1 Тақырыбы: Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі



бет9/19
Дата13.03.2023
өлшемі127.01 Kb.
#470713
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
лекция базалық спорт түріндегі дайындықтың жас ерекшеліктері

дене тәрбиесінде ептілік Бұл адам ағзасының мүмкіндігінше тиімді қозғалыс кезінде бағытын өзгерту қабілеті. Бұл үйлесімділік, қарсыласу және тепе-теңдікпен қатар, спортсмен айналысатын тәртіпке қарамастан, спортшының бойында болуы керек негізгі қасиеттердің бірі.
Бұл сапа жағдайдың өзгеруіне жауап беру қабілетімен байланысты, бұл қозғалыстардың дәлдігі мен жылдамдығын, белгілі бір күш, бұлшықет күші және механикалық икемділікті білдіреді. Қысқаша айтқанда, бұл барлық үйлестіру қабілеттерінің конъюгациясы. Шапшаңдық жеңілдікпен байланысты, оны қозғалудың қарапайымдылығы деп түсінеді. Бұл икемділікке, икемділікке және жылдамдыққа байланысты. Бұл циклдік емес қозғалыстармен байланысты; бағытын, бағытын және жылдамдығын үнемі өзгертуді қажет ететіндер.
Физикалық ептілікті қамтитын кез-келген компонент сияқты, ептілік те көп жағдайда когнитивті элементке, яғни дененің қажетті бағытқа және сезімге қарай тез қозғалуы үшін қажетті тітіркендіргіштер шығаратын орталық жүйке жүйесінің дұрыс дамуына байланысты болады, демек мақсатқа тиімді жауап беру. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, ептілік бағыттың жоғары жылдамдықтағы өзгеруіне реакция жасау үшін физикалық қабілетті қажет етіп қана қоймай, оның қабылдау мазмұны да жоғары. Алайда, ептілік - дене шынықтыру жаттығуларының дұрыс дозасы кезінде айтарлықтай жақсартуға болатын нәрсе. Өкінішке орай, бұл да жылдар өткен сайын нашарлай беретін қасиет. Шапшаңдық - бұл мүмкін болатын уақыт пен энергияны аз жұмсай отырып, қимылдар жасауға мүмкіндік беретін физикалық жағдай.
Шапшаңдық спорттық пәндердің барлық түрлерінде қажет, бірақ бұл кедергілер мен қарсыластардан аулақ болу керек.. Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты ьолмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек. [1] а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу. Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады.Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру. [2] Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады. Әрбір келесі қимыл — әрекет бұрын көрсетілген шапшаңдықты арттыру міндетін алға қоюы керек.
Ептілік — бұл, біріншіден, жаңа қозғалыстарды бір- ден игеріп кетуге (үйреніп кетуге), екіншіден өзгеретін жағдайдың талаптарына сәйкес қозғалыс қызметін жылдам қайта құруға мүмкіндік беретін қабілет.Психологиялық тұрғыдан қарағанда ептілік өз қимыл-қозғалыстарын қабылдау толыққандығына, қоршаған орта мен ынталылыққа тәуелді. Сондай-ақ ептілік орталық жүйке жүйесінің созылымдығымен де анықталады. Ол қозғалыс реакцияларының шапшаңдығы мен нақтылығымен тығыз байланысты. Қозғалыс машықтары көлемі жоғары болған сайын ептілік деңгейі де жоғары болады. Қозғалыста епті болу үшін, қозғалыс міндеттерін жылдам әрі дұрыс шеше білу үшін күшті, шапшаң, төзімді болу қажет, буындар қозғалғыштығы, ерік-жігер сапалары жақсы болуы тиіс. Ептіліктің негізгі сипат- тамалары – қимыл-қозғалыс нақтылығы, олардың үйлесімді күрделелігі, қозғалысты аяқ астынан өз- герген жағдайда орындай білу қабілеті. Ептілікті дамыту үйлесімдік тұрғыдан күрделі қозғалыс әрекеттерін меңгере білу, аяқ астынан өзгеретін жағдайларға байланысты қозғалыс әрекетін қайта құру секілді қабілеттерді дамытудан туындайды. Мұндайда уақыт пен кеңістіктегі қозғалыстарды («кеңістік сезімі», «уақыт сезімі») дәл қабылдай білу және жасай білу қабілеттерін жетілдіру, тепе-теңдікті сақтай білу, күш түсіру мен босаңсуды ұтымды кезектестіре білу және т.б. қабілеттер айтарлықтай мәнге ие. Ептілікті дамытудың негізгі жолы – жаңа әртүрлі қозғалы- старды меңгеру. Бұл өз алдына қозғалыс машықтары қорлары- ның артуына алып келеді және қозғалғыш анализатордың функционалдық мүмкіндіктеріне оң әсер етеді.Жаңа қозғалыстарды меңгеру қабілеті ретінде ептілікті дамытуда жаңа элементтерден тұратын кез келген жаттығулар пайдаланыла алады. Машықты автоматтандыру негізінде бұл жаттығулардың ептілікті дамыту құралы ретіндегі маңызы азаяды. Ептілікті дамыту үшін аяқ астынан өзгеретін жағдайға бірден жауап қайтара білуге байланысты жаттығулар ұсынылады (спорттық және қозғалмалы ойындар, белгілі бір тапсырмалары бар секіру жаттығулары, жекпе-жек және т.б. Кәсіби тұрғы- да маңызды дене (қимыл) қабілеттері, оларды жетілдірудің құралдары мен әдістері. Ептілікті дамытуға бағытталған жүктемелерді өзгерту үй- лестіруші қиындықтарды жоғарылату жолымен жүзеге асады. Ептілікті дамыту процесінде әртүрлі әдістемелік амалдар пайдаланылады: қажетті бастапқы қалыптарды пайдалану; жаттығуларды дәлме-дәл орындау; қозғалыс қарқыны мен жылдамдығының өзгеруі; жаттығулар орындалатын кеңістіктік шектердің өзгеруі; жаттығуларды орындау амалдарының ауысуы; топтық және жұптық жаттығулар орындаған кезде жат- тығушылар қарсы әрекеттерінің өзгеруі; оған дейін белгісіз болған үйлесімдерде таныс қозғалыстарды орындау және т.б. Бұл жаттығу жұмыстарында басты жүктеме ОЖЖ-ға түседі. Ептілікті дамытуға бағытталған жаттығулар шаршауға алып келеді. Оларды орындау бұлшықет түйсіктерінің анықтығын талап етеді және шаршаған кезде аздаған әсер береді. Сол себепті демалыс интервалы толыққанды қалыпқа келу үшін жеткілікті болуы тиіс, ал жаттығулардың өзін оған дейін болған жүктемеден айтарлықтай шаршау болмаған жағдайда орындаған жөн. Ептілік шектелген тіреуде қозғалыс жасауда тұрақты тепе-теңдікті сақтай білу қабілеті ретінде көрініс табады. Тұрақты тепе-теңдік құрылысшыларды, жоғары өрмеле- гіштерді, туризм бойынша мамандарды және т.б. даярлауда кәсіби тұрғыда маңызды қозғалыс сапасы ретінде қарастырыла алады. Статикалық және динамикалық тепе-теңдік тірек болғанда да, болмағанда да көрініс табуы мүмкін. Тепе-теңдіктің анықтаушы рөлі кинестетикалық және вести- булярлы анализаторларға тиесілі. Көре алмай қалу тепе-теңдікті сақтауға кері әсер етеді. Тепе-теңдікті негізінен екі жолмен дамытуға болады. Олардың бірі тепе-теңдікті сақтау қиынға соғатын жаттығуларды жасауға негізделеді. Қимыл сапаларының дамуы дене мүсінін сақтауға және адам үшін өмірдегі қажетті қозғалысын жүзеге асыруға қажет. Дене мүсіні сыртқы пішінімен көрінеді, әр адам үшін денесін түзу ұстау үшін. Сапалы дене мүсінін қалыптастыру бала кезден бекіп және жетілдіруде дене тәрбиесінің маңызды мәселесі саналады. Дене мүсінін негізгі антропометрлік белгілері ретінде: дене бөліктерінің сәйкестілік орналасуы (бас, дене және аяқ) тиістік жазықтық пен омыртқа профилінде (мойын, кеуде және бел бөліктеріндегі иірім көлемі). Дене мүсінін бес түрін ажыратады: тік, бүкір, шалқайған, иілген. Дене мүсінің тік түрінен басқалары ауытқушылық саналады. Дене мүсінін сапалы тұрғыда қалыптастыру денетәрбиесінің маңызды бөлімі саналады. Балалармен сабақта тәртіп болу қажет: әр сабақ, әр денеминуты, денемәдениеті үзілісі және күнделікті таңертеңгілік гимнастика денемүсінін түзететін жаттығулардан және денемүсінін бақылаудан бастау қажет. Дене салмағы және дене салмағын түсіру әдістемесі жайлы сұрақты ашу туралы бірер сөз. Денежаттығулары барысында, әсіресе күштік негізде бұлшықеттердің көлемінің (гипертрофии) өсуіне әкеледі. Күштік жаттығулармен айналысу әдістемесі сабақтары, бұлшықеттер салмағының ұлғайуына бағыттала отырып денежаратылысын жақсартумен қатар спортсменнің күшін көбейту мақсатында қолдануға болады. Айтылған мәселе бойынша қортынды шығады, бұлшықеттерді ұлғайтуға бағытталған жаттығуларға талап қойу: бұлшықеттер кернеулігі шектен тыс болмау қажет. Сонымен қатар жаттығудың басқа әдісін қолдана отырыпдене салмағын төмендетуге болады. Алдымен дені сау,жақсы жетілген ағза үшін майдың кішігірім жиналуы байқалады (ерлерде мөлшермен Ѕ дене салмағынан, әйелдерде мөлшермен 1/16). Естен шығармау керек май басу – қатерлі де қауіпті ауру. Сондықтан осыған қарсы қомақты, толық адамдарға максималды қарқынды жаттығулардан, ұзақ сарынды – жүріс, ескек есу, жүзу, шаңғыда сырғанау және т.б. ұзақ жұмыс барысында дене майы жойыла бастайды. Жүктеменің ұзақтығы мен қарқындылығы ағзаның мүмкіндігіне байланысты. Ай мөлшерінде дене салмағының төмендеуі қарт адамдарда 2-3 кг, жастарда 3-4 кг аспау қажет. Тұрақты тепе-теңдік – қозғалыс сапасы ретінде денені статика мен динамикада тепе-тең қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік беретін қабілет. Оларға жылжумен (әртүрлі бағытта) тепе-теңдіктің әртүрлі түрлеріне қатысты жаттығулар, статикалық жаттығулар және кішірейтілген тіректердегі қалыптар және т.б. жатады. Вестибулярлы және кинестетикалық анализаторларды жетіл- дірудің өзге жолы – тоңқалаң асу, аударылып түсу, басты айналдыру, аяқ-қолды айналдыру, денені (әртүрлі жазықтықта) айналдыру секілді жаттығулар. Осылайша, қозғалыс (физикалық) сапаларын жетілдіруге бағытталған физикалық шынығу жалпы және ерекше жұмыс қабілеттілігінің тиімділігі және ұзақтығы деңгейін жоғарылатады; денсаулықта жақсартады; «заманауи» аурулар факторларының пайда болуын төмендетеді; денеде май массаларының пайда бо- луын төмендетеді; оң эмоционалды фон туындатады; психо-физиологиялық сапаларды (жад, ойлау, қабылдау, ерік), күйзеліске төзімділік механизмдерін, әлеуметтік, моторлы, адамгершіліктік машықтарды жетілдіреді. Сондай-ақ организмге шипалы әсер етуге, жаттығу жұмыстарының айтарлықтай тиімділігіне келесі шарттарды орындау арқылы ғана қол жеткізуге болады: организмге физикалық жүктеменің әсер етуінің тиімді дозасы (белгілі бір шектерде болуы тиіс: жоғарғысы организмнің индивидуалды мүмкіндіктерінен асып кет- пеуі тиіс, төменгісі жүйелік жаттығулардан оң жиынтық әсердің жеткілікті ықпал етуімен анықталады);

11 Тақырып: 8-9 сыныптарда жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі


1.Қозғалмалы ойын түрлеріндегі иілгіштік ерекшеліктері.Иілгіштік қабілетті анықтау. Еркін иілгіштік қабілетін арттыру.


2.Арнайы иілгіштік қабілетті арттыру.Иілгіштік қабілетті арттыруға арналған жаттығулар.
3.Иілгіштік жаттығуларға арналған қимыл ойындары

Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.


Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнытқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Балаларға арналған қозғалмалы ойындар.Қозғалмалы ойындар балалардың әр жасында қажет.Қоршаған ортадағы қозғалмалы ойындардың уақытында балаларда шапшандығы,жылдамдығы,қалыптасып олар батыл іс-әрекет етуге дағдыланады,қайратты әрі шыдамдылыққа үйренеді.Қозғалмалы ойындар соңымен қатар инициативасын, қайсарлығын,өздігінен жұмыс істеуін жетілдіреді.Көбінесе қозғалмалы ойындар балаларда қалжыраған байқалады.
Қозғалмалы ойындардан кейін шамалы шаршау пайдалы,себебі үнемі қайталаулардан ол дене мүшелерді жоғары дене жұмыстарына бейімделуге себеп тигізеді,жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады.Дегенмен,ойынға құлшынған бала,тым шаршап,құштарлануы мүмкін.Шаршаудың сыртқы белгілеріне беттің қызаруы болып табылады жоғары терлеу,ентігу,қозғалыстың нашарлауы.Осындай жағдайларда бала сәл бас айналуына,қалтырауға шағымдануы мүмкін.Сонымен қатар,шаршаудың тағы бір белгісі ретінде ойынға деген қызығушылығы төмендеуінде.Шаршау баланың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін,тәбетінің нашарлауына әкеп соғуы ықтимал,ұйқысының бұзылуына,қалжырауды тудыруы мүмкін немесе керісінше,тынымсыз қозғалыстылықты болдырады.Баланың өмірге деген қуанышы мен икемділігі сақталуы үшін,әр түрлі ойындарды кезектестіру қажет,жоғары қозғалмалы ойындар мен баяу қозғалу ойындардың бірлестіру керек. Мектепке дейінгі балаларда моторикасы мен қозғалысы күрделенуі жүреді. Бұл процесс үнемі жүрген уақытта,жүгірген кезде,секіруді,еңбектегенде қалыптасады.Дегенмен,осы қозғалыстарды,қозғалмалы ойындарда қайталаған шақта қозғалу икемділігін қалыптасуын тездетеді,баланың дене бітімімен психологиялық дамуын жеделдетеді.Мектепке дейінгі балалардың қозғалмалы ойындары қандай болады ?Қозғалмалы ойындарды мектепке дейінгі жастағы балаларға шарт бойынша сюжетті,сюжетсіз,және әуесті-ойындар болады.Сюжетті қозғалмалы ойындар сәбилерге өзінің заттар туралы көзқарасы мен білімін бекітеді,қоршаған орта түралы пікір қалыптастыруына септігін тигізеді
Адамның иілгіштігі – дене сұлулығы мен денсаулығы ғана емес, сонымен қатар оның күші. Йогада икемді адамды жел кезіндегі қамыспен салыстырады. Қатты жел соққанда аз қозғалатын ағаштар сынса, қамыс бұтағы қайырылып қана қояды. Иілгіштікке арналған жаттығулар денеңізді күшті әрі шыдамды етеді, аяқ, арқа, пресс бұлшықеттерін қатайтады. Ол ұйқыңызды жақсартып, жалпы ағзаның тонусын көтереді.Иілгіштікті созылумен шатастырмаңыз. Иілгіштік генетикаға негізделген, мысалы, бірі жасы үлкейсе де шпагатқа еркін отыра алса, енді бірі бірнеше ай жаттығудан соң да қиналатын болады. Созылу – иілгіштікті дамытатын физикалық жаттығу. Яғни, иілгіштік созылуға байланысты.
Иілгіштікті қалай тексеру керек?
- Басыңызды төмен түсіріп, иекті төске дейін жеткізіңіз. Арқаңызды дөңгелетіңіз. Егер арқа омыртқаңыздан ауыртпалық немесе қолайсыздық сезініп, көзіңіз қарауытып кетсе, ағзаңыз жеткілікті деңгейде иілгіш еместігін білдіреді;
- Омыртқаңызды ақырын артқа қайырыңыз. Егер қандай да бір жеріңізде жағымсыз немесе ауыртатын сезім (немесе сықыр) байқасаңыз, өмір сүру қағидаңызды өзгерту керек;
- Тізеңізді бүкпей, алақаныңызды еденге қойыңыз. Қалыпты жағдайда сіз қолайсыздық сезінбеуіңіз керек.
Жалпы қауіпсіздік ережесі:
- Иілгіштік жай дамиды. Мысалы, қарапайым адамға шпагатқа отыру үшін жарты жылдан екі жылға дейін уақыт керек. Бір аптада немесе бір күнде иілгіш болуға болады деген тұжырымдар өтірік екенін ескеріңіз;
- Жаттығу ауыртпалық тудырмау керек. Өте қарқынды жаттығулар сіңірлерге зақым келтіруі мүмкін. Иілгіштікке арналған әр жаттығу бес минуттық ширатудан басталуы керек;
- Денеңіз үйлесімді әрі симметриялы дамуы үшін жаттығудың үйлестірілген жиынтығын таңдаңыз. Барлық бұлшықетті қозғайтын 10-15 жаттығу түрін алыңыз.
Иілгіштікке арналған жаттығулардың динамикалық және статикалық түрлері болады.
Иілгіштікке арналған динамикалық жаттығуда тапсырылған жаттығу санын ақырындап көбірек қайталай беруге негізделген. Динамикалық созылу буын иілгіштігін және көп қозғалысты қажет етіп, бұлшықетке қан құйылуын жоғарылатады. Соның себебінен, олар оттекпен жақсы жабдықтайды.
Иілгіштікке арналған статикалық жаттығу бұлшықеттер максималды тартылып тұрғанда сол күйде 30-60 секунд қозғалмай ұстап тұруға негізделеді. Статикалық созылу буындар мен сіңірлердің иілгіштігін жақсартады. Жаттығудың осы түрі ең қауіпсіз. Алайда жаттығудың екі түрін де үйлестіріп жасасаңыз, нәтиже жақсы болады.
Иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар
1. Тіке тұрып, аяғыңызды иық жалпақтығымен бірдей мөлшерде ашыңыз. Жауырынды артқа жеткізіп, желкені жоғары қарай созыңыз. Омыртқаның созылуын сезініңіз.
2. Басыңызды ақырын алға түсіріп, осы күйде 30 секунд тұрыңыз, содан соң бастапқы қалыпқа қайтыңыз. Одан соң басыңызды келесі екі жаққа төмен түсіресіз. Яғни, құлағыңызды иыққа жеткізуге тырысқандай бұрасыз. Соңында басыңызды әр иық арқылы айналдырып, артқа қараңыз.
3.Еденде тұрып, аяғыңызды иық жалпақтығымен бірдей ашып, қолды белге қойып, екі жаққа да 15 рет еңкейіңіз.
4.Беліңізді сағат тілімен, одан соң оған қарсы айналдырыңыз.
5.Тіземен отырып, қолды артқа жіберіп, табаннан немесе тобықтан ұстаңыз, Бел тұсынан шалқайып 30 сек тұрыңыз.
6 .Еденде тұрып , тізе бүкпей, алақаныңызбен еденді ұстауға тырысып, еңкейіңіз, сол қалыпта 30 сек тұрыңыз.
7.Содан кейін аяғыңызды иық көлемі бойынша, екі аяғыңызға кезекпен еңкейіңіз. Тізенің артқы жағынан соғылғанын сезгеніңізше еңкейіңіз.
8.Еденге отырып аяғыңызды созыңыз. Аяқ ұшын өзіңізге тартыңыз, бұл күйде 30 сек тұрыңыз.
9.Осы жағдайда табанмен айналым жаттығуларын жасаңыз.
10.Тіке тұрып, қолды екі жаққа созып, Терең дем алып, өзіңізді қаттырақ құшақтаңыз, Дем шығарғанда қайтадан қолыңызды екі жаққа жайып , жауырыныңызды тақаңыз. Бұны 10 рет қайталаңыз.

12 Тақырып: 10-12 сыныптарда жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі.


1.Қозғалмалы ойын топтамаларында эстафеталық ойының орны
Дене шынықтыру пәнінің белгілі бір теоритиктері П.Ф.Лесгафт жәнеВ.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасы бекіп, ағзаның қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауында қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық-қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Ойын барысындағы іс-қимылды дұрыс саналы түрде балаға жеткізіп, қайталатуды бірнеше күн әдетке айналдырғанда бала ағзасындағы зат алмасу, барлық органдар мен дене құрылымындағы жалғасып жатқан нерв жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады. Негізінен, баланың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар ауада немесе далада ойнайтын ойындар. Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіне деген қажеттілік артады. Осы ойындардың арқасында баланың көңіл-күйі эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді. Қозғалмалы ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына, немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді.
Балалардың жоғарғы тыныс жолдары тар, олардың шарышты қабаттары лимфа және қан тамырларына өте бай болғандықтан қолайсыз жағдайларда ісініп тынысы жедел тарылтады. Қабырғалардың тегіс орналасуына байланысты тыныс жеңіл және жиі алынады (емшектегі балаларда минутына 35-40 тыныс қимылы, 7 жастағы балаларда минутына 26-27 тыныс қимылы жүреді). Одан басқа балаларда дем алу мускулатурасы әлсіз. Өкпе ткані өте нәзік себебі функционалды тұрғыдан ол әлі жетілген жоқ. Баланың кеудекуысындағы қозғалыс шектеулі. Олардың тыныс алу жүйесіндегі осындай ерекшеліктіұсына отырып, сәбилерге мұрын арқылы ауа жұтуды үйрету керек. Мұрынның ішкі жағы шырышты қабатпен қапталған қалың қан тамырларымен жабылған.
Бастауыш сынып оқушыларыныңқимыл-қозғалысын ұйымдастыру
4сынып бастауыш оқушыларыныңқимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделіқозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 10 жасқа дейін қалыптастып, әрі қарай шыңдалуының негізгі фундаменті қызметін атқарып, өмірде қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетудің алғы шарты қалыптасады. Бастауыш сынып балаларының қимыл-қозғалыс әрекетін ұлттық ойындар арқылы қалыптастыруда ағзаның жалпы дамуын тездететін қозғалмал жүру, жүгіру, тепе-теңдікті сақтау, еңбектеу, секіру, лақтыру элемнттерін меңгеру қажет. Баланың қозғалыс дағдысын дамытумен қатар дене шынықтыру жаттығу түрлерімен айналысуды жетілдіреміз. Себебі ұлттық ойын барысында еңбектеу, секіру, лақтыру, жүру, жүгіруді орындау үшін денесі шынығып, дамығаны дұрыс.
Жаттығуларды біртұтас, дара, ойынмен қолданысқаенгіземіз. Баланыңкүші дамыған сайын, секірудегі өлшемі ұзарып, затты лақтыру алыстайды. Ұлттық элементтер негізінде ойналған ойынның күнделікті тұрақты өмірге енуі баланың тез шаршамай шыдамды еңбекке үйренуін және ұзақ қашықтыққа жүріп, жүгіруіне төзімділік көрсетуге шыңдайды.
Ойын барысында балалар әртүрліқимыл жасайды. Тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды. Бірақ олардыңеркін қимылының даму дәрежесі әлі төмен. Олар ұйымдасқан түрде бірінің қолын бірі ұстап, бір бағытта жүре алмайды. 1,5-2-дегі балалардың қимылды көп қажет ететіндігін ескеріп бұл үшін арнайы жағдай ұйымдастыра отырып, мынаны есте сақтау керек: қимыл-қозғалыс белсенділігі назар аудартқыштың қалыптасуына ойыншықтармен біраз ойнауына бөгет жасамау керек. Балалардыңқозғалу талабын қанағаттандыра отырып, олардыңіс-әрекетіне қимыл-қозғалыс жаттығуларын енгізуде тұрақты дағдыға айналдырумен қатар денешынықтырудың элементтерін күннен-күнге күрделендіре береміз.
7-8 жастағы балаларға қимыл-қозғалыс ойындарын дамытуда тұрып, отырып, жатып орындайтын жалпы шынықтыру жаттығуларының маңызы зор. Ойындармен қимыл-қозғалыс эрекеттерінің баланың дамуына мынадай прогрессивті көмегі бар. Үлкендердің көмегінсіз іс-әрекеттерді орындауға белсенді бағытталуда, тәуелсіз дербестіктің қарапайым формаларыныңқалыптасуы балалар арасында жасалатын жаңа қатынас жалғыз ойнаудан, топ болып бірлесіп ойнау әрекетінен өту қалыптасады.
7-8 жастағы балалардың негізгіқозғалыс-қимылдары ойын арқылы шыңдалады. Онда негізгіқимылдар жетілдіреді, жүректілік, ұстамдылық, шыдамдылық секлдіқасиеттер қалыптасады. Қозғалыс-қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыспен іс-әрекеттіңүйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Басқа жағдайда ойыннан тыс жерде мүмкін ол мұндай нәтижелерге жете алмас та еді. Ойынды әртүрлі жаттығу түрлерімен алмастырып отыру – барлық қимылды біркелкі дамытудың маңызды шарты. Бұл жастағы балаларға арнап далада ойнайтын ұлттық ойындар: асықпен ойнайтын «Ханталапай», «Көкпар», «Айгөлек»т.б.
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесінің негізгі міндеттері - олардың денсаулығын сақтау, нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту, организмді шынықтыру, қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.
Қозғалмалы ойын алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепте сабак таңертеңгілік гимнастика өткізуден басталады, ол сауықтыру ғана емес, тәрбиелік мақсатты да көздейді. Мектепте сабақалдындағы гимнастика оқушыларды тәртіпке үйретеді, оқу күнін ұйымдасқан түрде бастауға көмектеседі, ал гимнастикадан кейінгі сергек көңіл күй оқушылардың жұмыс қабілетін арттырып қана қоймай, сабақ сапасын да жақсартады.
Сабаққа дейін күнделікті дене жаттығуларын өткізу көмегімен оқушылар ағзаның функционалдық мүмкіндіктері жоғарылайды. Сабаққа дейінгі гимнастиканың маңызы өте зор: дене жаттығуларын орындау арқылы оқушылардың көңіл күйі жақсарады, алдағы болатын сабаққа деген ынтасын арттыруға көмектеседі.
Сабаққа дейінгі гимнастиканы мектеп алаңында өткізген дұрыс. Ауа райы қолайсыз болса ғана мектеп ішінде әр сынып өзіне екітілген тұрақты, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін жерде шұғылданады. Жаттығулар кәдімгі мектеп киімімен орындалады. Оқу жылы басында сабаққадейінгі гимнастиканы мұғалім өзі жүргізеді. Одан әрі жаттығу жүргізілуі 3-4 оқушыларына тапсыруға болады. Алайда мұғалімніңсабаққақатысуы қажет.
Сабаққа дейінгі гимнастиканыңұзақтығы 8-10 минут, апталық көлемі шамамен бір сағаттан астам уақытты құрайды. Ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс: ағзаға жан-жақты әсер ету. Оқушыларды шаршатпау және қоздырмау, дене бітімін жақсарту. Оқушыларға жақсы таныс және оңай орындалатын 5-6 кешенді жаттығулардан тұруы тиіс. Негізінен, құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары өткізіледі. Бірінші – керілу, содан соңәр түрлі бұлшық ет топтарына жаттығулар орындалады. Жүктемесі көп жаттығулар (жүгіру, секіру т.б.) кешенді жаттығулар арасында жүргізіледі.Ойын жаттығулары мен күрделі емес эстафетеларды пайдалануға да болады.
Гимнастиканы оқушылар бірден сабаққакірісетін баяу жаттығулармен аяктағаны дұрыс. Жаттығулар құрамы айына бір рет өзгертіліп тұруы кажет.Дене жаттығуларын орындағанда мұғалімге аяқ-қол, кеуденің бастапқы қалпының дұрыстығын қадағалау қажет жәнеоқушылардың тынысты ұзақуақыт ұстап тұрмауын қадағалаған абзал, ол біркелкі болуы тиіс және дем шығару емес, дем алуға ерекше көңіл бөлген дұрыс.
Мұғалімнің жаттығу көрсетуі нақты анық және қысқа болуы тиіс. Жаттығулар орындау балаларды шаршатпауы керек. Статикалык қалыпты ұзақ уақыт ұстағанда оқушыларда бұлшық еттіңқалжырауы мүмкін, сондықтан бір жаттығудан екіншісіне ауысып отыру керек.
Шағын кешенді ауыл мектептерінде жаттығулар өткізгенде мұғалімге жаттығулар орындауды қайталау санын іріктеу қажет. Егер оқушылардың дене күшінің дайындығы шамамен тең денгейде болса, онда мұғалім бірыңғай мөлшер ұсынады, яғни барлық балалар үшін қайталау саны бірдей болады.
Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығу түрлері бағдарлама талаптарына сәйкес әзірленеді.
Барлық гимнастикалықжаттығулар түрлерін мұғалім оқушылардың дене дайындығына, олардың сандық күш құрамына қарай өзгеріп, толықтырылып, тіпті әр түрлі ойын элементтерін енгізіп отырады.
Қызықты эстафета
Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.
Доппен жарыс
Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.
Сыңар аяқ ойыны
Екі команда ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.
Таяқша және секіртпемен секіру ойыны
Бірінші ойыншы қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, серітпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай жалғаса береді.
Бір-бірінің үстінен секіру ойыны
Сапта тұрған балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.
Негізгі эстафеталық ойын
Бұл ойынға әр коандададн үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында тұрып, бір-бірден залды айналып жүгіріп, келесі ойыншыға таяқшаны береді. Қай команда этафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңске жетеді.

13 Тақырып: Мектепте жүзуге үйрету әдістемесінің ерекшеліктері


1.Таңертеңгілік гимнастика. Дене тәрбиесі сабақтары.
2.Қозғалмалы ойындар.Сергектік сәттері. Сабақтан тыс кездері жасалатын қимыл – қозғалыстар.
Жүзу – адам организмінің тепе-теңдікте өсуін жан-жақты қалыптастыратын спорт түрінің бірі. Жүзу дағдылары балаларға да, ересектерге де күнделікті өмірде қажетті.
Сол сияқты жүзудің емдік қасиеті де маңызды. Дұрыс ұйымдастырылған жүзу сабағы оқушыны жан-жақты дамытады, күштің қалыптасуына ықпал етеді, шыдамдылықты, ептілікті, жылдамдықты және басқада қабілеттерді қалыптастырады. Жүзумен үнемі айналысу, әсіресе, жастайынан айналысу адамның өсуіне оңтайлы әсер етеді. Суда адам денесінің қалықтайтын жағдайда болатыны белгілі. Дененің суда көлденең жағдайда қалықтауы тірек-қозғалыс мүшелерін қатайтады, түрлі дене мүшелерінің жүйесін өсіреді, ішкі органның жұмыс жасау процестерін жеңілдетеді. Сонымен қатар, су теріні тазалаумен қатар терінің тыныс алуына да, балаларда жүрек қан тамырларының жүйесін, тыныс алу бұлшық еттерін жақсартады, өкпенің толық тыныс алу жолданы ашуына көмектеседі. Жүзудің орта жүйке жүйесіне оң әсер ететіні де барлығына белгілі. Жүйелі түрде жүзумен айналысу омыртқаның дұрыс жетілуіне, гигиеналық тазалықтың сақталуына дағдыландырады, әр түрлі ауруларға қарсы күресу үшін организмді шынықтырады. Жоғарыда айтылған себептеге негізделе отырып, жүзу денсаулығы нашар балаларға да қажетті екені айқындалды. Жүзумен 1 сыныптан айналысқан дұрыс, себебі, ол жастағы балалар жүзу техникасын тез ұғынады, ересектерге қарағанда олардың жүзу қабілеттері мен дене қимылы жылдам болады.
Бірінші «Теория және су қасиетмен танысу( су ортасына үйрену); жүзудің негізгі біліктілігін (жүзудің түрлерін үйрену) денені толығымен шынықтыру, оқушының тану іс-әрекетінің дамуына бағытталған: (іс әрекеттің медициналық-биологиялық негіздері)
Екінші «Жүзу әдістері» адам іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылады, яғни оқушылардың өз бетінше еркін жүзу туралы ұғымдарға ие болуы және шыныға дамуы мен жүзуге дайындығын бакылау және орындалу әдістерінің ұйымдастырылуы.
Үшінші сатының мазмұны «Дененің толығымен шынығуы» оқушылардың жан-жақты дамуымен толығымен шынығуына, жүзу шеберлігін дамытуға бағытталған. Бұл саты өмірде қажет болатын біліктілік пен дағдыны, сонымен қатар, жалпы дамытатуға бағытталған координациялық жаттығулардан тұрады. Бағдарламаның оқу мазмұнының практикалық бөлімнің меңгерілуі жүзу іс әрекеттерінің негізгі білімі мен әдістерімен ұштастырылған.
Теориялық мазмұнды практика мазмұнымен тығыз байланыстыра отырып, оқушылар жүзуді динамикалық түрде 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін меңгереді. Бағдарламада жүзудің шығу тарихымен қатар, жеке гигиенаны сақтау, емдік жүзудің өзіндік ерекшелігі бар сабақтарды ұйымдастыру секілді тақырыптарда ұсынылады.
Қозғалыс мүшелеріне байланысты оқушылардың жүзудің бастапқы деңгейінде өз бетінше денесін шынықтыру мен жүзу дайындығына, жеңіл жарақаттарда дәрігерге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетуге де үйретеді. Табиғи және экономикалық өзгерістердің әсерінен денсаулықтың нашарлауын алдын алу мақсатында өмірге қажетті тірек қозғалыс мүшелерінің жүру, жүгіру, секіру дағдыларын жақсарту үшін жүзу ең тиімді екені белгілі, яғни қазіргі таңда өзекті. Дегенмен, қазіргі таңда қоғамның жүзу біліктілігі әліде өте төмен екені белгілі. Бұған бірден бір себеп бассейндердің әзідығы, сонымен қатар оқушылардың жүзу бойынша қосымша білімдері әліде толығымен зерттелмегені осы бағдарламаның өзектілігін айқындайды.
Педогикалық ақпараттың көбейуі, білім алу талаптарының күшейуі, балалардың зияткерлі қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылық қабілеттерін белсендету үнемі оқушылардың шынығуының және оны сақтау мүмкіндіктеріне жауап бере алмайды. Бастауыш сыныптарда жалпы оқушының өскелең ұрпақтың жеке тұлғалық мәдениетінің қалыптасуы үлкен роль атқарады. Осы жаста бастауыш сынып оқушының денесінің шынығуы қаланады, оқушының сабаққа деген құндылығы қалыптасады, денешынығуының жетілдіру қажеттілігі туылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет