Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, қобызшы, аңыз
кейіпксрі, «Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын,
өмір салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық
тарихи
мұра. Оның ішінде 12 түрлі дастан бар және оның әрқайсысы — өзінше
аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың түп-тамыры, шамасы, сонау көне
замандарда пайда болған мифологияяға кетеді, сондықтан олардың
құндылығы да, міне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөніндегі аңызда әйелінің
кеңесі бойынша, хан қарапайым халыққа садақа үлестіріп, ата-бабасының
аруағына сиынып, тәңірден бала тілеп алады. Ол бала дәу бұқаны
жұдырықпен ұрып- жыққаны үшін, Бұқаш аталып кетеді. Мұндай желіс қазақ
дастандарында көп кездеседі. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой атап»
ата-бабалар қабіріне түнеп, көп тілектерден кейін барып туады. Осылайша
өмірге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып
шығады (Ертөстік, Алпамыс, Қобыланды т.с.с).
Достарыңызбен бөлісу: