1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары


Жаһандану және демография



Pdf көрінісі
бет17/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
философия сессия

20.Жаһандану және демография 
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», 
«дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, 
мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми 
айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор 
Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың 
ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, 
Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық 
индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, 
“ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 
Демография (грек. δῆμος — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, 
ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа 
бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен 
байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.Демография адам 


популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, 
отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы 
популяцияның туу, өлу және көші-қон коэффициенттеріндегі өзгеруі 
тұрғысынан статистикалық зерттеу.[1] 
Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, 
дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни 
табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу 
мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) 
мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың 
көшіп-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі 
адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім 
деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, 
бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынада алғанда, халықтың 
ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи 
жағдайларға және көші-қонның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының 
құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. 
Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан 
ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі 
бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық 
дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. 
Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық 
халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір 
топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық 
процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық 
құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық 
салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің 
заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық 
өзгерісін сол қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары 
айқындайды.
Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол 
алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық 
жазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және 
оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет