1-тақырып. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері. Азаматтық құқықтық қатынастары


Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi (виндикациялық талап)



бет17/22
Дата27.10.2019
өлшемі291.74 Kb.
#447322
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Тезисы лекции

Меншiк иесiнiң мүлiктi өзгенiң заңсыз иеленуiнен талап етуi (виндикациялық талап)


ҚР АК 260-бабына сəйкес меншік иесі өзгенің заңсыз иелігіндегі өзінің мүлкін талап етуге құқылы. Иеленбейтін меншік иесі, сондай- ақ меншік иесі емес болса да, мүлікті заңға немесе шартқа (мысалы, жалға алушы, сақтаушы) орай алатын тұлға талап қоюшы бола ала- ды. Ол өзінің аталған мүліктің меншік иесі екендігін, өзінің меншік құқығының бұзылғандығын жəне жауапкердің осы мүлікті заңсыз иеленетіндігін дəлелдеуі тиіс.

Заңсыз иеленуші тұлға жауапкер болып табылады. Заңсыз ие- ленудің құқықтық негізі болмайды. Ол мысалы, адамның ұрлық, көмбені өзіне меншіктеуі арқылы өзгенің затын өз бетінше иеленген ретте, сондай-ақ мүлікке билік етуге құқығы жоқ өзге тұлғадан затты алған реттерде туындайды.

Виндикациялық талаптың пəні өзгенің заңсыз иелігіндегі өзінің мүлкін қайтаруды талап етуі болып табылады. Осы ретте, меншік иесінің иелігінен шыққан мүлік заттай сақталуы тиіс. Міне, осылай- ша, меншік иесіне тиесілі болған тек жеке-дара анықталған затты ғана талап етуге болады. Егер аталған зат жойылған, қайта өңделген немесе тұтынылған болса, онда меншік құқығы оған тоқтатылды деп саналады жəне оны талап ету мүмкін емес. Мұндай жағдайда меншік иесі өзге талапты қою арқылы өзінің құқығын қорғай алады. Мысалы, келтірілген зиянды өндіріп алу туралы талап-арыз.

Заңсыз иеленуші өзінің адал немесе адал емес иеленуші екендігіне қарай меншік иесінің алдында əралуан жауаптылыққа тартылады. Өзінің заңсыз алғандығын білмесе жəне білуге тиіс болмаса, онда заңсыз иеленуші адал деп танылады. Ал, заңсыз иеленгендігін білген немесе білуге тиіс болған тұлға адал емес иеленуші деп танылады.

Адал емес иеленушіден затты барлық жағдайда алып қоюға бо- лады. Өйткені ол өзгенің затын заңсыз жолдармен иеленген. Адал

иеленушіге қатысты заңда виндикациялаудың бірқатар шектеулері қарастырылған. Меншік иесінен заттың қалай шыққаны жəне мүлік- тің ақылы не ақысыз алынғандығы ескеріледі.

Біріншіден, егер адал иеленуші мүлікті ақысыз алған болса, онда меншік иесі затты барлық жағдайда алып қоя алады. Егер мүлiкті адал иеленуші ақылы алса, мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.

Мүліктің меншік иесінің еркінен тыс шығуы мұны меншік иесінің кінəсіне қоюға болмайтындығын білдіреді (мысалы, өрт, су тасқыны). Мүлік меншік иесінің иелігінен оның еркімен шыққан рет-

те мəселе басқалай шешіледі. Мысалы, меншік иесі мүлікті жалға берсе, ал жалға алушы оны адал иеленушіге сатып жіберсе, онда меншік иесінің ондай иеленушіге қойған виндикациялық талабы қанағаттандырылуға жатпайды.

Аталған ережелер ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға бол- майтын жағдайларға қолданылмайды. Виндикациялаудың бұл шектеулері азаматтық айналымға қатысушылар тарапынан айналым құралы ретіндегі оларға жоғарылатылған сенімді қамтамасыз ету мақсаттарында енгізілген.

Сондай-ақ, егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тəртiп бойынша сатылған болса, мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi. Өйткені бұл ретте мүлік меншік иесінен мəжбүрлі түрде алынады жəне сот орындаушысы арқылы сатылады.

Өнімдер мен кірістердің заңи тағдыры иеленушінің адал немесе адал еместігіне қарай айқындалады. Мысалы, адал емес иеленуші заңсыз телену кезіндегі алған барлық өнімдері мен кірістерін меншік иесіне қайтаруға немесе өтеуге міндетті болады. Ал адал иеленуші өзінің иеленуінің заңсыз екендігі жайлы білген немесе меншік иесінің талап-арызы бойынша сотқа шақыру қағазын алған сəттен былайғы кірістерін қайтаруға міндеттенеді. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы.



Жақсартулар деп мүлікті сақтау үшін қажетті болмағанымен,

заттардың сапасын арттыратындығы, оның құнын ұлғайтатындығы себепті пайдалы сипатқа ие болатын шығындарды атауға болады.

Егер жақсартулар ажыратылатын болса, онда иеленуші оларды өздеріне қалдыра алады. Ал ажыратылмас жақсартуларды жүргізген ретте адал иеленуші меншік иесінен өзінің оларды жүргізуге кеткен шығындарын талап ете алады. Ал заңсыз иеленуші мұндай талаптар- ды қоя алмайды.

Мүлікті иеленуден айыруға байланысты емес, мүлікті пайда- ланудағы кедергілерді жою туралы талап (негаторлық талап)


Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байла- нысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды та- лап етуге құқылы. Мұндай талап негаторлық талап деп аталады жəне меншік иесінің пайдалану жəне билік ету сияқты өкілеттіліктерін қорғауға мүмкіндік береді.

Мұндай талапты қою құқығы меншік иесіне жəне титулды иеленушіге тиесілі болады жəне олар затты иеленгенімен, пайдалану жəне билік ету мүмкіндіктерінен айырылған ретте орын алуы мүмкін. Өзінің құқыққа қайшы əрекетімен меншік иесіне тосқауыл жасайтын тұлға жауапкер ретінде танылады. Меншiк иесi құқықтарын иелену- ден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғауды, мысалы, жауапкер меншік иесінің өз участогіне өтуіне кедергі келтіретін шарбақ салған, жарықтың түсуіне кедергі келтіретін ағаш отырғызғанда, баспалдақты заттармен толтырып тастағанда жəне т.б. талап ете алады. Сондай- ақ, меншік иесі егер, мүлікке тыйым салу барысындағы тізімге өзінің мүлкі заңсыз енгізілген ретте де не банктік шоттағы ақша қаражатына билік етуге заңсыз шектеу қойылған реттерде өзінің мүлкіне билік етуі қиындай түседі.

Негаторлық талапты қою меншік құқығының бұзылуы мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін де орын алуы мүмкін. Мысалы, меншік иесі санитарлық нормаларды бұзып салынып жатқан ғимарат құрлысына тыйым салуды талап етуге құқылы. Егер, келтірілген тосқауылдар мен бірге меншік иесіне мүліктік залалдар келтірілсе, онда ол қосымша міндеттемелік-құқықтық талаптар қоя алады.

Меншiк иесi құқықтарын иеленуден айыруға байланысы жоқ бұзылудан қорғауды талап етуге талап қою мерзімдерімен шектелінбеуі де аса маңызды мəн-жай болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет