1 Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі


Сыныптан тыс спорт -көпшілік жұмыстарын жоспарлау



бет12/19
Дата13.03.2023
өлшемі127.01 Kb.
#470713
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
лекция базалық спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері

Сыныптан тыс спорт -көпшілік жұмыстарын жоспарлау
Сыныптан тыс спорт – көпшілік жұмыстарын жоспарлаудың негізгі құжаты - көпшілік-спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары. Ол жоспар төмендегідей бөлімдерге бөлінеді:
1. Көпшілік қатысатын жарыстар: шаңғы, жеңіл атлетика, кростар, Президенттік сынамалар жарысы, әр түрлі конкурстар, көңілді старттар («Ал қане, жігіттер»).
2. Мектептегі кең тараған спорт түрінен жарыстар.
3. Басқа мектептермен өткізілетін жолдастық кездесулер.
4. Аудан, қала біріншіліктері.
5.Спорт түрлерінен іріктеу жарыстары.
6. Спорттық мерекелер, көрнекі орындаулар (насихаттау) түрлері.
Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басындағы қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет-ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады. 

І.Оқу құжаттары


1.Оқу бағдарламасы.
2.Бағдарлама материалдарының жылдық жоспар графигі.
3.Күнтізбелік сабақ жоспары.
4.Күнделікті сабақ жоспары.
ІІ. Дене тәрбиесі ұжымының құжаттары.
1.ДТҰ-ның жалпы жылдық жоспары.
2.Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары.
3.ДТҰ кеңесінің жұмыс жоспары.
4.ДТҰ-ның жиналыстарының, отырыстарының хаттамалары.
5.Президенттік сынақ комиссиясының құрамы, мектеп бұйрығы.
6.Сыныптар бойынша ПС -ты қабылдау кестесі.
7.Президенттік сынақтың нәтижелерінің хаттамалары.
8.ДТҰ кеңесінің тізімі.
9.Сынып спорт секторларының тізімі.
10.Спорттық үйірме сабақтарының кестесі.
11.Мектепішілік бұйрықтар: ПС қабылдау туралы,аудандық жарыстарға
жіберу туралы, мектепішілік жарыстарды өту туралы т.с.с.
12.Мектепішілік спорттық жарыстардың өтілу ережелері.
13.Өтілген спорттық жарыстардың хаттамалары.
14.Спорт үйірмелеріне қатысушы оқушылардың тізімі.
15.Дене тәрбиесінен оқу жылының қорытынды есебі,(үлгі ОШ-7).
16.Спортзалдың пайдалануға жарамдылығын қабылдау туралы актісі.
ІІІ. Әдістемелік жұмыс.
1.ДТҰ-ның әдістемелік кеңесінің жылдық жұмыс жоспары, журналы.
2.Мұғалімдердің өз білімін көтеру жоспары мен журналы.
3.Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысу жоспары мен журналы.
ІY. Үгіт-нәсихат жұмысы.
1.Спорттық қабырға газеттерін шығару ( Бәйге).
2.Спорттан мектеп рекордтары (стенд).
3.Мектеп рекордшылары ( фотостенд).
4.Президенттік сынақ экраны.
5. «Қазақстан спортының мақтаныштары» (фотостенд).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет