қандай?
16. Депутаттық қол сұғылмаушылық деген не?
17. Сыбайлас жемқорлыпен күрес заңының пәні не болып табылады?
18. Қылмыстық сыбайлас жемқорлық деген не?
19. Сыбайлас жемқорлықпенкүрес қағидаттары қандай?
20. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының субьектілері кім болып табылады?
21. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қандай органдар жүзеге асырады?
22. Мемлекеттік функцияны орындаумен қандай қызмет сәйкес келмейді?
Достарыңызбен бөлісу: |