1 соөЖ /СӨж тақырыбы: Әл-Фарабидің энциклопедиясы


Әл-Фарабидың көркем әдебиеттегі бейнесі



бет5/6
Дата19.04.2024
өлшемі39.01 Kb.
#499238
1   2   3   4   5   6
Срс

Әл-Фарабидың көркем әдебиеттегі бейнесі

1. Қазақ жерінің ұлы ойшыл, ғұлама филлософ, әмбебап ғалым әл-Фараби есімі еңбегі туралы көркем әдебиетте көптен бері айтылып келеді. Алғаш рет Әл-Фараби есімі ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтің “Қорқыт ” деген дастанында айтылады. Ақын бұл шығармасында әл-Фарабиді ұлы сазгер, музыкашы деп мадақ етеді.


2. Әл-Фараби мұрасына деген күрделі бетбұрыс алпысыншы жылдардан бері қарай орын алды. Ақжан Машанов өзінің көптеген мақалаларында әл-Фарабидің мұрасы жиналу, зерттелу екендігін көрсетті. Ол “Әл-Фараби” атты ғылыми көпшілік тұлғасында жазушы данышпан философтың өскен ортасы, оның замандастары ( Қорқыт т.б. )жөнінде бағалы ойлар айтты.
3. Бұл таұырыпта көркем шығарма жазғандардың бірі – Д.Досжанов. Қаламгер әл-Фараби повесінде кеменгер ғалым мақсаттығын, туған елге сағынышын сөз етті, ғалым туған елдің ыан ғасырлық мадени дәстүрі бар екенін көрсетті.
4. Алпысыншы жетпісінші жылдары драмашы Ш.Құсайынов “Әл-Фараби атты ” драмасында ғалым озық ойдың еннннұрын таратқанын, кіріптартпа надандармен ақыұ күреске шыққанын нанымды суреттей білді.
5. Әл-Фараби тақырыбында жазылған көркем шығармалардың ең көрнектісі – жазушы Ә.Әлімжановтың “Ұстаздың қайтып оралуы” деген романы. Бұл романда Әбу Насыр әл-Фарабидің білімге, табиғат, қоғам, адам өмірінің заңдылықтарын тануға қіштарлығы кеңінен көрінген. Қанша қиындық кезіксе де мойымай, мансапқа ұқызықпай, алған мақсаттан қайтпайтын өжетті ғалым тұлғасының жарқын қырлары болып табылады. Жұртшылық мүддесін өзінің жеке мүддесінен жоғары қоятын әл-Фараби өнегесінің тәрбиелік мәні де күшті.
6. Ұлттық әдебиетімізде Фарабинама дерлікте көлемді көрнекті туындылар шоғыры жасалғанын және олардың тарихи проза жанрын байытқанын айқын дәлелдейді. Ендігі мәселе сол шығармалардың басын қосып жеке кітап етіп шығару және олардың ең таңдаулысын өзге тілдерде (ағылшын, араб, түрік т.б.) аударуға байланысты.


Әл-Фараби – екінші ұстаз әрі ұлы физик, ғалым

Кез келген кісінің қолынан ұстаздық келе бермейді, келген күнде де оны қстазым деп атаушылар табылмайды. Ұстаз болу өте қиын әрі кісіге міндет жүктейді. Осы уақытқа дейін жалпыға танымал екі кісі болған. Оның біріншісі – Аристотель, ал екіншісі – біздің данышпан ойшыл бабамыз әл-Фараби.


Ұлы ғұлама ғалым бабамыздың еңбектерін топтайтын болсақ, негізінен мына екі салада еңбек еткен:
1) Жаратылыстану ғылымдар саласы (атрономия, астрология, физика, химия, география, медицина, музыка, т.б.);
2) Гуманистік ғылымдар саласы (космологиялық, философия, логика, лингвистика, шешендік, поезия, саясат, социология т.б.). Ал, физикалық ой тұжырымдары мына еңбектерінде жан-жақты айтылған:

  1. Ғалымдар энциколопедиясы

  2. Аристотелдің “Физиккасына” түсініктеме

  3. Мәселелердің түпкі мазмұны

  4. Сауалдар және оған жауаптар

  5. Музыканың ұлы кітабы

  6. Вакуум (бостық) туралы

  7. Қуат жайлы кітапқа түсініктеме

  8. Салыстыру жайлы кішкене ктап

  9. Шекті күш пен шексіз күш туралы кітап

  10. Физика негіздері туралы кітап

Енді ғұлама ғалымның жаратылыстану ғылымындағы негізгі ой тұжырымдарына тоқталып өтейік. Данышпан бабамыз салмақ туралы ғылым статиканы негізінен екі бөлікке бөледі.

  1. Таразы тралы

  2. Механизмдер туралы

Әл-Фараби стстика мәселелерін терең зерттеп, бұл ғылымның мағанасын дұрыс ашқан.
Сонымен қатар ұлы ғалым мұраларының ішінде механика мәселелері де лайықты орын алған. Айлакерлік туралы ғылым – механиканы математика мен геометрия әдістерін жан-жақты пайдаланып дәләелдеулермен сәйкестіріп түсіндіруге тырысқан.
Енді аса көрнекті физикалық еңбектерінің бірі “ Вакуум (бостық) туралы” еңбегіне тоқталатын болсақ, тәжрибе жасау әдісіне айрықша мән берілетінін баса айтқымыз келеді. Ертедегі грек оқымыстыларында сирек кездесетін бұл әдіс жаратылыс тану ғылымы үшін теңдесі жоқ кереметтілігін дұрыс түсініп, толық меңгерген. Бұл бағытын жан-дақты талдай келе әл-Фараби бірнеше физикалық құбылыстарға толық тоқталды. Мысалы, дененің қызу және суу себептерін обьективті заңдылықтармен дәлелдей отырып, заттардың ұлғаюы мен кішірею құбылыстарын байланыстыра түсіндіреді.
Жалпы айтқанда Әбу Насыр әл-Фарабидің сол кездің өзінде-ақ ділелденген физикалық қортындылары, ой-тұжырымдары алаам баласының даму кезхеңінде ерекше орын алады. Әл-Фарабидің физикалық анықтамалары болжамдары күні бүгінге дейін физика мағынасын, мәнін жойған жоқ. Керісінше кейін ашылған жаңалықтарға бастама болып, жарық дифракциясына берген анықтамасы Гримальди (1650), Френель(1815), Х.Гюгенс (1878) жобаларына негіз болса,гидродинамика мәселелерімен айналысу кезіндегі ой-тұжырымдары мен бостықты түсіндіру мақсатында қол жеткен бірнеше қортындылары Паскаль, Бойль-Мариотт және заңдарына бастама болған.
Қазақ халқының көне заманғы данышпан ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз ғалым мен өнердің саласы бойынша аса бай, мол мұра қалдырған. Діл қазіргідей ұлттық мәдениетіиізге қайта оралу кезеңінде ойшыл бабамыздың асыл қазнасын зерттеп, ұлттық дәстүрге лайықтап, физикалық о пікірді қайта жандандыру қажет деп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет