5. Матрицалық құрылымның ұйымдастырылуы
Матрицалық - басқару құрылымында бөлімшелермен қоса, бір мәселені шешуге уақытша жобалық топтар құрылады. Жобалық топтардың мүшелері көбінесе функционалды бөлімшелердің құрамында болады. Бұл персоналдың бір жобадаң екіншіге өтуіне оңай ауысуына және тиімді қолдануына әсер етеді.
Ол кәсіпорында бір мезгілде бірнеше жобалар жасалынған кезінде қолданылады басқарудың матрицалық құрылымы екі түрлі басқару құрылымын біріктіру арқылы құрылады:
1. Сызықтық - функционалдық құрылым шеңберінде (тік бағыт бойынша) басқару ұйымының жеке қызметтері бойынша құрылады (өндіріс, өткізу, жабдықтау және т. б. ).
2. Бағдарламалық мақсаттық құрылым шеңберінде (көлденең бағыт бойынша) бағдарламаларды басқару ұйымдастырылады.
Жобаның мерзімдері мен сапасы үшін жоба басшысыжауап береді, ал арнайы мәселерді шешу үшін функционалды бөлімшелер басшылары жауап береді. Матрицалық құрылым мамандарды ең тиімді пайдалануға, жобаларды жасау мерзімдерін қысқартуға, олардың сапасын жақсартуға және оларды жасауға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Матрициалдық құрылымның артықшылықтары:
Ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларының өзгеруін жылдам сезіну және оған жылдам бейімделу мүмкіндігі;
әкімшілік қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін функционалдық құрылымдармен әрекеттестіктегі бағдарламалық бөлімдерді құрастыру есебінен көтеру;
еңбек ісінің әртүрлі түрлерін мамандандыру есебінен кадрларды тиімді пайдалану;
басқаруды орталықтандырмау және басшылықтың демократиялық қағидаларын күшейту есебінен жұмыс мотивациясын арттыру;
жобаның жеке мәселелерін шешуде бақылауды күшейту;
өкілеттіліктің белгілі бір бөлігінделигерлеу арқылы жоғары деңгейдегі басшылардың салмағын азайту;
бағдарламаны және оны құраушы элементтерін орындауда жеке жауапкершілікті көтеру.
Матрицалық басқару құрылымы екіжақты бағыну қағидасына негізделген, бір жағынан, жобаның немесе мақсатты бағдарламаның жетекшісіне қызметкерлер құрамын және өзге ресурстарды беретін функционалды бөлімнің басшысына, екінші жағынан, ресурстар мен сапаға және уақытқа жауапты өкілеттікке ие уақытша топтың басшысына бағынатын «шешуші» басқару құрылымы ретінде сипаттауға болады. Осындай басқару құрылымында жоба жетекшісі екі бағыныштылар тобымен қатынаста болады: жобалық топ және уақытша бағынышты болатын өндірістік функционалды бөлім қызметкерлері.
Матрицалық құрылымның кемшіліктері 7-сызбада көрсетілген:
7-сызба. Матрицалық құрылымның кемшіліктері
Достарыңызбен бөлісу: |