1. Сызықтық құрылымның сипаттамасы; Функционалды құрылымның ерекшеліктері; Сызықты-штабты құрылымның маңызы



бет2/5
Дата24.01.2024
өлшемі119.01 Kb.
#489712
1   2   3   4   5
stud.kz-70069

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Сызықтық құрылымның сипаттамасы


Сызықтық құрылым – тікелей еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Мұндай құрылымда басқарудың барлық қызметтері басшының өкілеттілігінде болады, кейінгі органдар тек басшыдан ғана тиісті нұсқауларды алады, яғни бұл құрылымда басшы басқарудың барлық қызметтерін дербес атқарады.
Сызықты басқару құрылымы қарапайым өндірістерде кеңінең тараған. Құрылымның ерекшелігі: басқарушының тікелей жетекшілігімен байланысты, әрбір бөлімше немесе жеке орындаушы жоғарғы органдагы басшының біреуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады.
Сызықты құрылымның артықшылыңтары мен кемшіліктері 2-сызбада көрсетілген.



2-сызба. Сызықтық құрылымның артықшылықтары мен кемшіліктері

Бұл құрылым алғаш пайда болды. Ол біршама қарапайым, түсінікті, қисынды. Алайда мұндай типтегі құрылымның кемшілігі: сызықты басшы өзіне бағынышты бөлімшелердің барлық жұмысына жауап беріп, барлық басқару жұмыстарын атқарады. Сол себептен басқару қызметін жүзеге асыру қиынға түседі.


2. Функционалды құрылымның ерекшеліктері


Функционалдық құрылым – көлденең еңбек бөлінісі арқылы пайда болады. Басқару функцияларын бірнеше басшылар жүргізеді.
Басқарудың фунционалдық құрылымы, әдетте құрылымның дербес түрі ретінде қарастарылады. Менеджменттің әрбір қызметінде басқару бөлімшелері құрылады. Олар төменгі деңгейдегі сатыға өз шешімдерін жүктейді. Құрылымдағы функционалдық элементтердің қажеттілігі ұйымдық жүйелер күрделене бастап, сызықты бас:шылардың жұмысын жеңілдету қажет болған кезде пайда болады.
Функционалды құрылымның артықшылықтары 3-сызбада көрсетілген:



3-сызбы. Функционалды құралымның артықшылықтары

Өндіріс процесіндегі құрамдас бөліктерді орындау үшін жұмыскерлер тиісті бөлімшелерге бірігеді: өндірісті әзірлеу, өндірісті қамтамасыз ету, негізгі және қосалқы өндірістер және т.б. Осы бөлімшелерді басқару үшін арнайы басшылар бөлінеді. Осы бағыттардың әр қайсысында қызмет лауазымдарының бір-бірше бағынуына қарай бөлінуі айқындалады.


Функционалды ұйымдастыру схемасы орта компанияларда кеңінен қолданылады. Барлық басқару деңгейіндегі нақты функцияларды орындау үшін бөлімшелерді құруды талап етеді.
Президент (бас басқарушы), бухгалтер, шығаратын орталық, жоспарлы-экономикалық бөлім, өндіріс бөлімшелері, функционалды департаментализация - бұл ұйымды бөлек элементгерге бөлу процессі.
Оның әрқайсысының анықталған нақты тапсырмалары мен міндеттері болады.
Функционалды құрылым құру олардың кең көлемді мәселелерді орындауына байланысты персоналдық топталуына әкеледі.
Функционалды құрылымның кемшіліктері 4-сызбада көрсетілген:



4-сызбы. Функционалды құралымның кемшіліктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет