3. Сызықты-штабты құрылымның маңызы
Сызықты – штабты басқару қүрылымының ерекшелігі: сызықтық басқаруға арнайы штаб қабылдаған шешімдерді сызықты басшылар арқылы төменгі сатыларға беріледі.
Басқару жүйесі бұл құрылымның идеясының туындауына, жаңа басқару міндеттерінің үйлестіру қызметіне, ғылыми-ұйымдық бөлімдер, еңбекті ғылыми ұйымдастыру топтары және т.б. пайда болуына орай, функционалдық органдар санының көбеюі ықпал етті. Сондықтанда осы жаңа міндеттерді шешу үшін басқару жүйесінің Құрылымында қолданылып отырған, сызықты және функционалды органдарды сақтай отырып, жоғары деңгейдегі басшының Қарамағында, болатын басқарудың қосымша ерекше штабтық органын құру ұсынылды.
Оған жүктелетін жалпы міндеттер — жоғары деңгейдегі басшыдық процесінде таңдау ақпараттарымен, талдау жинақтарымен, басқарудың жекеленген салаларында басқару процедураларын орындауды үйлестірумен, сондай-ақ сызықты және функционалдық органдармен қамтамасыз ету.
Сызықты-штабты құрылымның артықшылықтары 5-сызбада көрсетілген:
5-сызба. Сызықты-штабты құрылымның артықшылықтары
Кемшілігі: бұл құрылымның шешім қабылдауға құқығы жоқ. Бұл басқару құрылымына құқықтық қызметгер, бас басқарушы, социологиялық зерттеу секторы, техникалық директор, қорларды басқару бойынша директор, маркетинг бойынша директор, бөлімшелер жатады.
Штабтық бөлімдер құру - фирмаларды басқаруда функционалды маманданудағы бірінші қадам. Штабтық бөлімдер шешім дайындауда, шығармашылық және техникалық функцияларда орындап қана қоймай, олардың менеджерлері қызметінің негізгі бағытындағы функционалды құқықтарымен бөлінеді. Осы негізде фирмада жоспарлы-экономикалық бөлім, маркетинг бөлімі, бухгалтерия, кадрлар бөлімі, ұйыммен еңбек ақы төлеу және т.б. болады.
4. Сызықты – функционалды басқару құрылымы
Сызықты – функционалды басқару құрылымының міндеттері жауапкершілік сферасында тікелей шешім қабылдауды басқару функциясы бойынша бөлу, демек сызықтық бойынша төменгі буындардың жоғарғы буынға бағынуы. Бұл құрылым қайталанып, ұзақ уақыт бойы өзгермейтін мәселелерді шешуге тиімді және ұйымның максималды тұрақты болуын қамтамасыз етеді, бірақ жаңа әселелер пайда болғанда онша икемді болмайды.
Сызықты-функционалды құрылымның жұмыс істеу принципі 6-сызбада көрсетілген:
6-сызба. Сызықты-функционалды құрылымның жұмыс істеу принципі
Әрине сызықты – функционалды құрылым таза күйінде қолданылмайды. Әдетте олар алғашқы немесе кейінгі әдістермен үйлестіріп отырады. Үйлестіру принципінде тікелей бағынушылар сызықты байланыс бойынша құрылады. Арнайы мәселелер жөніндегі байланыстар (жоспарлау, ұйымдастыру, еңбек ақы төлеу, техника, өндірісті ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша) функционалды байланыс бойынша жүзеге асырылады. Басқарудың сызықты-функционалды құрылымдарын үйлестірудің негізгі міндеті сызықтық органдар мен функционалдық органдардың аралығындағы мақсаттарды, құқықтары мен міндеттерін қатаң шектеуді қамтамасыз ету болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |