Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары.
- спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту;
- спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау;
- секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.
Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.
- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,
- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;
- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б. дайындау;
- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;
- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу, дайындау, қатысу.
Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру:
- оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;
- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;
- жарыс құжаттарын толықтыру, есеп беру.
Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:
Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;
- спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну, бұйрық шығару;
- оқу-жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;
- жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.
Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:
- спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;
- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;
- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;
- әйелдердің жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;
- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу.
Көп адам қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:
- туристік жорықтарға дайындалу, бару;
- спорт мерекелерін өткізу;
- көп адамдар қатысатын кростық жарыстарды, шаңғы жарыстарын өткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |