1 Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі


Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері



бет2/19
Дата13.03.2023
өлшемі127.01 Kb.
#470713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
лекция базалық спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері

Күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуына дене тәрбиесі жаттығуларының тигізетін әсері
Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырады. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының 9 жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізінен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек.
а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа етбетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет.
ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу.
Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы да тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделі жаттығулар пайдаланылады. Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру.
Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады.
Әрбір келесі қимыл — әрекет бұрын көрсетілген шапшаңдықты арттыру міндетін алға қоюы керек.
Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмендей бастағанша қайталана беруі керек. Оларды сабақтың басында немесе ептілікті арттыратын жаттығуларды орындаудан кейін өткізген жөн. Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл — қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы: беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау), бір орында тұрып 180–360 градусқа бұрылып секіру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлі қимыл — қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады. Дене тәрбиесінде пайдаланылатын жаттығулар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгді. Денеге түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйесі және дәйекті болуын мейлінше дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б қасиет — қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрде әсер етеді.
Дене тәрбиесі мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесінің теориясы — дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алаты орнын зерттейді.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі — дене тәрбиесі ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды.
3. Спорттық жаттықтыру — оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесі маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.
Қазіргі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі көздері мыналар:
1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қабілетті, денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу.
2. Практикалық жұмыс. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар іс жүзіндегі тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін байыту.
3. Еліміздегі дене мәдениетінің орны және оны дамытуға байланысты “Қазақстан — 2050’’ стратегиясы жүзеге асыру шаралары.
4. “Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар ”.
5. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің, сондай — ақ басқа ілімдер қөлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан — жақты қарастырады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педогогика, спорттық психология пәндерін ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді. Осы пәндерді алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организімінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организімнің төзімділігін арттырады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады.
1) Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі.
2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене икемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады.
Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады.
Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады. Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.
Жаттықтырудың қорытынды бөлімі күш түсірудер кейін спортшының организімін қалпына келтіру процесін тездету үшін өткізіледі. Денені босату жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айнымалы жаттығулар түрлеріне өткізіледі. Әрбір жаттықтыру сабағын конспекті жазады. Конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, құрал — жабдықтар, жаттығуларды орындау саны әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Жаттықтыру процесі барысында қолданылған әдістер мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болу үшін спортшының жаттықтыруы мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Артық жаттығу түрлері күш түсіруге көп болмайды. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдасын жетілдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, мінез —құлықтары қалыптасқан. Жас спортшыларды тәрбиелеуге жаттықтырушы ата — аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ.
Тәрбиелеу әдістері сендіру және дағдыландыру әдістерінен тұрады. Сендіру әдісінің көмегімен спортшының ақыл — ойында қоғамның талаптарына сай мінез —құлық, жүріс — тұрысы тәртіптері қалыптастырады. Спортшы қоғамдық орында өзін — өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүдесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да жақсы әдептерді бойына сіңіру керек.

4. Тақырып: Мектепте жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі, ерекшеліктері.


1.Мектепте жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі, ерекшеліктері.


2.Жеңіл атлетиканың жеке түрлерін оқытудың реттілігі.
3.Жеңіл атлетика ойынына оқушыларды үйрету технологиясы.


Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары. Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған. Жеңіл атлетика бойынша әйелдерге арналған, ашықьстадиондар өтетін 50 спорт түрі, ер адамдарға арналған – 56 түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де ерлерге де арналған 14 спорт түрі.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс – әрекетінен басталады. Таюиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пада болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын – сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсеке жеке – жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың ежелгі грекияда шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтыққа жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстар жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктікте секіру сынды шарттар енгізілді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ – та 1868 жылы Нью – Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880 – 90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1958 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден – бір қарсыласы болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000 – ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтижеге қол жеткізе білді. 1968 жылы Мехикола өткен жарыста американыдқ спортшы Боб Бимон – 8м90см ұзындықтан секіруден әлем рекордын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиада да 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит – Джойнер рекордтық көркеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика – бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары – тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет