Иллюстрациялық материалдар. " Мәміле түрлері " схема
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. ҚР Азаматтық кодексі..
4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
5. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж
Бақылау сұрақтары.
1. Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?
2. Азаматтық құқық қағидаларын атаңыз?
3. ҚР Азаматтық құқығының қайнар көздерін атаңыз ?
4. Азаматтық құқықтың субъектісі кім болып табылады ?
5. Кәсіпкерлік дегеніміз не?
6. Заңды және жеке тұлға түсінігін беріңіз ?
7. Қандай заңды тұлға түрлерін білесің ?
8. Азаматтық құқықтық қабілетілік дегеніміз не?
9. Азаматтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз не?
10. Азаматтық құқық қатынастардың пайда болуының негіздері қандай ?
11. Азаматтық құқық объектілеріне не жатады ?
12. Мәміле дегеніміз не?
13. Мәміленің қандай түрлер бар ?
14. Жеке кәсіпкер дегеніміз не?
15. Мемлекеттік кәсіпорын дегеніміз не?
8-ші тақырып. ҚР отбасы құқығының негіздері.
Мақсаты. Студенттерді отбасы құқығы негіздерімен, отбасылық құқықтық қатынастар мазмұнымен, некеге тұру шарттарымен, некеге тұруды шектеу негіздерімен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Отбасы құқығының түсінігі. Отбасы – неке заңдары. Некеге тұру және некенің тоқтатылуы. Жұбайлардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері. Неке шарты. Ата аналары мен балаларының құқықтары мен міндеттері. Бала асырап алу. Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттама.
Отбасы құқығы некеге тұру, некені тоқтату және некені жарамсыз деп тану қатынастарын, отбасы мүшелерінің- жұбайлардың, ата аналар мен балалардың, ал заңмен бекітілген жағдайларда туысқандармен басқа да тұлғалардың, сонымен қатар, ата ана қарауынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру нысандары қатынастарын реттейді. Бұл қатынас түрлерін барлық қатынастың некеден, туыстықтан, және заң бойынша туыстыққа теңелетін қатынастардан пайда болатындығы біріктіреді. Жаңа заңдағы жаңалық отбасы заңдарын реттеу пәнінен азаматтық жағдайларды тіркеу актісіне қатысты мәселелерді алып тастау болып отыр.
Отбасы қатынастарымен реттелетін (мүліктік емес ) жеке қатынастарға мыналар жатады: некеге тұру және некені тоқтату, отбасы мәселелерін шешуге байланысты жұбайлар арасындағы қатынас, некеге отыру және некені тоқтату жағдайында тегін таңдау, балаларға тәрбие және білім беру мәселелері бойынша ата аналар мен балалар арасындағы қатынас және т. б. Мүліктік қатынастарға отбасы мүшелерінің алименттік мінддеттері және жұбайлардың ортақ және жекелеген мүлкіне байланысты қатынастары кіреді.
Иллюстрациялық материалдар. " Отбасы құқықтық қатынастары " таблицасы.
Әдебиет.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы
-
Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
-
ҚР Неке және отбасы туралы 1998
-
Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
-
Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
-
Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж
Бақылау сұрақтары.
1. Отбасы құқығы қандай қатынастарды реттейді?
2. Неке дегеніміз не ?
3. Некеге тұру шарттарын атаңыз ?
4. Қамқоршылы, асырап алушылық дегеніміз не ?
5. Ата- ананың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
6. Балалардың құқықтары мен міндеттерін атаңыз.
7. Неке шарты дегеніміз не ?
9-шы тақырып . ҚР еңбек құқығының негіздері
Мақсаты. Студенттерді еңбек құқығы негіздерімен, еңбекке орналастыру ережелерімен, еңбек шарты мазмұнымен және шарттарымен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Еңбек құқығы пәні, әдісі, жүйесі және қайнар көздері. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар. Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтудың құқықтық негіздері. Еңбек құқық қатынастардың тараптары. Еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер. Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы. Кепілдік пен өтемақы. Еңбекті қорғау. Еңбек тәртібі. Материалдық жауапкершілік. Еңбек даулары.
Еңбек құқығының пәні болып жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін еңбек қатынастары болып табылады. ҚР Еңбек заңдарының міндеті жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды реттеу және заңсыздыққа жол бермеу. ҚР Еңбек заңдарының қағидалары болып мыналар танылады: 1. еңбек саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің шектелуіне жол бермеу; 2. еңбек бостандығы; 3. мәжбүрлеп еңбек еткізуге жол бермеу; 4. қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету; 5. өндіріс нәтижелеріне қарағанда жұмысшы өмірі мен денсаулығының басымдықта болуы; 6. ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес жалақыға және жасаған жұмысы үшін әділ сыйақы алу құқығын қамтамасыз ету; 7. демалуға құқықты қамтамасыз ету; 8. жұмысшылардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 9. өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлесу құқығын қамтамасыз ету; 10. әлеуметтік серіктестік; 11. еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау мәселелерін құқықтық реттеу; 12. ҚР Еңбек заңдарын қорғау мақсатында жұмысшылар өкілдерінің құқығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Еңбек қатынастарының субьектілері болып жұмыс беруші және жұмысшы танылады.
Еңбек қатынастары жұмысшы мен жұмыс беруші арасында заңға сәйкес жасалған еңбек шарты негізінде пайда болады.
Иллюстрациялық материалдар. " Еңбек шартын бұзу негіздері " таблицасы.
Әдебиет.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы
-
ҚР Еңбек кодексі. 2007 ж.
3. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
4. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.
5. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
Бақылау сұрақтары.
Еңбек құқығының пәні не болып табылады?
Еңбек құқығы дегеніміз не? Еңбек бостандығы дегеніміз не?
ҚР еңбек құқығының қағидаларын атаңыз.
Жұмыс уақыты, демалыс уақыты дегеніміз не?
Жұмыс уақытының қандай түрлері болады?
Еңбек демалысының қандай түрлері болады?
Еңбек даулары қалай шешіледі?
10 ші тақырып. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы негіздері
Мақсаты. Студенттерді әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының негіздерімен, әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарымен, зейнетақымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы түсінігі, қайнар көздері. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері. Ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Жәрдемақы түсінігі және түрлері. Төлемдерді тағайындауды құқықтық қамтамасыз ету. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заң ҚР -да азаматтард зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздерін айқындайды, меншік түріне қарамастан мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етілуінің конституциялық құқығын жүзеге асыруға қатысуын реттейді.
ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі ретіндегі міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық және ұйымдық негіздерін реттейді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру мына түрлерге бөлінеді: 1. еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында; 2. асыраушысынан айрылуына байланысты; 3. жұмысынан айрылуына байланысты; 4. жүктілігіне және босануына байланысты кірістен айрылу жағдайында; 5. жаңа туған баланы асырап алуына байланысты кірісінен айрылуы жағдайында; 6. бір жасқа дейінгі баласын күтуіне бйланысты кірістен айрылу жағдайында.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары мыналар болып табылады: 1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР заңдарының орындалуын және сақталуының жалпыға ортақтығы; 2. әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін мемлекетпен кепілдендіру шаралары; 3. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу; 4. әлеуметтік төлемдерге бөліктеуді заңға сәйкес пайдалану; 5. әлеуметтік төлемдердің мөлшерінің дифференциациялау; 6. міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін органдардың қызметінің жариялылығы.
Иллюстрациялық материалдар. " Әлеуметтік қамтамасыз етудің нысандары " таблицасы.
Әдебиет.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚР Әлеуметтік қамтамасыз ету туралы Заңы.
ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңы.
4. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
5. Г. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. А., 1993ж.
6. Н. О. Дулатбеков, С. К. Амандыкова, А. В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000
Бақылау сұрақтары.
ҚР зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері?
Ортақтасқан зейнетақы қоры дегеніміз не?
Жинақтаушы зейнетақы қоры дегеніміз не?
-
Міндетті әлеуметтік сақтандыру дегеніміз не?
-
Міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері қандай?
11-тақырып. Қаржы құқығының негіздері.
Мақсаты. Студенттерді қаржы құқығының негіздерімен және оның бастауларымен, тапсырмаларымен таныстыру.
Дәріс тезисі.
Қаржы құқығының бастауы мен жүйелері туралы түсінік. Қаржы құқығының ерекшеліктері. Құқықтық қатынас туралы жалпы сипаттама. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен мемлекет қызметінің қаржы құқығының негіздері мен ұғымдары. ҚР-ның қаржы құрылымы. Мемлекеттің қаржы жүйесі. Қаржылық бақылаудың әдістері, түрлері, міндеттері мен түсінігі.
Қаржы – білім беру жүйесінде және ақша қаражатын жұмсауда, ақша операциясын іске асыруда, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету мақсатымен ақша шаруашылығын енгізуде туындайтын экономикалық қатынас. Мемлекеттің қаржы қызметі – мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті басқару органдарының жоспарлық білім беруі, өз қызметтерін іске асыруға міндетті және ерікті әдістермен білім беру аумағындағы ақша қаражатын пайдалануы мен ақша қорын үлестіруі; қаражатты пайдалану аумағында ақшалай қаржыны үлестіру қызметтері.
Қаржы негіздері пәні – халықтық қаржыны жұмсау мен білім берудегі қоғамдық қатынасты, халықтық қызметке арналған қызметтерді іске асыру.
Қаржы негіздері пәніне негізінен халықтық ақша қаражатын жұмсау бойынша қызметтер мен салықтық қатынастар жатады. Қаржылық құқықтық қатынас объектінің материалды (ақшалай) және процессуалды (ұйымдастырушылық) түріне қарай ажыратылады, ал құрылымына қарай қаржылық жүйе – кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің бюджеттік, салықтық, сақтандыру, банктік, кредиттік, кедендік, есептік қаржылары болады. Қаржылық құқықтың ерекшеліктері: қаржылық құқықтық әрекеттің қоғамдық қатынасқа императивтігі (тегеуірінділігі), субъектінің қаржы құқығының теңсіздігі, өктемшілдік және келісушілік сипаттарын байланыстыру, конформизм (субъектілер қаржы құқықтық қатынасына биліктің алдын ана жазуына енеді), субъектінің меншігін жекешелендіру, қаржылық жауапкершілікті қалпына келтіруді сипаттау.
Иллюстрациялық материал. Қаржы құқықтық ереженің құрылымы кестесі.
Әдебиет.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы
-
Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
-
Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
-
Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
-
Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
-
ҚР Бюджеттік кодексі.
Бақылау сұрақтары.
-
Қаржы құқығы қандай қатынастарды реттейді?
-
ҚР қаржы құқығының бастауларын атаңыз.
-
ҚР мемлекетінің және әкімшілік-аумақтық бөліністерінің қаржы құқықтық нысандарын сипаттаңыз.
-
ҚР қаржы құрылымын сипаттаңыз
-
ҚР қаржы органдарының компентенциясын ашыңыз және атаңыз.
-
Қаржылық бақылаудың мақсаттары не?
-
Банктік несиенің ақша айналымы мен есебінің құқықтық негіздері қандай?
-
ҚР валютаны реттеудің негіздері қандай?
12-тақырып. Жер құқығының негіздері.
Мақсаты. Студенттерді жер құқығының негіздерімен, жерді қорғау құқық негіздерімен, жерді меншіктеу құқығы негіздерінің туындауымен таныстыру.
Дәріс тезисі.
ҚР жер құқығының негіздері. Жер құқығы пәні мен жүйесі туралы ұғым. Жер құқықтық қатынастар. Жерге меншік құқығы, жерді пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтар. Жер категориясы. Жер ресурстарын басқару. Жер дауын шешу. Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
Қазақстан Республикасы нысаналы қолданылуына сәйкес жер қоры мынадай категорияларға бөлінеді: 1. ауыл шаруашылығының жерлері; 2. жергілікті халықтық елді мекендер (қала, ауыл және халықты аймақтар) 3. өнеркәсіптік жерлер, көлік, байланыс, қорғаныс және ауылшаруашылығына жатпайтын басқа да жерлер; 4. ерекше қорғалатын табиғи жерлер, сауықтыру және тарихи-мәдени жерлер; 5. орман қорлары, 6. су қорлары; 7. жер байлықтары.
ҚР жер мемлекет меншігінде болып табылады. Сондай-ақ, жер учаскелері заң негіздерінде, шарттарында және шегінде белгіленіп жеке меншікте болуы мүмкін.
ҚР жер заң жиынтығының мақсаттары : жер учаскелері мен жерді пайдалануға шарт қою негізінде жерді меншіктеуге өзгертулер мен тоқтатылу шектері туындағанда, құқықты іске асыру мен жер учаскесіне меншіктік және жерді пайдаланудың тәртібі; жерді қорғау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу, топырақтың өнімділігін өндіру, табиғи кеңістікті жақсарту мен сақтау, шаруашылықтың барлық түрінің тең дамуына шарт жасау, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың жерге құқығын сақтау, жылжымайтын мүліктік нарығын дамту мен құру, жер қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту.
Иллюстрациялық материал. Жерге меншік құқығының туындау негіздері кестесі.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
-
ҚР Жер кодексі.
Бақылау сұрақтары.
1. Жер құқығы қандай қатынастарды реттейді?
2.Жер құқықтық қатынастар дегеніміз не?
3. ҚР жердің қандай категориялары бар?
4. Жер дауы қалай шешіледі?
5. Жер заңын бұзғаны үшін жауапкершіліктің қандай түрлері бар?
13-тақырып. Экологиялық құқық негіздері.
Мақсаты: Студенттерді экологиялық құқық негіздерімен, табиғатты қорғау туралы заңдардың қағидаларымен, экология-құқықтық жауапкершіліктің шарттарымен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Қ.Р. экологиялық құқығының жалпы ережелері. Экология құқығы пәні, жүйесі. Экологиялық заңнаманның жалпы сипаттамасы. Табиғат пен қоршаған ортаны пайдалану мен қорғаудың негізгі қағидалары. Экологиялық құқықтың объектілері. Табиғи ресурстарға меншік құқығының, табиғатты қолдану құқығының жалпы сипаттамасы. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық және экономикалық механизмі. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
Экологиялық құқық дегеніміз қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған орта кеңістігін ұтымды пайдалану мен сақтау мүддесінде табиғат пен қоғамның өзара қатынасы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығы. Экологиялық құқығының ережелері қоршаған ортаны қолдау және сақтау бойынша туатын адамдардың қатынастарын реттейтін мінез-құлық ережелері болып табылады. Ережелердің мынадай бөлімдері бар: салалық (белгілі бір табиғи объектілерді қолдау мен қорғау); комплекстік (қорғау мен табиғи комплекстерді қолдану); экологиялық (құқықтың басқа салаларының ережелері).
Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады. Экологиялық құқық жүйесі дегеніміз экологиялық заңдылыққа сәйкес нақты жүйелілікпен орналасқан институттар жиынтығы.
Иллюстрациялы материал. Экология-құқықтық жауапкершіліктің шарттары кестесі.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
-
ҚР Экологиялық кодексі.
Бақылау сұрақтары.
1. Экология дегеніміз не?
2. Экологиялық құқыққа түсініктеме беріңіз.
3.Қоршаған орта мен табиғатты қорғаудың негізгі қағидалары қандай?
4. Экология құқығының объектілеріне не жатады?
5. Экологиялық құқықтық қатынастары жағына кім кіреді?
6. Экологиялық құқық жүйесі дегеніміз не?
7. Экологиялық құқық бұзушылықтырға жауапкершіліктің қандай түрлері заңмен белгіленеді?
8. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмі қандай?
15-тақырып. Процессуалды құқық негіздері. Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Мақсаты: Студенттерді процессуалды құқық негіздерімен таныстыру. Студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасымен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Процессуалды құқығының бастаулары. Ұлттық құқық жүйесіндегі процессуалды құқықтың орны, ролі мен маңызы. Сот билігін іске асыру: процессуалдық нысандары, қағидалары. Процессуалды құқықтың салалары. Азаматтық процессуалды құқықтың пәні, жүйесі және қағидалары. Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастар ұғымы. Азаматтық істерді сотта қарастыру. Қылмыстық процессуалды құқықтың пәні, жүйесі және қағидалары. Қылмыстық процестің сатылары мен кезеңдері. Қылмыстық қудалау. Қылмыстық істерді сотта қарастыру.
Процессуалды құқық дегеніміз азаматтық және қылмыстық істерді қарастыру мен шешу бойынша, қылмыстарды ашу бойынша туындайтын қатынастарды реттейтін құқық жүйесінің бір бөлігі. Процессуалды құқық материалдық құқықпен тығыз байланыста болады, себебі ол оны жүзеге асыру үшін процессуалдық нысандарын бекітеді. Сот процесінің екі нысаны бар: азаматтық және қылмыстық.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негіздері. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға қарсы күрес саласында мемлекеттік саясат. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің қағидалары. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың субъектілері. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауына, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Осы заңдар мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды атқаратын басқа да тұлғалардың қызметінің тиімділігіне бағытталады және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтарды ашады және ескертеді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің қағидаларын, сондай-ақ, жауапкершілікті қолдану шарттарын белгілейді.
Иллюстрациялы материал.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
6. ҚР Азаматық іс жүргізу кодексі.
-
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
Бақылау сұрақтары.
1. Процессуалды құқық дегеніміз не?
2. Процессуалды құқықтың бастауларын атаңыз.
3. Процессуалды құқығының қағидалары қандай?
4. Процессуалды құқықтың салаларын атаңыз.
14-тақырып. ҚР қылмыстық құқығы.
Мақсаты: Студенттерді қылмыстық құқығының пәнімен, оның мақсаттарымен, қылмыстық жауапкершілікті қолдану шарттарымен, қылмыстық жазалау түрлерімен таныстыру.
Дәріс тезистері.
ҚР қылмыстық құқығының негіздері. Қылмыстық құқық материалдық құқықтың басты саласы ретінде. Оның ұлттық құқық жүйесіндегі орны, құқықтық мемлекетті нығайту негізіндегі маңызы мен ролі. Қылмыстық құқықтың мақсаттары мен қағидалары. Қылмыс ұғымы мен оның белгілері. Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық жаза. Кәмелетке толмаған балалардың қылмыстық жауапкершілігі.
Қылмыстық құқық дегеніміз қандай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын және оның жазаларын біріктіретін құқықтық нысан.
Қылмыстық құқықтың мақсаттары: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті, қоршаған кеңістікті сақтау, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілігін және қылмыстарды ескертуді қамтамасыз ету.
Иллюстрациялы материал. Қылмыстық жазалардың түрлері кестесі.
Әдебиет.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
-
ҚР Қылмыстық кодексі.
Бақылау сұрақтары.
1. Қылмыстық құқық қандай қатынастарды реттейді?
2. Қылмыстық құқықтың мақсаттарын атаңыз.
3. Қылмыстық құқықтың қағидаларын атаңыз?
4. Құқықтық мемлекетті нығайту негізіндегі қылмыстық құқықтың маңызы мен ролі қандай?
13 ші-тақырып. Экологиялық құқық негіздері.
Мақсаты: Студенттерді экологиялық құқық негіздерімен, табиғатты қорғау туралы заңдардың қағидаларымен, экология-құқықтық жауапкершіліктің шарттарымен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Қ.Р. экологиялық құқығының жалпы ережелері. Экология құқығы пәні, жүйесі. Экологиялық заңнаманның жалпы сипаттамасы. Табиғат пен қоршаған ортаны пайдалану мен қорғаудың негізгі қағидалары. Экологиялық құқықтың объектілері. Табиғи ресурстарға меншік құқығының, табиғатты қолдану құқығының жалпы сипаттамасы. Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық құқықтық және экономикалық механизмі. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
Экологиялық құқық дегеніміз қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған орта кеңістігін ұтымды пайдалану мен сақтау мүддесінде табиғат пен қоғамның өзара қатынасы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығы. Экологиялық құқығының ережелері қоршаған ортаны қолдау және сақтау бойынша туатын адамдардың қатынастарын реттейтін мінез-құлық ережелері болып табылады. Ережелердің мынадай бөлімдері бар: салалық (белгілі бір табиғи объектілерді қолдау мен қорғау); комплекстік (қорғау мен табиғи комплекстерді қолдану); экологиялық (құқықтың басқа салаларының ережелері).
Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады. Экологиялық құқық жүйесі дегеніміз экологиялық заңдылыққа сәйкес нақты жүйелілікпен орналасқан институттар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |