1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары



бет14/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Тезисы лекции

Сенiмхат. Əдетте, өкілдің өкілеттіктері арнайы құжат-сенімхатта бекітіледі. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уəкiлдiгi сенiмхат деп та- нылады (ҚР АК 167-бап).


Сенімхат беру – біржақты мəміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет жəне жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Мүлiкке билiк жасауға жəне нотариаттың куəландыруын талап ететiн мəмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куəландыруға тиiс. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол 3 жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрестілмесе

    • берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе, ол жарамсыз деп танылады.

Өкілдік алған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады:

Бас (жалпы) сенімхат – ол белгілі бір кезеңге арналып, əртүрлі мəмілелер жасайтын өкілге беріледі, мысалы заңды тұлғаның филиалының басшысына берілген сенімхат, мүлікті пайдалануға берілген сенімхат;



      • арнайы сенімхат – ол біртекті мəмілелер жасайтын өкілге беріледі, мысалы, заң кеңесшісіне сотта іс жүргізу үшін берілген, экспедиторға жүкті қабылдауға берілген;

      • бір жолғы, бір мəрте берілетін сенімхат – ол тек бір əрекет жа- сау үшін беріледі.

Заңда сенімхаттың нысанына белгілі бір қатаң талаптар қойылады. Сенімхаттың құжат болып табылуына орай, ол жазбаша нысанда жа- салуы жəне сенім білдірушінің қол қоюы тиіс. Мүлiкке билiк жасауға жəне нотариаттың куəландыруын талап ететiн мəмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куəландыруға тиiс. Нотариустан тыс, сенімхатты өзге де уəкілетті тұлғалар куəландыра алады. Мұндай сенімхаттар нотариал- ды куəландырылған сенімхаттарға теңестіріледі (ҚР АК 167-баптың 3-тармағы).

Жалақыны, сəлемдемелерді, почталық аударымдарды, авторлардың сыйақыларын, жəрдемақыларды, шəкіртақыларды, почталық корреспонденцияларды алуға берілетін сенімхаттардың но- тариалды куəландырылуы талап етілмейді. Оларды сенiм бiлдiрушi

тұратын жергілікті жердегі əкiмшілік аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдала- ну ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң əкiмшiлiгi куəландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куə- ландырады.

Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уəкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi жəне сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi. Ақша жəне басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.

Байланыс органдарының араласуынсыз, факс арқылы жіберілген сенімхатты үшінші тараптардың түпнұсқа ретінде қабылдайтындығы жөніндегі ереже ҚР АК бекітілген.

Сенімхаттың қолданысы мерзіммен шектелінген. Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұр- лым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады.

Сенімнің ауысуы мынадай жағдайларда орын алуы мүмкін:

а) егер, өкілге сенімхаттың өзінде осындай құқық берілген болса; б) сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғау үшін қалыптасқан

жағдайларға орай сенімді ауыстыруға мəжбүр болса.

Өз өкiлеттiгiн басқа бiреуге берген сенiм бiлдiрiлген адам бұл жөнiнде сенiм бiлдiрушiнi дереу хабардар етуге жəне оған əлгi адам ту- ралы, оның тұрғылықты жерi туралы қажеттi мəлiметтердi хабарлауға тиiс. Бұл мiндеттiң орындалмауынан, сенiм бiлдiрiлген адамға нақ өз əрекеттерi үшiн жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, өз өкiлеттiгiн берген адамның əрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi.

Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi ол негiзге алынып берiлген алғашқы сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн басқа адамға беруi жөнiндегi сенiмхатты, жалақыны, почталық кор- респонденцияны алуды қоспағанда, нотариат куəландыруға тиiс.

ҚР АК 170 бабында сенiмхаттың тоқтатылу негіздерінің тізімі қамтылған. Ең алдымен, сенім білдіруші оның күшін жоя алады, ал өкіл одан бас тарта алады. Сондай-ақ, сенiмхат мерзiмiнiң өтуi,

сенiмхатта көзделген əрекеттердiң жүзеге асуы, өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы, атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы, сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның əрекет қабiлеттiгi жоқ, əрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар- ошарсыз кеттi деп танылуы, сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс бо- луы, оның əрекетқабiлеттiгi жоқ, əрекетқабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.

Сенiмхат берушi сенiмхаттың күшiн жойғандығы туралы сенiм- хат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң алдында өкiлдiк ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi. Сенiмхат АК көрсетiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған реттерде дəл сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да жүктеледi.

Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге дейiн немесе бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған əрекеттерi нəтижесiнде пайда болған құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты бер- ген адам жəне оның құқықты мирасқорлары үшiн үшiншi жақтарға қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды.

Сенiмхат берiлген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенiмхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиiс.


Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Азаматтық құқықтағы мерзiмдерді белгiлеу ҚР АК анық- талған. Заңдармен, мəмiлемен белгiленген не сот тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi.

Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн. Уақыт кезеңiмен белгiленетiн мерзiмнiң өтуi күнтiзбелiк күннен не- месе мерзiмнiң басталуы белгiленген оқиға болғаннан кейiнгi келесi күннен басталады.

Жылдармен есептелетiн мерзiм – мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде бiтедi. Жарты жылмен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады. Жыл тоқсандарымен есептелетiн мерзiмге айлармен есептелетiн мерзiмнiң ережелерi қолданылады. Бұл орайда бiр тоқсан үш айға тең деп есептеледi, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргiзiледi. Айлармен есептелетiн мерзiм – мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде бiтедi. Жарты аймен белгiленетiн мерзiм күндермен есептелетiн мерзiм ретiнде қаралады да, он бес күнге тең болып

есептеледi.

Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, мерзiм сол айдың соңғы күнiнде бiтедi. Апталар- мен есептелетiн мерзiм – мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде бiтедi.

Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе, со- дан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып са- налады. Егер мерзiм қандай да бiр əрекет жасауға белгiленген болса,

ол əрекет мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн орын- далуы мүмкiн.

Алайда, егер бұл əрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мер- зiм осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта бiтедi. Мерзiмнiң соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесiне тапсырылған жазбаша мəлiмдемелер мен хабарламалар мерзiмiнде жасалған болып саналады.


Талап қою мерзімі.ҚР АК 177-бабында талап қою ұғымының анықтамасы берілген. Талаптың ескiруi – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi. Талап қою мерзiмдерi жəне оларды есептеу тəртiбi заңмен көзделедi жəне оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.

Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қою- дың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

Талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады. Талап мерзiмiн сот шешiм шығарғанға дейiн дауда тарап жасаған мəлiмдеме бойынша ғана сот қолданады. Талап қойғанға дейiнгі талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз бо- лады.

Басты талап бойынша талап қою мерзiмiнiң бiтуiне байланы- сты қосымша талаптар (айыптарды өндiрiп алу, кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi жəне т.б. туралы) бойынша да талап қою мерзiмi бiтедi.

Талап қою мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен басталады. Белгiленген орындау мерзiмiне байланысты мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн басталады.

Орындалу мерзiмi белгiленбеген не талап ету кезiмен белгiленген мiндеттемелер бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi мiндеттеменi орын- дау туралы талап қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға

сондай талаптарды орындау үшiн жеңiлдiк мерзiмi берiлсе, талап мерзiмiн есептеу аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн басталады.

Регрестiк мiндеттемелер бойынша талап мерзiмiнiң өтуi негiзгi мiндеттеменi орындау кезiнен басталады.

Талап қою мерзiмiнiң өтуiн тоқтата тұру:

Талап қою мерзiмiнiң өтуi:



  1. егер талап қоюға төтенше жəне бұл жағдайда болмай қоймай- тын оқиға (бой бермейтiн күш) кедергi жасаса;

  2. мiндеттемелердiң бұл түрiн орындау Қазақстан Республикасы Президентiнiң жариялауымен кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):

  3. егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшiрiлген əскери бөлiмшелер құрамында болса;

  4. егер əрекетқабiлеттiгi жоқ адамның заңды өкiлi болмаса;

  5. тиiстi қатынасты реттейтiн заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi азаматтың зейнетақы төлемдерiн тағайындау жəне/немесе жүзеге асыру туралы немесе жəрдемақы тағайындау туралы тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға жəне/ немесе жүзеге асырылғанға немесе жəрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан жəне/немесе жүзеге асырудан немесе жəрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзiмiнiң өтуi, жоғарыда көрсетiлген мəн-жайлар талап мерзiмiнiң соңғы алты айы iшiнде пайда болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзiм алты айдан аспаса – талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға əкелiп соқтырған мəн-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзiмiнiң өтуi одан əрi жалғасады. Бұл орайда мерзiмнiң қалған бөлiгi алты айға дейiн, ал егер талап қою мерзiмi алты айдан аспаса, талап мерзiмiне дейiн ұзартылады.

Талап қою мерзiмiнiң өтуi белгiленген тəртiппен талап қою, сондай-ақ мiндеткер адамның борышты немесе өзге мiндеттердi мойындағандығын дəлелдейтiн əрекеттер жасауы арқылы үзiледi. Үзiлiстен кейiн талап қою мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады; үзiлiске дейiн өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.

Ерекше жағдайларда, талапкердiң жеке басына байланысты мəн-

жайлар (ауыр науқас, дəрменсiз халде болу, сауатсыздық жəне т.б.) бойынша талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмi соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең немесе алты айдан аз болса – талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде таны- лады.

Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуы- на байланысты заң құжаттарына сəйкес талапкердiң тап сол iс бо- йынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi жəне қайтадан өте бастайды.

Талап қою қолданылмайтын талаптар:


  1. заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игiлiктер мен мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау туралы талаптарға;

  2. салымшылардың банкiге банктiк салымдарды беру туралы та- лаптарына;

  3. азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда талап қою мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады;

  4. егер меншiк иесiнiң немесе өзге заң иеленушiнiң өз құқығының кез келген бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмаса, олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына;

  5. заң құжаттарында белгiленген реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.


8-тақырып. Заттық құқық туралы жалпы ережелер. Меншік құқығы туралы жалпы ережелер

Меншік құқығын объективтік жəне субъективтік мағынада қа- растырады.

Объективтік мағынада меншік құқығы меншік қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді (ҚР АК 188-267 баптары).

Субъективтік мағынадағы меншік құқығы ол меншік иесінің өзі- не тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану жəне оған билік ету құқығы болып табылады.



Меншік құқығы дегенiмiз – субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын жəне қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша ие- лену, пайдалану жəне оған билiк ету құқығы (ҚР АК 188-бап).

Меншік құқығының мазмұнын меншік иесінің өзіне тиесілі мү- лікті иелену, пайдалану, билік ету құқықтары құрайды. Осылардың əрқайсысы меншік құқығының міндетті элементі болып табылады.


Меншік құқығының мазмұны:

Иелену

Пайдалану

Билік ету

Мүлiктi iс

Мүлiктен оның пайда-

Мүлiктiң заң жүзiндегi

жүзiнде иеленудi

лы табиғи қасиеттерiн

тағдырын белгiлеудiң

жүзеге асыру-

алудың, сондай-ақ

заңмен қамтамасыз

ды заң жүзiнде

одан пайда табудың заң

етiлуi.

қамтамасыз ету.

жүзiнде қамтамасыз







етiлуi.



Иелену заңды жəне заңсыз болуы мүмкін. Мүлікті заңды түр- де иелену белгілі құқықтық негіздер бойынша жүзеге асырылады. Заңсыз иеленудің құқықтық негізі болмайды, мысалы өзгенің затын зорлап иелену.

Заңсыз иеленуді адал жəне теріс пиғылды деп бөледі. Адал иелену деп иеленуші өз меншігінің заңсыз екенін білмегендігі жəне білмеуі тиіс болған жағдайда туындайды. Теріс пиғылды немесе жосықсыз иелену керісінше иеленуші өз меншігінің заңсыз екенін біледі жəне білуге тиіс болған жағдайда орын алады.

Билік ету өкілеттілігі мүлікпен əр алуан мəмілелер жасай алудан – жалға беру, кепілге қою, мүлікті иеліктен шығарудан көрініс табады. Меншік құқығы заңнамалық актілермен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық жəне өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн. Сондай-ақ меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн

зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

Меншiк иесi, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi жəне бiржақты тəртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет