1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары


Меншік құқығының пайда болуы. Меншік құқығы меншік құқығының пайда болу негіздері деп ата- латын заңды фактілер арқылы пайда болады



бет15/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Тезисы лекции

Меншік құқығының пайда болуы. Меншік құқығы меншік құқығының пайда болу негіздері деп ата- латын заңды фактілер арқылы пайда болады.


Меншік құқығының пайда болу негіздері алғашқы жəне туынды болып бөлінеді.

Меншік құқығына ие болудың алғашқы негіздері болып заттың

бұрын болмағаны немесе оған меншік құқығы ол пайда болмай тұрып немесе бұрынғы меншік иесінің құқығына қарамастан пай- да болғанда орын алады. Бұл əдіске келесілерді жатқызуға болады: жаңадан жасалған мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы, өңдеу, иелену мерзiмi, жинауға не аулауға арналған көпшiлiк қолды заттар- ды меншiкке айналдыру, иесiз заттар, меншiк иесi бас тартқан жыл- жымалы заттар, өз бетiмен салынған құрылыс, олжа.

Туынды меншік құқығының пайда болу негіздеріне реквизиция, тəркілеу, шарттар, мұрагерлік, заңды тұлғалардың қайта құрылуы жа- тады.



9-тақырып. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы заңдардың дамуы.Азаматтардың меншік құқығы. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жəне олардың бірлестіктерінің меншік құқығы. Мемлекеттік меншік құқығы

Меншік құқығын алудың бастапқы əдістері


Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа

меншiк құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиедi.

Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пəтер, саяжай, гараж жəне кооператив осы адамдардың пайдалануына бер- ген өзге де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң меншiк құқығына ие болады.

Салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлiк кешендерi- не, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы осы мүлiктi жасау аяқталған кезден бастап пайда бо- лады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдап алу көзделген болса, онда тиiстi мүлiктi жа- сау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледi.

Қозғалмайтын мүлiк мемлекеттiк тiркелуге тиiс реттерде, оған меншiк құқығы осылайша тiркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлiктi жасау аяқталғанға дейiн, ал тиiстi жағдайларда – оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзгенге дейiн мүлiкке қозғалмайтын мүлiк жасалатын материалдармен басқа мүлiкке меншiк құқығы туралы ережелер қолданылады.



Өңдеу – шартта өзгеше көзделмегендiктен, адам өзiне тиесiлi емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншiк құқығын материалдардың меншiк иесi алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едəуiр асып кетсе, жаңа затқа меншiк құқығын адал жұмыс iстеп, өңдеудi өзi үшiн жүзеге асырған адам алады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, өз материалдарынан дайындалған

затқа меншiк құқығын алған материалдардың меншiк иесi ол зат- ты өңдеудi жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншiк құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншiк иесiне олардың құнын қайтаруға мiндеттi. Өңдеудi жүзеге асырған адамның ықылассыз əрекеттерiнiң нəтижесiнде материалы- нан айрылған меншiк иесi жаңа затты өз меншiгiне берудi жəне өзiне келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Иелену мерзімі – мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жетi жыл бойы, не өзге мүлiктi, кем дегенде бес жыл адал, ашық жəне ұдайы иеленген аза- мат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Мемлекеттiк тiркеуге жататын қозғалмайтын жəне өзге де мүлiкке меншiк құқығы бұл мүлiктi иелену мерзiмiне сəйкес алған тұлғада осындай тiркеу кезiнен бастап пайда болады.

Мүлiкке меншiк құқығын алғанға дейiн оларды өз мүлкiндей иеленушi азамат немесе заңды тұлға өз иелiгiн мүлiктiң меншiк иелерi болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiздерге сəйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшiншi жақтардан қорғауға құқылы.

Иелену мерзiмiне жүгiнетiн азамат немесе заңды тұлғаның өздерi құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелiк еткен уақытының бəрiн өз иелiгiне қосып алуына болады.

Тұлғада болып, оның иеленуiнен талап етiлуi мүмкiн мүлiктер жөнiндегi иелену мерзiмiнің өтуi тиiстi талаптар бойынша талап мерзiмi бiтуiнен ерте басталмайды

Егер тұлғаға сотта оның меншiк құқығын танудан бас тартылған ретте мүлiктi иеленушi тұлға меншiк иесiне айналады.



Жинауға не аулауға арналған көпшiлiк қолды заттарды меншiкке айналдыру заңдарға, жергiлiктi əдет-ғұрыпқа немесе меншiк иесi берген жалпы рұқсатқа сəйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нəрселердi жинауға немесе аулауға жол берiлген ретте, тиiстi заттарға меншiк құқығын оларды жинауды жəне аулауды жүзеге асырған адам алады.

Иесіз заттарды иелену – меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.

Иесiз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмi аппаратының мəлiмдеуi бойынша қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншiктi басқаруға уəкiлдiк берiлген орган иесiз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiне алады.

Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан əрі пайдалану жəне сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уəкiлеттi орган жүзеге асырады.

Сот шешiмi бойынша коммуналдық меншiкке түстi деп танылмаған иесiз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншiк иесiнiң иелiгiне, пайдалануына жəне билiк етуiне қайта қабылдануы, не иеле- ну мерзiмiне орай меншiкке алынуы мүмкiн.



Меншік иесі бас тартқан жылжымалы заттар – меншiк иесi тастаған немесе оларға меншiк құқығынан бас тарту мақсатымен өзгеше түрде қалдырып кеткен жылжымалы заттар (тасталған заттар) басқа адамдардың өз меншiгiне айналдырылуы мүмкiн. Меншiгiнде, иелiгiнде немесе пайдалануында құны жиырма айлық есептiк көрсеткiшке сəйкес сомадан көрiнеу төмен тасталған мүлiк не тасталған металл сынықтары, жарамсыз өнiм жатқан жер учаскесi бар адамның ол заттарды пайдалануға кiрiсiп немесе осы заттарды меншiгiне қаратқандығына куə болатын өзге де iс-əрекет жасап, олар- ды өз меншiгiне айналдыруға құқығы бар.

Басқа тасталған заттар, егер осы адамның арызы бойынша оларды сот иесiз деп таныса, оларды иеленуге кiрiскен тұлғаның меншiгiне кiредi.



Өз бетімен салынған құрылыс заңдарда белгiленген тəртiппен осындай мақсаттарға арнап бөлiнбеген жер учаскесiнде салынған, сондай-ақ қажеттi рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа қора- қопсы, құрылыс, немесе өзге де қозғалмайтын мүлiк өз бетiмен салынған құрылыс болып табылады.

Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге – сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мəмiлелер жасауға құқығы жоқ. Өз бетiмен салынған құрылыс, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс.

Өзiне тиесiлi емес жер учаскесiне құрылысты жүзеге асырған

адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адам- ға белгiленген тəртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.

Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесi өзiнiң заңды пайдалануында болған адамның өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануы мүмкiн. Бұл ретте құрылысқа меншiк құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамды сот белгiлеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейдi.

Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға əкелiп соқтырса не азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, аталған адамдардың өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануға болмайды.

Ерекше жағдайларда əлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгi ескерiле отырып, өз бетiнше салынған құрылыс сот белгiлеген мөлшерде құрылыс шығындары өтелiп, коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн. Олжа – жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншiк иесiне немесе оны алуға құқығы бар өзiне белгiлi басқа адамдардың бiреуiне дереу хабарлауға жəне

табылған затты оған қайтаруға мiндеттi.

Егер зат үй-жайдың iшiнде немесе көлiкте табылған болса, ол сол үй-жайдың немесе көлiктiң иесi болып табылатын адамға тапсырылуға тиiс. Мұндай ретте осы иеленушi затты тапқан адамның құқықтарын иеленiп, оның мiндеттерiн мойнына алады.

Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзi немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, затты тауып алушы олжа туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмдеуге мiндеттi.

Затты тауып алушы оны өзiнде сақтауға не iшкi iстер органдары- ның, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмi аппаратының немесе олар көрсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететiн шығындар оның құнына сəйкес келмейтiн затты та- уып алушы түсiм сомасын растайтын жазбаша дəлелдемелер алып, сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға жəне зат- ты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуға немесе бұл заттың өзi үшiн белгiленген тəртiп пен жағдайларда басқа адамдардың меншiгiне берiлуге тиiс.

Егер олжа туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы ау- дан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса жəне затқа өзiнiң құқығы туралы оны тапқан адамға не iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмделмесе, затты тауып алушы оған меншiк құқығын алады.

Егер затты тауып алушы тапқан затын меншiгiне алудан бас тарт- са, ол коммуналдық меншiкке өтедi.

Қараусыз жануарлар – қараусыз немесе қаңғып жүрген малды жəне басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарлар- ды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шарала- рын қолданады.

Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарлар- ды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында жəне пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды жəне оларға жануарларды берудi қаладағы ау- дан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.

Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мəлiмдел- ген кезден бастап алты ай iшiнде жəне басқа үй жануарлары жөнiнде


    • екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса жəне оларға өзiнiң құқығы туралы мəлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жану- арларды баққан жəне пайдаланған адамға көшедi.

Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi жəне тиiстi қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппараты белгiлейтiн тəртiп бойынша пайдаланылады.

Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi

сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дəлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттар- мен, ал келiсiмге келмеген кезде сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

Көмбе, яғни жерге көмiлген немесе басқа əдiспен жасырылған, меншiк иесiн анықтау мүмкiн болмайтын не заңдарға сəйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесi иесiнiң немесе қозғалмайтын зат- ты меншiктенушiнiң жəне көмбенi тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, меншiгiне тең мөлшерде түседi.

Көмбе жасырылған жер учаскесiн пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушiнiң келiсiмiнсiз қазған немесе бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi тауып алған жағдайда көмбе сол меншiк иесiне берiлуге тиiс.

Тарих жəне мəдениет ескерткiштерiне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлуге тиiс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесiн пай- даланушы немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушi жəне көмбенi тапқан адам осы көмбе құнының елу процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында АК көзделген ережелер қолданыла отырып бөлiнедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет